Пәнге кіріспе. Остеология және артрология. Жалпы қаңқаның құрылысы
Автор: Indira1992 • Апрель 22, 2019 • Лекция • 20,747 Слов (83 Страниц) • 1,293 Просмотры
«Эмили» Медицина орталығы
Жалпы маманданушы пәндер
Теориялық сабақ №1
Тақырыбы: Пәнге кіріспе. Остеология және артрология. Жалпы қаңқаның құрылысы.
Құрастырған: Абильмажинова А.О.
Алматы 2013
№ 1 дәріс.
Тақырып: Пәнге кіріспе. Остеология және артрология. Жалпы қаңқа құрылысы, буындар.
Мақсаты: Анатомияға ғылым ретінде анықтама беру. Анатомияның міндеттерін оқып білу. Остеология және артрология ұғымдарына анықтама беру. Жалпы қаңқаның құрылысвмен танысу.
Дәрістің жоспары:
- Анатомия пәні,түрлері және міндеттері.
- Анатомияның даму тарихы.
- Анатомияның басқа ғылымдарымен байланысы.
- Ағза, ағзалар жуйесі және ағзалар аппараты.
- Адам денесіндегі жазықтықтар мен біліктер.
Лекция.
Адам денесінің пішінін, құрылысы мен қызметін және оны қоршаған ортаға байланысты дамуын зерттейтін ғылым-анатомия деп аталады. Анатомия(грек.”Anatemno” – кесу,бөлшектеу деген мағ,)
Анатомия зертгеу нысандарына байланысты,
- жануарлар
- өсімдіктер анатомиясы болып екіге бөлінеді.
Жануарлар анатомиясынан адам анатомиясы жеке ғылым саласы ретінде бөлінді.
Зерттеу бағыттарына сәйкес анатомия өз кезегінде бірнеше салаларға бөлінеді:
- Жүйелі анатомия - адамның дене мүшелерінің құрылысын, олардың атқаратын қызметтерімен байланыстырып, мүшелер жүйелері ретінде (тері жабыны, сүйектер , бұлшық еттер, асқорыту, тыныс алу, зәр бөлу, көбею, тамырлар, эндокринді бездер, жүйке жүйелері) зерттейді;
- Мүсіндік (пластикалық) анатомия – адамдар организмдерінің сыртқы дене бітімі мен дене бөліктерінің тұрақты жағдайдағы немесе қозғалыстағы пропорциялық арақатынасын зерттейді. Мүсіндік анатомияның негізін қалаған италиян ғалымы Леонардо да Винчи;
- Топографиялық анатомия –адамдар организмдерінің белгілі аумақтары мен бөліктеріндегі әртүрлі жүйелер мүшелерінің орналасу орындары мен сол аймақтағы олардың арақатынастарын зерттейді;
- Салыстырмалы анатомия - адамның белгілі бір мүшелерінің немесе мүшелер жүйелерінің құрылыстарын салыстырып зерттейді;
- Жас анатомиясы -адамдардың жасына байланысты, олардың дене мүшелері құрылысындағы құрылымдық өзгерістерді анықтайды;
- Қалыпты анатомия - ересек адам мен жануарлар организмдерінің дертсіз қалыпты жағдайдағы құрылысын анықтап зертгейді;
- Сырқаттық (патологиялық) анатомия -ауырған организм дене мүшелерінің құрылысын қалыпты анатомия мөліметтерімен салыстыра отырып зерттейді;
Анатомия көптеген ғылыми салалардан тұрады:
- остеология - сүйектер жүйесі туралы ілім
- синдесмология - сүйектер байланыстары туралы ілім
- миология - бұлшықеттер туралы ілім
- дермотология- тері жабыны және онын туындылары туралы ілім
- спланхнология — ішкі ағзалар туралы ілім
- эндокринология — ішкі секреция бездері туралы ілім
- ангиология — тамырлар жүйесі (қанайналым, лимфаайналым, қантүзу мүшелері) туралы ілім
- неврология — жүйке жүйесі туралы ілім
- эстезиология — сезім мүшелері туралы ілім.
Анатомия ғылымының негізін көне грек ғұламалары: Алкмеон Кротонский, Гиппократ, Аристотель, Герофил, Эразистрат, ертедегі Рим ғалымдары: А.К. Цельс, К.Гален, орта ғасыр шығыс ғүламасы Әбу Әли ибн Сина, қайта орлеу дәуірінің ғалымдары: Леонардо да Винчи, А.Везалий және т.б. ғалымдар қалады.
Анатомия физиологиямен (мүшелердің, жүелердің, тұтас дененің тіршілік әрекетін зерттейді), цитологиямен (жасуша физиолгиясын зерттейді) ,гистологиямен (тін, ұлпа құрлысын, тіршілік әрекетін , тірі денедегі зат алмасуын зерттейді) өте тығыз байланысты.
Тін-организмнің тарихи қалыптасқан жасушалар мен олардың туындыларынан тұратын, өзіне тән морфофизиологиялык, биохимиялық қасиеттері бар жеке жүйе.Тіндер 4 топқа болінеді:
- Эпителий
- Дәнекер
- Бұлшықет
- Нерв тіні.
Эпителий тіні-денені сыртынан жауып,ішкі қуыс мүшелерінің шырышты қабатын қаптап тұрады.Негізгі қызметі- жабын болу және секрет шығару.
...