Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Халел Досмұхамедовтың педагогикалық – ағартушылық идеялары және әлеуметтік көзқарастары

Автор:   •  Май 1, 2018  •  Курсовая работа  •  9,199 Слов (37 Страниц)  •  1,085 Просмотры

Страница 1 из 37

        Тақырып:

Халел Досмұхамедовтың педагогикалық – ағартушылық идеялары және әлеуметтік көзқарастары.

М а з м ұ н ы

Кіріспе......................................................................................................................3

I. Х.Досмұхамедовтың ағартушылық қызметі мен шығармашылық еңбектеріндегі тәлім-тәрбиелік тағылымдары..............................................10

1.1. XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ еліндегі саяси-әлеуметтік жағдайлар және педагогикалық-психологиялық ой-пікірлердің өріс алуы....10

1.2. Х.Досмұхамедов – қоғам қайраткері және халық тәлімгері...................

I бөлім бойынша тұжырым......................................................................

II.Х.Досмұхамедовтың педагогикалық және психологиялық көзқарастары  және оны оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану.................

2.1. Х.Досмұхамедовтың ұлтжандылық тәрбие туралы...................

2.2. Ғалым мұрасындағы ұлттық құндылықтардың жекелеген мәселелері және ұлттық физиологиялық, психологиялық ғылыми атауларының негізін қалаушы екендігі......................................................................................

2.3 Х.Досмұхамедовтың педагогикалық идеяларын болашақ ұстаздардың даярлық үрдісіне ендіру жолдары....................................................................

2.4. Ғалым шығармашылығындағы бөбек психикасының қалыптасуы және “Толық адам” портреті..........................................................................................

II бөлім бойынша тұжырым.....................................................................

Қорытынды..................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер........................................................................

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысы Х.Досмұхамедовтың ғылыми және тәлім-тәрбиелік тұжырымдарының педагогикалық және психологиялық сипатын ашу, соның ішіндегі ұлттық тәрбие құндылықтарына арналған.

Х. Досмұхамедовтың  тұлғалық қалыптасуының тарихи психологиялық-педагогикалық алғы шарттары анықталып, оның өмір жолының, ғылыми ізденістері мен шығармашылығының аса маңызды факторлары айқындалады. Сондай-ақ, ғалымның ұлттық сана, ұлттық тәрбие көзқарастары талданып, баяндалады.

Зерттеудің өзектілігі. Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тəлім-тəрбие мен адамгершілік құндылықтарға тəрбиелеуде білім берудің айқын жолдарын жетілдірудегі басым бағыттарын айқындауда, ұлттық санамен адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру көкейтесті мəселелердің бірі болып отырғаны анық. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тəрбиелеу қажет. Жас ұрпаққа ұлттық тəрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ə. Назарбаев «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Жолдауында: „Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мəдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн“, — деген талапты білдіреді. Олай болса, басты мақсат — жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мəдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып, тəрбиелеу керектігі күн өткен сайын маңызды болып отыр. Ұлттық құндылықтарымызды əлемдік-деңгейге адамзат өркениетіне ұлттық тарихымызбен, рухани-мəдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып, жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар негізінде қабілетті тұлға тəрбиелеу керек. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарымызды əлемдік-деңгейге шығару үшін: ана тілі мен дінін, тарихын, салт-дəстүрін, жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тəрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру бағытында ғана басты мақсатқа жетеміз. Ұлттық тəрбие қазір елімізде орын алып отырған көптеген оңтайсыз мəселелерді бірте-бірте жоюдың жəне олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы. Ұлттық тəрбие алған ұрпақ білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да ұлттық тəрбие — ел болашағы. Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тəрбиелеудегі тəжірибелері бізге сол рухани мəдениет, этикалық, эстетикалық құндылықтарын құрайтын ұлттық əдет-ғұрып, салт-дəстүрлер, əдеби, музыкалық, кəсіби, тұрмыстық фольклорлар мазмұны арқылы жетіп отыр. Сонымен бірге ұрпақ тəрбиесіне, жалпы халықтың рухани дамуына байланысты тəлім-тəрбиелік ой-пікірлерді: Қорқыт Ата, əл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Асанқайғы, Шəкəрім жəне т.б., қазақ ақын-жырауларының мұраларынан, билер мен шешендердің тəлімдік сөздерінен көреміз. Əр адам өзінің ұлттық тамырын, əдет-ғұрпын, мəдениетін түсіне алады. Өз халқына деген сүйіспеншілігі, өзінің туған жеріне, өз халқы өмір сүретін ортаға деген сезіммен ұласып жатуы керек. Халықтық əдет-ғұрып, салт-санасының байлығы, патриоттық сезім Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады. Міне, осы бағытта жас жеткіншектерді адамгершілік дүниетанымдық құндылықтар тұрғысында тəрбиелеудің маңыздылығы туындайды. Өз елінің болашағынан мол үміт күткен даналарымыздың бірі емес бірегей тұлғасы, ұлт жандылықтың биік үлгісін көрсете білген, дана Шəкəрім мынадай өсиетін қалдырғандай:

...

Скачать:   txt (137.5 Kb)   pdf (385.4 Kb)   docx (50.6 Kb)  
Продолжить читать еще 36 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club