Қазақстандағы әлеуметтік қауіпсіздіктің заманауи күйі
Автор: Altynai97 • Февраль 3, 2018 • Реферат • 877 Слов (4 Страниц) • 2,069 Просмотры
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Философия және саясаттану факультеті
Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы
|
СӨЖ
Эссе
Қазақстандағы әлеуметтік қауіпсіздіктің заманауи күйі
Оқытушы: Авсыдыкова Қ.А.
Студент: Байдаулет Алтынай
Мамандығы: Әлеуметтік жұмыс
2017– 2018 оқу жылы
Еліміз үшін мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық саласын жетілдіру арқылы әрбір қазақстандықтың тұрмыстық жағдайын мейлінше жақсарту айрықша маңызды. Әлемнің көптеген елдері сияқты Қазақстан да БҰҰ мыңжылдық Декларациясына қол қойды және сол арқылы даму жолын сызып, қазіргі кезде жеті мақсат қойып, оның екеуіне қол жеткізді. Қазіргі кезде, бүгінгі күнге қойған негізгі мақсаттарының бірі күнкөріс минимумынан төмен табысы бар халықтың үлеін сан жағынан азайту болып табылады.
Елбасының айтуы бойынша, мемлекет «әлеуметтік саланы, білім беруді және экономиканы дамыту бойынша шараларды сыртқы әсерлерсіз жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болса, өз азаматта-рын баспанамен, азық-түлікпен, жұмыспен қамтамасыз етіп, олардың азаматтық құқықтары мен жеке еркіндігін қорғай алса», онда бұл мемлекет әлеуметтік қауіпсіздік жағдайында.
Әлеуметтік қауіпсіздік стратегиясы адамдар мен қоғамның жан-жақты дамуы үшін жағдайлар жасау және алуан түрлі әлеуметтік топтардың белгілі бір құқықтық қалпын сақтау мен қолдауға, адамдардың әлеуметтік жағынан қорғалуын қамтамасыз етуге байланысты мемлекеттің іс жүзіне асыратын кешенді шаралары болып табылады.
Қазіргі таңда, Қазақстандағы әлеуметтік қауіпсіздіктің заманауи стратегиясы үш түрлі бағытта дамиды. Олар, Әлеуметтік ынталандыру бағыты; Әлеуметтік қамсыздандыру бағыты; Әлеуметтік бейімделу бағыты арқылы жүзеге асады.
Қазақстандық тәжірибеде «әлеуметтік қауіпсіздік» түсінігі тікелей анықталатын заңнамалық құжаттар жоқ. Дегенмен, мамандардың ойынша, көптеген мемле-кеттер үшін, соның ішінде Қазақстан үшін, әлеуметтік қауіпсіздік әскери қауіпсіздіктен кем емес маңыздылыққа ие болуда. Әлеуметтік қауіпсіздік елде қазіргі кездегі және болашақта болуы мүмкін ұлттық мүдделерге жауап беретін, жеткілікті жоғары өмір стандарттарының, әлеуметтік қамсыздандырылудың, білім берудің, денсаулық сақтау саласының бар болуын, қоғамның позитивті құндылықты бағытталуын қалыптастыру және дамытуты ұйғарады. Оны толықтай ашатын болсақ:
1)Ынталандыру стратегиясы – барлық әлеуметтік топтардың өз мүдделерін білдіруіне, қандай да бір өздерінің әл-ауқатына қатысты мәселелерді шешуге мүмкіндіктер беретін жағдай жасауына байланысты стратегия болып табылады. Сайып келгенде ынталандыру стратегиясы халықтың, ұйымның, отбасының өзін-өзі дамытуға деген күшін жандандыруға бағытталады. Бұл стратегия экономикалық саясатқа қолдау көрсетеді, экономиканы жеңілдету мен реформалаудың қуат көзі болып табылады. 2) Әлеуметтік қамсыздандыру стратегиясы – қоғам мүшелеріне әлеуметтік кепілдіктер беруге, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер тарапынан жәрдемге мұқтаж топтар әлеуметтік қорғауға бағытталады. Ол экономикалық саясаттың келеңсіз зардаптарын азайтуды экономикалық тиімділікпен әділеттілікті ұштастыруды мұрат тұтады. 3) Әлеуметтік бейімделу стратегиясы - әр түрлі топтарға өзінің тұрмыс жағдайымен, әсіресе, экономика саласында шапшаң өзгеріп отыратын нақтылы ахуалды ескере отырып әл-ауқатты қалыптастырудың өзіндік нұсқауларын таңдау үшін жағдай туғызуға бағытталады. Өтпелі кезеңде бұл стратегияның ішінде ынталандыру стратегиясының рөлі шұғыл арта түседі. Өйткені бұл стратегия әлеуметтік саясат құралдары арқылы экономиканы реформалауда жәрдем жасайды. Әлеуметтік қауіпсіздік стратегиясы экономикаға мемлекеттік реттеудің маңызды бағыттарының бірі қатарында қоғамның тұрмыс халінің жоғары деңгейде болуына және одан әрі дами түсуі үшін жағдай жасайтын құрал болып табылады
...