Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Х. Досмұхамедовтың медицинадағы қызметі

Автор:   •  Апрель 24, 2021  •  Лекция  •  1,771 Слов (8 Страниц)  •  369 Просмотры

Страница 1 из 8

1.Х.Досмұхамедовтың медицинадағы қызметі

2.  Х.Досмухамедовтың педагогигалық қызметі

3. Х.Досмұхамедовтің медицина және қазақ халқының педагогикасы тарихына арналған еңбектерінің мазмұнын талдау

4. Х.Досмұхамедовтің әдеби қызмет жүйесі

5. «Сана», «Қазақ» журналдары мен газеттері арқылы жариялау саласындағы ынтымақтастық және журналистика

6. Сол кездегі мәселелермен қатар ғалымның жарияланымдарындағы жанрлардың түрлері

                               

Тапсырмалар:

1. Х.Досмұхамедовтің ағартушылық қызметін сипаттау.

2. Х.Досмұхамедовтің халықтық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, халықтық өнер туралы пікірлері мен тұжырымдарына талдау жасау.        

                            «Кубик Блума»

  • АТА…        
  • НЕЛІКТЕН… 
  • ҰСЫНЫС…
  • ОЙЛАП ТАП…
  • БӨЛІС…
  • ТҮСІНДІР

1.АҒАРТУШЫ ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДҰЛЫНЫҢ ОҚУЛЫҚТАРЫ ХАҚЫНДА  Жалпықазақтық Алаш қозғалысының көсемі, алғашқы оқыған дәрігер маман, ғұлама ғалым, еліміздің жоғары оқу орындарының көрнекті ұйымдастырушысы, ағартушы педагог, проф. Халел Досмұхамедұлының (1883 – 1939 ж.) есімі бүгінде екінің біріне таныс, тұлғатану тақырыбына сұраныпақ тұрған қайраткер. Ал оның таңдамалы шығармаларының үш томдығының жарыққа шығуы . Ол туралы білім аямызды кеңітіп, жан-жақты энциклопедист-ғалымның ұшан-теңіз еңбектерін таныпбіліп, туындыларының қадіріне жете түсуімізге көмектесері сөзсіз. 1920 жылдың соңына таман Х.Досмұхамедұлы көптеген «алашшыл» қазақ оқығандары қатарында Түркістан Автономиялы Республикасының орталығы Ташкент қаласына келеді. Осы жылы тамыздың 21-і күні Түркреспубликасының Халық ағарту комиссариаты жанынан туыстас түркі халықтарының оқу-ағарту, мәдени һәм ғылыми мұқтаждарын өтеу үшін арнайы Білім комиссиясы құрылған болатын. Ол алдымен осы комиссияның мүшесі (алғашқы төрағасы – И. Тоқтыбайұлы), кешікпей төрағасы 22 (1921–1923 ж.) болады. Оның органы есепті «Сана» журналын шығарады, «Талап» атты әдеби-мәдени бірлестік ұйымдастырады... 1923 жылдың қыркүйегінде Х. Досмұхамедұлы Түркреспубликасы Халық ағарту комиссариаты жанындағы Мемлекеттік Ғылыми кеңестің төрағасы қызметіне тағайындалады. 1923 жылы сәуірде ТуркЦИК пен ТуркСовнаркомның арнайы тапсырмасы бойынша Жетісу облысын кешенді зерттеген ғылыми экспедицияға қатысады. 1924 жылдың 15 қаңтарында Ресей Ғылым академиясы жанындағы Орталық Өлкетану бюросының мүше-корреспонденті болып сайланады, оның сессияларына шақырылады. Осы жылдың маусымында Түркістандағы ғылым саласын ұйымдастырушы ретінде Орынборда тұңғыш ұйымдастырылған Қазақ білімпаздарының сиезіне арнайы қатысады. 1924-25 жылдары Қазақ ғылым-баспа комиссиясы төрағасының орынбасары. Осы жылдардағы архив деректеріндегі Х.Досмұхамедұлының өз қолымен жазылған ғылыми есептерден  қазақ мектептері үшін алғашқы оқулықтардың жазылу тарихы мен баспа ісінің жолға қойылуы, жалпы Түркістан Республикасы мен Қазақ өлкесіндегі оқу-ағарту мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының жай-күйі туралы көптеген мағлұмат алуға болады. Біздің айтпағымыз: осы жылдардағы ағартушы Х.Досмұхамедұлының ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстарының арқасында кейін сан салаға жіктеліп өрістеген қазақ ғылымының іргетасы қаланды, ол ғылым-білімнің көшетін көктетуші ретінде бағалануы қажет-ақ. Ғалым алдымен мектептерді оқулықтармен қамтамасыз етуге бар күш-жігерін жұмсайды. А.Байтұрсынұлының қазақ тіліне қатысты жазғандарын түгел жарыққа шығарумен бірге барша алашшыл зиялыларға сала-сала бойынша оқулық дайындауға тапсырма береді, олқылықтың орнын толтыру үшін өзі де қолына қалам алады. М.Дулатов – есеп құралы мен әдебиет хрестоматиясын, И.Тоқтыбаев – Түркістан және жалпы географияны, Дисаленов – физика мен арифметиканың ІІ бөлімін, Табынбаев – педагогика мен психологияны, С.Қожанов – есеп құралының І бөлімін, Ғалымжанов – математика бойынша есептер жинағын, Жәленов – математиканың ІІ бөлімін, Оспанов – қазақ тілінің сөздігін, М. Жұмабаев – қазақ әдебиетінің теориясын тездетіп жазып шығуы тиіс болды. Ал оларды жарыққа шығаруға қаржы көзін табу, қолжазбалардың сапасын көтеріп, редакциялау ісімен әрі басшы, әрі бірден-бір ғылыми қызметкер ретінде Х. Досмұхамедұлының өзі айналысады. Оқулық жазуды ғылым-білімнің алғашқы сатысы деп есептеген ғұлама ғалым жоспарлы түрде әр саланы, бірінші кезекте қоғамдық ғылымдарды дамытуға күш салды. Әсіресе, Ә.Диваевтың ел арасынан 35 жыл жинаған ауыз әдебиеті үлгілеріне ерекше назар аударып, экономикалық жағдайдың ауырлығына қарамай, оны сатып алуға қаржы тапты. Сырдария мен Жетісу облыстарына тұрақты түрде кешенді этнографиялық экспедициялар ұйымдастырды. Қазақ тілінің (түсіндірме) сөздігін түзуге мұрындық болды. Айналдырған 3-4 адамның (Х. Досмұхамедов – төраға, мүшелері – Ә.Диваев, У.Танашев, Е.Омаров) атқарған қыруар жұмыстары мен көрген қиыншылықтарына Х. Досмұхамедұлының өз қолымен 1921 жылы 21 қарашада жазған есебі куә: «Производить массу работ более мелкого характера: редактирование разных книг, ...корректирование печатаемых учебников и проч. ...Помещение холодное, нет дров. Нужны лампы, керосин... Не хватает стульев, столов, шкафов, вообще обстановки... Оплата научного труда низкая. Выдача вознаграждения за исполненную работу задерживается на многие месяца, выдается после продолжительных мытарств. Работник получает свой заработок уже тогда, когда курс рубля упал низко... Сданные в Госиздат книги не получается, т.к. еще не напечатаны...» [2]. Өкінішке орай, 1922 жылы да жағдай түзеле қоймайды: «Согласно новой экономической политики – приступила к сокращению штатов в Туркреспублике. Научная комиссия была сокращена самым безмилостным образом. В комиссии были оставлены председатель, член и учебный секретарь... Несмотря на такие неблагоприятные обстоятельства Комиссия работала, не покладая рук. Главной своей целью в этом периоде Комиссия ставила создание учебников и пособий на киргизском языке, для школ І и ІІ ступени... Второй ближайщей задачей Комиссии были разбор, опись и систематизация материалов по этнографии и киргизской народной литературе, купленных у Диваева и собранных в 1922 году особыми экспедициями в Сыр-Дарьинской и Джетысуской областях...» . Бұл аталғандарды ағартушы-ғалымның мемлекеттік қызметтегі атқарған жанқиярлық істері деп бағаласақ, оның сыртында ол осы жылдары қазақ тілінде – «Сана», орыс тілінде – «Наука и просвещение», өзбек тілінде – «Білім ошағы» журналдарын ұйымдастырды. 1923 жылы қазан айында Мәскеудегі Әдебиет институтының директоры Д.Я. Брюсовқа Мағжан ақын туралы «Будущий наш Пушкин» деп хат жазып, жолдама берді. Осы жылы қоғамдық жұмысқа да уақыт тауып, «Қазақ-қырғыз мәдениетін көркейтушілер қауымы» – «Талап» атты қоғамдық бірлестік құрады. Құрылтайшы ретінде («шын мүше» делінеді) аты-жөні бірінші реттік санмен белгіленгендіктен және «басқарманың төбе- 23 ағасы» болғандықтан (басқарма мүшелері: проф. А.Э.Шмидт, И.Тоқтабайұлы, М.Есболұлы, М.Тынышбайұлы, М.Әуезұлы, Қ.Тыныстанұлы) бұл қоғамдық бірлестікті құру идеясы мен жауапкершілігі толықтай «Доктор Халел Досмұхаммедовқа» жүктелгенін сезуге болады. Менің негізгі тақырыбым – ағартушы Х. Досмұхамедовтың қаламынан туған төл оқулықтарының жай-жапсары тұрғысынан болғандықтан ғалым-педагогтың алғашқы қазақ тілді оқулықтардың жазылуын, басылып шығарылуын және ел ішіне таратылуын ұйымдастыру жолындағы жанқиярлық еңбегі туралы айтқаным.

...

Скачать:   txt (22.3 Kb)   pdf (215.5 Kb)   docx (22.7 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club