Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әлеуметтік педагог

Автор:   •  Февраль 13, 2023  •  Доклад  •  513 Слов (3 Страниц)  •  194 Просмотры

Страница 1 из 3

        Әлеуметтік педагог – баланың қажеттілігі, қызығушылығы, тұрғылықты жері бойынша отбасындағы даму жағдайын зерделейтін маман. Оның қызметінің негізгі бағыты: диагностикалау (зерделеу), алдын алу, ағарту, әдістемелік құралдар, кеңес беру, түзету-дамыту жұмыстары, балалардың заңды мүдделері мен құқығын қорғау жұмыстары. Сондықтан әлеуметтік педагогтің негізгі жұмысы ерекше білімді қажет ететін балаларды дұрыс әлеуметтендіруге бағытталуы керек. Олардың денсаулығын сақтау және нығайту, дамуы және мінез-құлқындағы ауытқушылықты ескеру, психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау, білім беру мекемесі мен қоршаған ортада жағымды жағдайды қалыптастыру. Балаға уақытылы көмек көрсету, білім беру барысындағы барлық балалардың жағдайын анықтау және іс-әрекетін түзеу – әлеуметтік педагогтің басты қызметі. Түрлі бағыттағы жұмыс мазмұнында өзіндік ерекшеліктері болатанын да естен шығармаған жөн.

        Әлеуметтік педагог ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу үшін қандай қызметтер атқара алады?

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалрдың өз-өзіне қызмет көрсету қабілетін жетілдіру – баланың физикалық, психикалық, зияткерлік, тілдік және басқа да даму ерекшеліктеріне қарамастан түзете дамыту. Мақсаты – интеллектуалды жетіспеушілік, психикалық дамуының тежелуі, жеңіл және орта деңгейдегі ақыл-ой кемістігі, қимыл-қозғалыс мүшелерінің кемтарлығы, сөйлеу қабілетінің бұзылуы, эмоциональдық көңіл тұрақсыздығы орын алған балалармен жұмыстану. Ол үшін  артикуляциялық аппаратты, фонематикалық дыбыс шығаруды,  қимыл-қозғалыстарды дамыту, ойлау қабілеттерін толықтырып, өзін қоршаған ортаға бейімділігін  қалыптастыру  сынды міндеттері жүзеге асырылады. Мысалы, «Менің отбасым» тақырыбындағы суреттер мен көрнекіліктерді пайдалану арқылы баладан өз отбасы туралы мәлімет беру. «Ата», «әже», «әке», «ана» т.б. туыстық атауларды  атап үйрету немесе жетілдіру. Түрлі-түсті легодан өз үйін тұрғызу. «Бұл кім?»  деген сұрақтар қою.

...

Скачать:   txt (6.8 Kb)   pdf (43.2 Kb)   docx (8.8 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club