Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Тәрбие теориясы

Автор:   •  Март 1, 2021  •  Реферат  •  356 Слов (2 Страниц)  •  538 Просмотры

Страница 1 из 2

Тәрбие теориясы

Тәрбие дегеніміз қоғамның негізгі қызметтерінің бірі және жеке адамды мақсатты, жүйелі қалыптастыру процесі, аға ұрпақтың тәжірибесін кейінгі ұрпаққа меңгертіп, олардың сана – сезімін, жағымды мінез – құлықын дамыту.

Тәрбие түрлеріне келетін болсақ олар:

  1. Ақыл-ой мәдениеті
  2. Адамгершілік тәрбиесінің негіздері
  3. Еңбек тәрбиесінің негізі
  4. Экономикалық тәрбие
  5. Құқық және саяси тәрбие
  6. Экологиялық тәрбие  негіздері
  7. Эстетикалық тәрбие
  8. Дене тәрбиесі

Менің қосатыным:

Салауатты өмір салты тәрбиесі мен оқушылардың өзін – өзі жетілдіру тәрбиесі.

Ақыл-ой мәдениеті - оқушыларды жақсы ойлауға және олардың ойлау қабілетін дамыту, жетілдіру, нығайту.

Мақсаты: ақыл – ойы дамыған оқушыларды тәрбиелеп шығару.

Ақыл – ой тәрбиесінің міндеттеріне жататындар: балалардың ойлауын дамытудың арқасында таным іс – әрекетін дамыту, оқушыларға табиғат және қоғам туралы ғылыми білімдер беру және білім бере отырып оқушыларды сол білімдерімен қаруландыру.

Ақыл ой мәдениеті тәрбиесін өзін – өзі тану, математика пәнін оқытуда және ауызша есептерін шығаруда, сыныптан тыс жұмыстарда жүзеге асады.

Адамгершілік тәрбиесінің негіздері - оқушыларды ізгі яғни жақсы қасиеттерге мысалға алатын болсақ адалдық, батылдық, төзімділік, адамға сүйіспеншілік, қайырымдылық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыру. Сонымен қатар өз Отанын сүю жатады.

Мақсаты: өз Отанын сүйетін, адамгершілік қасиеттері бар оқушыларды тәрбиелеп шығару.

Міндеттері: оқушылар бойына адалдық, батылдық, төзімділік, адамға сүйіспеншілік, қайырымдылық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыру.

Адамгершілік тәрбиесінің негіздерін өзін – өзі тану пәнінде, тәрбие сағаттарында жүзеге асады.

Эстетикалық тәрбие аты айтып тұрғандай жинақылыққа, ұқыптылыққа, әсемдікке, әдемілікке оқушыларды үйрету.

Мақсаты: өз сезімдері, талғамдары, өзіндік пікірі бар және сұлулық жайлы ұғымдары қалыптасқан оқушыны тәрбиелеу.

...

Скачать:   txt (5.8 Kb)   pdf (63.1 Kb)   docx (8.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club