Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Психология ғылым ретінде. Психикалық қызмет туралы түсінік

Автор:   •  Сентябрь 25, 2021  •  Реферат  •  849 Слов (4 Страниц)  •  596 Просмотры

Страница 1 из 4

1 Тақырып: Психология ғылым ретінде. Психикалық қызмет туралы түсінік.Жеке тұлғаның негізгі психикалық процестері, қасиеттері мен жай-күйі.Психология салалары. Психология әдістері.

Психология пәнінің мақсаты мен міндеттері

Психология пәні. Психикалық құбылыстарды зерттеп, оның сыр сипатын ашып көрсету. Күнделікті өмірдегі психикалық құбылыстар мен ғылыми психология арасындағы айырмашылықтар және оларды өзара салыстыра отырып ерекшеліктерін талдау. Психологиялық ғылыми зерттеу нәтижелерінен мысалдар келтіру арқылы олардың теориялық және қолданбалы мән-жайын көрсету.

Психология ғылымының табиғи және қоғамдық сипаты. Психологиялық білімінің өзіндік ерекшелігі. Психология – субьектінің (адам мен жануарлардың) іс-әрекеттерін, тіршілік ету нәтижелерін және амал-тәсілдерінің құрылымын бейнелейтін ғылым.

Психика туралы жалпы түсінік-жанды нәрселердің болмыстағы шындықты бейнелеудегі өзіндік формасы. Жанды және жансыз нәрселердің болмысты бейнелеу ерекшеліктері. Психика – объективті болмыстың субъективті бейнесі, психиканың бағдарлаушы және реттегіштік қызметі. Саналы әрекет пен санасыздық.

Психология пәніне берілген анықтаманың әр түрлі кезеңдерде түсіндірілу сипаттары. Психология ғылымының философия мен жаратылыстану ғылымдарынан дамып шығуы. Психология ғылымының тарихында психиканың дамуы жайындағы материалистік және идеалистік бағыттарының күресі. Психиканың табиғаты туралы механикалық көзқарастарға сын. Биология ғылымының ми мен тірі организмнің мінез-құлқын зерттеп, адам мен хайуанаттардың іс-әрекеттерін тіршілік бейнесін талдауда қолданылатын ұғым-түсініктерді іздестірудің қажеттілігі. Қоғамдық тарихи тәжірибенің маңызы.

Психологиялық қызмет - адамдарға мамандандырылған деңгейде психологиялық көмек көрсету үшін мекемелер мен ұйымдарда құрылған арнайы қызмет жүйесі. Психологтың мүмкіндіктері — клиенттің өтініші бойынша мәселелердің іс жүзінде шешуге психолог-кеңесшінің қабілетті не қабілетсіздік мүмкіндіктерінің тізімі. Психологиялық кешен — адамның өзінің физикалық және психологиялық кемшіліктері туралы қате (жаңсақ) пікірі. Мұндай пікірлер адам өзінің кемшіліктерін уайымдап, басқа адамдардан жасырын түрде ойлап, оларды асыра бағалауында көрініс береді. Моральдық-этикалық талаптар — практикалық психологтың моральдық-этикалық кодексіне сәйкес психолог-кеңесшінің жұмысына байланысты талаптар. Бұл кодекстің ережелерінен психологтың әрекеттері ауытқығанда, психолог моральды, кей жағдайларда заңды түрде қоғам мен әріптестерінің алдында жауапкершілікке тартылады.

Психологиялық процестреге келетін болсақ, оның мына түрлері болады:танымдық,эмоцианалды,еріктік.

Танымдыққа зейін, түйсік, қабылдау, есте сақтау, ойлау,сөйлеу, қиял осылар жатса; эмоциональдыққа сезім, эмоция, аффект, стрессті қамтиды. Алеріктілікке мақсатқұмарлық, табандылық, жауапкершілік, сенім, жігерлік, батылдықты кіргіземіз.

Адамның психикалық қасиеттерін құрастыратын: 1) жеке тұлғаның бақыты; 2) темперамент; 3) мінез; 4) қабілет. Әр адамның өзгешелігі көптеген себептерге байланысты – ең алдымен айналысқан іс-әрекетке, от басындағы тәрбиеге мектептегі тәрбиеге және басқа да өмірлік жағдайларға. Ал психикалық процестерге жататын – түйсік, қабылдау, ес, қиял, ойлау, зейін. Эмоциялық қасиеттер – сезімдер. Жігерлік қасиеттер – ерік. Нақты іс-әрекетте психикалық процестер тығыз байланысып жатады да оларға адамның психикалық қасиеттері нақты әсер етеді. Сол байланыстардың ішінде жеке тұлғаның бағыты ерекше маңызды орын алады. Жеке тұлғаның бағыты – көзқарас, пікір, қажеттіліктер, қызығулар, бейімділік, іс-әрекет пен тәртіптің негізін салатын себептер, әдет және дағдылардан құрастырылады да солардан көрінеді. Бұлар өмір бойы қалыптасатын болады.

...

Скачать:   txt (13.7 Kb)   pdf (80.3 Kb)   docx (10.6 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club