Дипломатия, дипломат және халықаралық келіссөздердің мәні
Автор: eraliamandyk • Февраль 1, 2023 • Реферат • 289 Слов (2 Страниц) • 293 Просмотры
ТАҚЫРЫП №1 Кіріспе. Дипломатия, дипломат және халықаралық келіссөздердің мәні
«Халықаралық келіссөздер» ұғымы дипломатияда нық бекіген ұғым, өйткені келіссөздер дипломатиялық қызметтің тқғыры. Халықаралық келіссөздер тарихы дипломатия тарихы екендігі, ресми дипломатиялық қызметтің басқа нұсқалары мен келіссөздерге қатысты бағынышты орында болатындығы сараланады.
Келіссөздерді мемлекетаралық өарым-өатынастардағы өайшылықты жағдайларда саяси мәмілеге қол жеткізудің шеберлігі мен ғылымы ретінде де қарастыруға болады. Сонымен бірге халықаралық келіссөздер әр түрлі елдер өкілдерінің арасындағыпікір алмасу мақсатындағы, өзара мүдделі мәселелерді шешудегі, алауыздықты реттеудегі, әртұлі саладағы ынтымақтастықты дамытудағы, халықаралық келісімдерді дайындау және жасасу барысындағы негізгі байланыстардың бәрә екендігі дәйектеледі.
«Дипломатия» сөзіне түсінік. Г. Николльсонның дипломатия сөзінің мәнін айқындауы. Дипломатия сөзінің анықтамасы. «Дипломатия» ұғымының халықаралық қақтығыстардың алдын алу немесе реттеу, өзара тиімді шешімдер мен мәмілеге келу, сондай –ақ халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және тередете түсу мақсатында келіссөздер жүргізу өнерімен де байланыстыруы.
Бүгінгі таңда, халықаралық қатынастарда дипломатияның алатын орны ерекше. Әлем кардиналды түрде өзгерді. Соғыс саясаттың жалғастырушысы болмайтын болды. Халықаралық аренада ХХI ғасырда әлем дамуының жолдары күнделікті талқыланып жатыр.. Сол себепті, дипломатия халықаралық қақтығыстарды тойтару немесе реттеу мақсатында келіссөздер жүргізу өнерінің, компромистер мен өзара тиімді шешімдерді табу, сонымен . қатар, әртүрлі сфераларда халықаралық ынтымақтастықты тереңдету мен кеңейтудің қайнаркөзі болып табылады. Н.Ә.Назарбаев өзінің Сындарлы оны жыл кітабында былай дейді: Қазіргі тарихтың кестесі мейілінше тығыз. Бұрындары жүзжылдықтар мен онжылдықтарға созылатын іс . бүгіндері қас қағымда атқарылады. Қазір мемлекеттердің басшылары мен президенттері күн сайын кездесіп жатады, ал кезінде тіпті көрші державалардың билеушілері бір.бірімен ешқашан кездеспеген немесе кездескен күнде де белгілі бір биліктің, яки мемлекеттің жаңғыруы себепші болып отырған. Бүгінгі таңда жаңа мемлекеттер мен одақтар ай сайын бой көтереді десе де болады, ал олардың түбегейлі еңсе көтеріп, құрылымын орнықтыруы үшін санаулы.ақ жылдар қажет.
...