Сөйлеу тілі жалпы дамымаған балаларда фонематикалық түсініктердің алғышартын қалыптастыру
Автор: ulbosik_27-09 • Май 30, 2023 • Дипломная работа • 17,398 Слов (70 Страниц) • 165 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Есімбек Аружан Бақытқызы
Сөйлеу тілі жалпы дамымаған балаларда фонематикалық түсініктердің алғышартын қалыптастыру
Д И П Л О М Д Ы Қ Ж Ұ М Ы С
5В010500 – «Дефектология» мамандығы
[pic 1]
Шымкент 2022
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
«Қорғауға жіберілді»
Мектепке дейінгі және арнайы
педагогика кафедра меңгерушісі
_______________Масалиева Ж.А
«___»___________20___жыл
Сөйлеу тілі жалпы дамымаған балаларда фонематикалық түсініктердің алғышартын қалыптастыру
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы 5В010500 – «Дефектология»
Орындаған А.Б. Есімбек
Ғылыми жетекші
аға оқытушы Ф.А.Аймурзаев
Норма бақылаушы Г.К. Ахметова
Шымкент 2022
Мазмұны
Кіріспе...........................................................................................................................3
1.Сөйлеу тілі жалпы дамымаған балаларда фонематикалық түсініктердің алғышартын қалыптастыруудың теориялық мәселелері
1.1 Сөйлеу тілінің даму кезеңдері және сөйлеу тілінің бұзылуын анықтау..........6
1.2 Тіл кемістігі және оның себептері.....................................................................23
1.3Фонетикалық-фонематикалық дамымаушылығы ба балалардың оқу кемшіліктері мен оның алдын алу жолдары...........................................................27
2.Сөйлеу тілі жалпы дамымаған балаларда фонематикалық түсініктердің алғышартын қалыптастыру әдістемелері
2.1 Анықтауыш тәжірибенің мазмұны және нәтижесі...........................................40
2.2 Қалыптастырушы тәжірибенің мазмұны және нәтижесі.................................46
Қорытынды................................................................................................................56
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................58
[pic 2]
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі:Елімізде жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің сапасын көтеру, рухани бай азаматтарды тәрбиелеу, оларды еңбек пен қоғамдық өмірге даярлау өзекті мәселе болып отыр.
Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға білім беру дамытудың мемлекеттік бағдарламасынада мүмкіндігі шектеулі балаларға көп көңіл бөлінген. Аталған құжатта белгіленгендей, түрлі кемістіктері бар балаларға сонымен бірге жалпы дамымаушылығы бар балаларға түзету-педагогикалық көмек көрсетудің маңызды міндеттері көрсетілген. Қазіргі заманғы логопедияда баланың сөйлеу тіліндегі кемшілікті неғұрлым ерте жастан түзету принципі жиі көрінеді, өйткені кез-келген сөйлеу тілінің бұзылысы қандай деңгейде болмасын баланың іс-әрекеті мен мінез-құлқына сондай-ақ сөйлеу тілінің ары қарайғы дамуына әсер етеді. Міне, осы заңдылыққа орай жас ұрпақтың сөздік қорын дамыту жұмыстарын жүзеге асыру қажеттілігі туындап отыр, әсіресе бұл міндетті фонетикалық-фонематикалық тілдік дамымаушылығы бар балаларға қатысты шешу өзектілігі жоғарылап отыр. Себебі, фонетикалық-фонематикалық тілдік дамымаушылығы бар балалардың жалпы даму барысы өзіндік ерекшеліктерге ие болып табылады. Әрине, бұл мәселе көптеген зерттеу жұмыстарының нысаны болғаны бәрімізге мәлім, атап айтатын болсақ, Т. Ткаченконың айтуы бойынша, фонемалық қабылдаудың дамуы сөйлеудің барлық фонетикалық аспектілерін және сөздердің ілу құрылымын қалыптастыруға оң ықпал етеді. Р.Е. Левина, Н.А.Никашина, Р.М. Боскис және Г.А. Каше фонемалық қабылдауды қалыптастыруда сөйлеу дыбыстарын (фонемаларды) қабылдау мен айыра білу қабілеті үлкен рөл атқаратындығын зерттеулерінде қарастырған.
...