А.Байтұрсынұлының ағартушылық қызметі мен педагогикалық ой-пікірлері
Автор: Araylyn • Октябрь 10, 2022 • Контрольная работа • 1,559 Слов (7 Страниц) • 325 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе
I. Бөлім.А.Байтұрсынұлының ағартушылық қызметі мен педагогикалық ой-пікірлері
II. Бөлім.
Ахмет Байтұрсынұлының мысал шығармаларды аудару тәсілдеріА.Байтұрсыновмысалдарындағыастарлыой
(«Маймылменкөзілдірік»,«Шалменажал» туындылары бойынша)
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
«Ахмет Байтұрсынұлы мысалдарындағы астарлы ой»
КІРІCПЕ
Еліміздің білім мен ғылымға салған инвестицияларының негізгі өрісі: жастардың қазіргі таңдағы өркениеті дамыған ғасырдағы білім иммунитетін қалыптастыру арқылы елі мен жерін сүйетін, адами құндылықтарды қастер көретін, өз мамандығының кәсіби мамандарын дайындау екен белгілі. Өйткені қазіргі жаңғырған кезеңдегі «бренд-білім мен технология». Дәл осы мақсатпен қазақ педагогикасының әдіснамасы жаңашыл көзқарастарымен өрістеп, дамып келеді. Десек те, бүгінгі қазақ педагогикасының әдіснамасынан өз ішінде рухани жаңғыру жолы қажет.
Қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер етужолдарын іздеген ақын айналып келгенде, ұлы Абай тапқан соқпақ, орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсынады. Бұрынғы ескі-ертегі, химия үлгілері емес, енді жаңа өлеңдік форма мысал арқылы,көшпелі елдің жақсы білетін стихиясы–жан-жануар өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен Иван Андреевич Крылов туындыларын аударып, "Қырық мысал" деген атпен 1909 жылы Петербургтен бастырып шығарды. Бір жағынан қызықты форма, екінші жағынан ұғымды идея, үшінші жағынан, қазақ тұрмысына ет-жақын суреттер ұласа келіп, бұл өлеңдерді халықтың төл дүниесіндей етіп жіберді.Түп негізі Федрдан алынған Крыловтың он жолдық "Шымшық пен көгершін" мысалы Ахмет Байтұрсынов аудармасында отыз екі жолдан тұратын жаңа шығарма. "Өгіз бен бақа" орысшада – 17, қазақшада – 36жол, "Қасқыр мен тырна" орысшада – 19, қазақшада – 76 жол, "Арыстан,киік һәм түлкі" орысшада – 35, қазақшада – 56 жол, “Қасқыр мен қозы”орысшада – 37, қазақшада – 68 жол, "Ағаш" орысшада – 31, қазақшада –56 жол. Бұл фактілер қазақ ақыны дәстүрлі оқиға, қалыпты бейнелерді ала отырып,ойға ой, суретке сурет қосып,жаңа, ұлттық төл туынды жасағанын көрсетеді. Бұрын емеурін, ишара, мегзеу, астар, мысалмен берілген ойлар"Маса"кітабында ашық,анық,дәлді,нақты айтылады.
Мұнда Ахметттің өз басынан кешкен қиын-қыстау күндер, ауыр жолдар, қуғын-сүргін, жетімдік-жоқтық, бірталай өлеңдерге арқау болады; ел тағдыры, халық қамы, бостандық арманы – басты сарын болып табылады.Біздің жобада талдауға алынған шығармалар «Маймыл мен көзілдірік»және «Шал мен ажал» мысалдары болмақ.
Зерттеудің өзектілігі. : Әрбір ұлы тұлғаның тұғырлы бейнесі ол өмір сүрген ортаға, тарихи кезеңге тереңірек көз жібергенде ғана шынайы аңғарыла бастады. Ахмет Байтұрсынұлы – заманына сай туып, дәуірдің жарығы мен қараңғысын бірдей бағдарлап, жамандығынан жерініп, жақсылығынан үйрене білген жан. Ол – бір басында сан-салалы өнер тоғысқан, телегей теңіз энциклопедиялық білім иесі болған, қиындыққа толы тартысты ғұмырында қараңғылықта қалған қалың елін жарқын болашаққа сүйреуден басқа бақыт бар деп білмеген тұлға. Ең алдымен назарға ілінетін бір сипат – А.Байтұрсынұлының бүкіл тірлік-тынысы, адамдық болмысы, ең алдымен, азатық ұғыммен астасып жататындығы. Оның азатық тұлғасын ұлттың рухани ұстазы ретіндегі көшбасшысы көсемдігін бәрінен бұрын оның қоғамдық-әлеуметтік қызметтері айқындайды. Осыған орай, Ахметтің мысалдар мен аудармаларының әдебиеттанудағы орны мен рөлін анықтау мақсатында «Маймылмен көзілдірік» шығармасын талдамақпыз.
Зерттеудің мақсаты: А.Байтұрсыновтың мысалдарындағы астарлы ойды анықтау,әдебиеттанудағы орны мен рөлін анықтау
Міндеттері:
- А.Байтұрсыновтың балалар әдебиетіндегі орны, еңбектері мен шығармашылық жолын айқындау;
- «Маймыл мен көзілдірік»,«Шал мен ажал» өлеңдерінің, аудармалары мен мысал өлеңдерінің тақырыптары мен идеяларын ашу;
- «Маймыл мен көзілдірік», «Шал мен ажал» өлеңдерінің балалар әдебиетіндегі маңыздылығын айқындау;
- «Маймыл мен көзілдірік», «Шал мен ажал» аударма мысалдардың тәлім-тәрбиелік мәнін ашу;
- «Маймыл мен көзілдірік», «Шал мен ажал» өлеңдерінің ауыз әдебиетімен және өзінен бұрынғы, өз заманындағы шығармаларымен сабақтастығын ашып көрсету. Міне, осы өлеңдер жинағындағы мысалдар мен аудармалар, олардың негізгі идеяларымен тақырыптық
маңыздылығы, тәрбиелік мәні, басқа шығармалармен сабақтастығының зерттелуі ғылыми жобамның негізгі өзегіне айналды.
Зерттеудің теориялық және практикалық мәні: Зерттеу жұмысы нәтижесінде алынған тұжырымдар мен талдауларды мектеп бағдарламасында, жоғары оқу орындарының арнаулы курстары мен семинарларында пайдалануға болады.
Зерттеу нысаны: А.Байтұрыновтың аударылған мысалдары
Ғылыми жаңалығы: Ғылыми жоба Ахмет Байтұрсынұлының аударма мәселесіндегі ойлары зерделенді. Ақын, әдебиеттанушы, ұстаз Ахмет Байтұрсынұлының аударма саласындағы мәселесі қазіргі уақытта өзектілігімен ерекшеленеді. Біздің жоба бұл салаға қосылған үлес деп білеміз.
...