Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әдіснамалық тұрғылар: құзіреттілік, әлеуметтік, іс-әрекеттік, аксеологиялық

Автор:   •  Февраль 13, 2018  •  Реферат  •  1,187 Слов (5 Страниц)  •  1,186 Просмотры

Страница 1 из 5

1. 1. Әдіснамалық тұрғылар: құзіреттілік, әлеуметтік, іс-әрекеттік, аксеологиялық.

Құзіреттілік тұрғыда білім мазмұнында оқушыларға пайдалы мәліметтердің берілуі, оны өз тәжірибесінде пайдалана алуы, іс-әрекетінің нәтижесіне жетуге талпынуы. Мектептегі оқытудың негізгі мазмұны білім беру қызметінің нәтижесі ретінде оқушының төмендегідей құзіреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған: денсаулық сақтау құзіреттілгі, коммуникативтік-тілдік құзіреттілік, танымдық құзіреттілік, шығармашылық құзіреттілік және әлеуметтік құзіреттілік тұрғысынан қарастырылуымен құнды.

    Әлеуметтік тұрғыда оқушының өзін қоршаған ортадағы әлеуметтік қатынастарға түсе алуы, әлеуметтік ортаға бейімделе алуы, яғни, отбасында ата-аналары, туған-туыстарымен, мектепте құрбыластары, мұғалім мен басқа да мамандармен бірлескен іс-әрекет нәтижесіне жете білуін қамтамасыз етеді.

   Іс-әрекеттік тұрғыда оқушының және педагогтің өздігінен алдына мақсат қоя отырып іс-әрекетті жоспарлап алуы, ұсынылған тапсырмаларды өнімді, нәтижелі орындауы. Білім мазмұнын меңгертуге ықпал етіп, оны жүзеге асыруға жағдай туғыза білуі. Мектептегі педагогикалық үдерістің негізінде білім, білік, дағдыларды қалыптастыру, өзара әркеттестікте болу және қарапайым өмірлік дағдыларды қалыптастыруда оқушылардың іс-әрекетінің тиімді ұйымдастырылуы. Іс-әрекетте нәтижеге жетудің жолдарын таңдау, іс-әрекетті арнайы ұйымдастыру, реттеу, бақылау жасау, өзіндік талдау және оның нәтижесінің бағалануы білім мазмұнын жаңартуға ықпал етудің қайнар көзі болып табылады.

    Аксеологиялық тұрғыда білім мазмұнын жаңартудың адамгершілік құндылықтарға негізделуі, оқушының бойында жағымды мінез-құлық қалыптастыру, әдептілікке, инабаттылыққа, сыпайылыққа тәрбиелеу, ұжымда өзін еркін сезіне білу, өз орнын білу, қоғамдық орындарда әдептілік сақтау және мұғалімнің оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру барысында оқушының өмірінің құндылығын сезінуі, оларды сүйе білуі, жалпыадамзаттық құндылықтармен қатар ұлттық құндылықтарды түсіне білуге тәрбиелеуге баса назар аударуға негіз болады.

 2. Ғылыми мәселе және зерттеу тақырыбын таңдау, зерттеудің ғылыми болжамы.

Ғылыми мәселе және зерттеу тақырыбын таңдау. Ғылыми мәселе дегенiмiз не? Педагогикалық процесс өте өзгермелi, күрделі және әрқилы. Егер, бiз нақты зерттеу жұмысына байланысты айтатын болсақ, зерттеу сомасын анықтап, (тұтас күрделiлiгi) дәл зерттеу нысанасын айқындап алу керек. Ол үшiн тұтас педагогикалық процесті қарау мiндет, ең қарапайымның өзi күрделi зерттеулерге барабар. Егер одан қанағаттанарлық нәтиже күтетiн болсаңыз онда зерттеу мәселесін нақты белгiлеп алудан бастау керек.

Зерттеу жұмысының нәтижесiз болуы – мәселенің дұрыс қойылмауынан. Мәселені анықтап алу үшiн бұрыннан белгiлi бiлiм негiзiнде мәлiметтерге сүйене отырып ендi ненi танып бiлу керектiгiн анықтап алу керек, яғни ол туралы бiлмеу ғана емес оны сезiну, тану қажет, сондай-ақ жаңа мiндеттердi шешу қажеттiлiгi тәжiрибенiң талаптарынан және әлеуметтiк тапсырысқа сәйкес аталған ғылыми мәселені осы ғылымның әдiстемесi негiзiнде шешу көзделедi. Тәжiрибе, мәселенің негiзгi дерек көзi болып табылады. Кез–келген ғылыми жұмыста зерттеу мәселесін таңдау өте маңызды. бұл процеске өте жауапкершiлiк пен ақыл-ой қызметi, белсендiлiк қажет.

Ғылыми жұмыстың тақырыбын анықтау кезеңiнде зерттеу проблемасы да айқындалады. Тақырып - ол зерттеу саласын анықтайды. Ол мәселеге қарағанда кең, ауқымды. Бiр тақырып төңiрегiнде бiрнеше мәселе туындауы мүмкiн. Бұл жалпы педагогикалық процесс барысында белгiлi бiр зерттелетiн аспект, арнайы өзара байланыс болатынын көрсетедi. Ғылыми жұмыс қандай мәселені шешу қажеттiлiн анықтап алудан басталады. Ол үшiн ғылыми теориялық әдебиеттерге талдау жасап, оған дейiн қандай жағдайда не шешiлген, қандай мәселенi шешу керектiгiнен туындайды. Зерттеу жұмысының мәселесінің дұрыс шешiлуi зерттеу кезеңдерiне де байланысты. Мәселені шешу үшiн оған сұрақ қойып, оның шешу жолын анықтайды. Мәселе анықталғаннан кейiн библиографиялық тiзiм құрылып, оны әртүрлi аспект тұрғысынан оқып үйрену қажет. Мәселені анықтаған кезде зерттеу жұмысының басты бағыты, жетекшi идеясы қоса анықталады. Ол мәселені қандай бағытта оқып-үйренудi және болжамы қалай болатынын анықтауға байланысты. Педагогикалық зерттеулердің негізгі ұғымдары:

...

Скачать:   txt (18.2 Kb)   pdf (118.9 Kb)   docx (16.9 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club