Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Алашорда қайраткерлерінің өмір жолдарын мектепте тәрбие жұмыс-арқылы дәріптеу

Автор:   •  Май 30, 2018  •  Курсовая работа  •  7,769 Слов (32 Страниц)  •  1,009 Просмотры

Страница 1 из 32

Мазмұны

Кіріспе......................................................................................................................3-бет

I бөлім. Алашорда қайраткерлерінің педагогикалық мұрасы.............................5-бет

II бөлім. Мектеп оқулықтарын саралау..............................................................19-бет

III бөлім. Алашорда қайраткерлерінің өмір жолдарын мектепте тәрбие

жұмыс-арқылы дәріптеу.......................................................................................22-бет

Қорытынды............................................................................................................31-бет

Қолданынлған әдебиеттер тізімі..........................................................................35-бет

Қосымша

Кіріспе

    Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде, жаңаша ой-пікір мен педагогикалық көзқарастардың қалыптасу белесінде ұлтымыздың жүріп өткен жолына көз ілмей,  тарихымен таныспай жаңа ғылыми ойларды қалыптастыру мүмкін емес.

             Қазақстанда болып жатқан саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістер тәуелсіздігімізді одан әрі қамтамасыз ету үшін, еліміздің тізгінін берік ұстауға қабілетті, парасатты ұрпақты  тәрбиелеп шығаруды талап етеді. Әр тарихи кезең өз ұландарын тудырады. XX ғасырдың басында жарқырап көрінген қазақ халқының кемеңгер ұлдары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Х.Досмұхамедов,  М.Әуезов, Ж.Аймауытов, Ә.Ермеков, Ж.Ақбаев уақыт тудырған отансүйгіш  азаматтар болатын.

        Біздің мақсатымыз- Кіші мектеп жасындағылар бастауыш сыныптан бастап ұлы тұлғалардың өмір жолдарымен, үлгі-өнеге беретін мұраларымен тереңірек танысып, кейінгі жас ұрпаққа тарату. Алаш қайраткерлерінің педагогикалық мұраларын талдап, жүйелеу болғандықтан олардың бүкіл қызметтеріне үзілді-кесілді пікір  айтудан аулақпыз. Әйткенмен, қазақ зиялыларының шығармалары олардың дүниетанымының, ой-өрісінің, таным-пайымдары мен өмірге деген көзқарастарының айнасы десек, осынау қасиеттер олар өмір сүрген заманның,  қоғамның, елдің ахуалына, өскен ортасына, қарым-қатынас жасаған қауымға, жеке  талап-талпынысына байланысты қалыптасатыны ақиқат. Алашорда қайраткерлері дүниетанымының қалыптасуына сол кездегі қоғамдық-саяси жағдайлар тікелей әсер етті.

     Қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастарының қалыптасуымен байланысты мәселелер біздің алдымызға көптеген талаптар қойды. Оның ішінде  дүниеге келген, тәлім-тәрбие алған ортасын, қоғамдық қызметін зерттеу және ХІХ-ХХ ғғ. аралығындағы болған тарихи, әлеуметтік, мәдени жағдайларға мұқият талдау жасау қажеттігі алғашқы кезекте болды.

Зерттеу жұмысын орындау барысында А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев үш тұлғаны жеке алып зерттеуді жөн көрдім. Себебі мен болашақ бастауыш сынып мұғалімімін. Осы ғалымдар бастауыш мектеп бағдарламасында кездеседі, әрі толығырақ білейін, білмейтін жақтарымды толықтырайын деген мақсатта зерттеу жұмысын жүргіздім.

Зерттеудің әдістері: зерттеліп отырған мәселе бойынша тарихи-педагогикалық әдебиеттерді талдау және жинақтау, теориялық моделдеу, алашорда қайраткерлерінің педагогикаға қосқан үлестерін жүйелеу.

              Ғылыми болжам: артында қалған мұраларын жас жеткіншектерді  тәрбиелеуде қолдансақ, олардың жан сезіміне, Отанға, ел-жұртқа деген  сүйіспеншілік, нық сенім, ұлтжандылық, ұлы адами құндылықтарды қалыптастырамыз.

             Зерттеу жұмысымның міндеттері:

  1. Таңдаған тақырыбымның өзекті екенін дәлелдеу.
  2. Зерттеген тұлғалардың тәлімдік мұраларын тереңірек ұғыну.

    Зерттеу нысаны: Тақырыпқа сай машықтану кезінде бастауыш сынып оқушыларымен тәжірибе жүргізу.

Зерттеу жұмысымның практикалық маңыздылығы: Қазіргі таңда оқу-тәрбие жүйесі заман талабына сай, өсіп, дамып бой алуда. Демек, біздің іс-әрекетімізді болашақ жалғастырушылар барлық қасиеттерді бойларына жеткізе алуына, курстық жұмысымның әдісін пайдалансақ, үлкен жетістіктерге қол созамыз. Теориялық тұрғыдан ғана зерттеу жүргізбей, практикалық тұрғыдан да қарастырдым. 2016-2017 оқу жылында алғашқы байқау тәжірибемде тәрбие сағаттарын өткіздім. Оқушыларға алашорда қайраткерлері жайлы түсінік қалыптастыруға тырыстым. Өткен жылы  «Ұлы тұлғалар» атты тәрбие сағатына бақылаушы ретінде қатыссам, биылғы жылы «Ұлы тұлға Мағжан Жұмабаев» ашық тәрбие сағатын өткіздім. Мағжан Жұмабаевтың сөзіне жазылған «Бәрінен де сен сұлу» әнін орындап, «ғалымның хаты өлмейді» деп қорытынды жасадық.

...

Скачать:   txt (103.4 Kb)   pdf (595.8 Kb)   docx (808.7 Kb)  
Продолжить читать еще 31 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club