Биологияның оқыту мен тәрбие теориясы дамуының бағыттарын анықтайтын факторлар
Автор: Жасулан Ержанулы • Сентябрь 21, 2021 • Реферат • 442 Слов (2 Страниц) • 1,033 Просмотры
Тақырып 1 Кіріспе. Биологияның оқыту мен тәрбие теориясы
дамуының бағыттарын анықтайтын факторлар.
Дәріс тезистері. Кіріспе. Биологияны оқыту әдістемесі - әдіснамалық,
психологиялық, педагогикалық әрі арнайы пәндік биологиялық білімді
кіріктіретін ғылым. Биологияны оқыту теориясы мен технологиясының жай-
күйін анықтайтын биологиялық білім беру дамуының үрдістері: саралау,
кіріктіру, экологияландыру, ізгілендіру, гуманитарландыру, іргелендіру,
технологияландыру, интенсивтендіру.
Биологияның оқыту мен тәрбие теориясы дамуының бағыттарын
анықтайтын факторлар: биологиялық білім беру мақсаты мен мазмұнының
жаңаруы, жаңартылған мазмұн бағдарламасының ерекшелігі. Биологияны
оқыту әдістемесі саласындағы қазіргі зерттеулер. Жаратылыстануды
оқытудың ерекшелігі.
Әрбір ғылымның пайда болуы мен дамуы адамның тіршілік тілегін
қанағаттандыруға бағытталған практикалық қызметіне байланысты.
Сондықтан БОӘ биологияны не үшін оқыту қажет, қалай оқыту керек,
нелерге оқыту керек және биологияны оқыту процесінде балаларды қалай
тәрбиелеуге болады деген сұрақтарға жауап беретін ғылым ретінде пайда
болған. Биологияны және жаратылыстануды оқыту әдістемесі – мектеп
пәнінің ерекшелігіне байланысты оқыту және тәрбиелеу үдерісінің жүйесі
туралы қарастырады.
БОӘ - рационалді әдістер мен тәсілдерді қолдануға және биология
пәнінен мұғалім оқушыға оқу материалын сапалы түрде меңгертіп, тиянақты
білім беріп, оны өмірде қолдана білуге үйретеді.
БОӘ - оқу пәнінің мазмұнын, оқыту және тәрбиелеу әдістері мен
үлгілерін қарастырады. Жаратылыстану пәнін оқушылар биология, химия,
физика пәндерінің алдында (пререквизит) оқиды. Бұл пәндер бір-бірімен
байланысты және бірін-бірі толықтырады.
БОӘ- мен оқу жұмысының жабдықтары мен тәсілдері белгіленеді.
Биология оқу пәні ретінде оқыту әдістері мен формаларының
ерекшелігімен өзге пәндерден айырмашылығы бар. Бұнда нақтылы нысандар
(объекттер) мен күрделі табиғат құбылыстары, және табиғаттың дамуы
зерттеледі. Материалдық ерекшелігі оның тәрбие мүмкіндіктерін де
белгілейді (анықтайды).
Оқушылар ойын дамытуда биологиядан жүргізілетін мектептік
курстың маңызы зор. Биологияның басқа оқу пәндерінен ерекшелігі, ол
қарапайымнан күрделіге өту жолын байқап, отыруға, бөлік пен бүтіннің
құрылысы мен қызметінің өзара байланыстылығы және өзара тәуелділігін
...