Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Автор:   •  Февраль 27, 2018  •  Курсовая работа  •  6,889 Слов (28 Страниц)  •  1,571 Просмотры

Страница 1 из 28

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

«Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы»

           

         

Орал-2012

Жоспар:

Кіріспе

І. Батыс Қазақстан облысына сипаттама:    

 1.    Өңірдің    экономикалық дамуы  

2.     Өңірдің      әлеуметтік       дамуы

 Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

     Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық  құрылымы бұрын – сонды болмаған күделі өзгерістерге ұшырап отыр. 2012 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламентінің бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында: «Қазақстан жолының жаңа кезеңі - экономиканы нығайтудың, халықтың әл-ауқатын арттырудың жаңа міндеттері. Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы теңгерімін табу - өмірлік маңызды нәрсе. Бүгінгі әлемде бұл - әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың түбегейлі мәселесі. Бұл таяу онжылдықтардағы Қазақстан дамуының басты бағыты. Әлеуметтік жаңғырту - бұл жаңа Парламент пен Үкіметтің, Қазақстанның барлық жауапты күштерінің - партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, шығармашылық және кәсіби одақтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, Қазақстанның барлық патриоттары қызметінің темірқазық мәселесі. Барша қазақстандықтарды белгіленген барлық міндеттерге қол жеткізу жөніндегі жұмыстарға аса белсенді қатысуға шақырамын!» деген болатын. Елбасының бұл сөздері әлеуметтік экономикалық даму қазіргі таңдағы өзекті мәселелерінің бірі екендігін көрсетіп отыр. Осыған орай ғылыми жұмыстың мақсаты Батыс Қазақстан облысының 2005-2012 жылдар аралығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының статистикалық деректеріне сүйене отырып, елбасымыздың өз жолдауында берген тапсырмасының облысымызда қандай деңгейде жүзеге асырылып жатқандығын талдау. Бұл мақсатты жүзеге асыруда алға қойған негізгі міндеттер:

Батыс Қазақстан облысының экономикалық салаларының даму көрсеткіштерін қарастыру және салыстырмалы талдау жасау;

Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік дамуындағы өзгерістерді саралау, оның жетістіктері мен кемшін тұстарын айқындау.

Болашақта жүзеге асырылуға тиісті басымдықтарды анықтау.

І. Батыс Қазақстан облысына сипаттама

 1. Өңірдің экономикасы

Батыс қазақстан Облыстың экономикасының негізгі бағыты. Батыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының батыс бөлігінде орналасқан. Облыс аумағы 151,3 мың шаршы шақырым немесе республика аумағының 5,6%-ын құрайды. Халқының саны 603,6 мың адамды немесе Қазақстан халқының 3,7%-ын құрайды. Облыс Ресейдің бес облысымен шекаралас жатыр: Астрахан, Волгоград және Саратов, Самара, Орынбор және Қазақстанның екі облысы: Ақтөбе және Атырау облыстары. Облыс орталығы – Орал қаласы. Облыстың әкімшілік-аумақтық бөлімі екі қаланы (Орал қ., Ақсай қ.), 12 әкімшілік ауданды, 4 селоны, 472 ауылды құрайды. Облыс аумағы газ және газ конденсатына, мұнайға, борат кендеріне, жанатын тақта тастарына, калий-магний тұздарына, әктас түрлеріне, цемент шикізатына, борға, керамзит сазына, құрылыс және аллювиалды құмға бай.

Әлем бойынша құрлықтағы ең ірі мұнай-газ учаскелерінің бірі – Қарашығанақ Ақсай қаласының маңында орналасқан.  Бұл кен орны 280 шаршы ш. ауданды алып жатыр. Кен орнының қоры 1,35 трлн. текше м. газды  және мұнай және газ конденсатының 1,2 млрд.тоннасын құрайды. Сұйық көмірсутек шикізатының алынатын қоры шамамен 320 млн.тонна және газ қоры  450 млрд. текше м. құрайды.

Облыстың Ақжайық ауданында «Сатимола» бор-калий тұздарының кен орны игерілуде, мамандардың болжамдары бойынша қор 150 жылға дейін жетеді.

...

Скачать:   txt (94.3 Kb)   pdf (289.6 Kb)   docx (44.3 Kb)  
Продолжить читать еще 27 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club