Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жаңа туылған балалардың қозғыш тіндерінің электрофизиологиялық ерекшеліктері

Автор:   •  Февраль 10, 2021  •  Реферат  •  1,726 Слов (7 Страниц)  •  497 Просмотры

Страница 1 из 7

Жаңа туылған балалардың қозғыш тіндерінің электрофизиологиялық ерекшеліктері

Жаңа туылған нәрестелерде тыныштық потенциалы ересек ағзалардағыдай, жүректің өткізгіш мембранасының Na+ ионын сыртқа K+ ионын жасушаға белсенді тамалдауына байланысты. Бұлардың мөлшері мембрана бетіндегі калий-натрий насосының қызметіне байланысты.

Бұлшықет талшығы

К+ концентрациясы

Na+ концентрациясы

Ересектерде

100 ммоль/л, тұрақты

20-30 ммоль/л, тұрақты

Жаңа туылған нәрестелерде

56 ммоль/л

101 ммоль/л

3 айлық нәрестелерде

90 ммоль/л

50 ммоль/л

Сонымен бірге K+ ионының жасушаішіндегі концентрациясының артуы және Na+ ионының өткізгіш мембранадан пассивті өтуі нәтижесінде ТП мөлшері артады.

Бұлшықет талшықтарының қозуы кезінде, алдымен олардың қысқаруы ересектерге тән сипаталады, бірақ бірден емес. Балалардағы мембраналық потенциалмен мен ӘП өзіндік сипаттамаларына байланысты ересектерден айырмашылығы бар. Жасуша ішіндегі K+ мөлшерінің көбеюі 9 жасқа дейін жүреді. Өйткені K+ ионының мөлшері мембраналық потенциалдың жұмысына байланысты, сондықтан 9 жасқа дейін балаларда К+ ионының  мөлшері ересектерге қарағанда аз болады.

Жаңа туған нәрестелердегі ӘП ересектермен салыстырғанда келесі ерекшеліктірі бар;

–амплитудасының қысқалығы

_ұзақтығымен

_көбінде ӘП амплитудасы ТП мәнінен  аз болады.

Жаңа туған нәрестелердің ӘП бұлшықет талшықтары натрий каналдарының ерекше блокаторы-теродотоксинмен тежелмейді.

Эмбриональды кезеңдегі және босанғаннан кейінгі дамудың алғашқы айларындағы бұлшықеттердің электрқозғыштығы ересектерге қарағанда төмен және қозу табалдырығы жоғары. Балалардың жасы қанша кіші болса, бұлшықет талшығының лабилділігі де төмен болады.  Демек, реполяризация үрдісінің ұзақтығы жасы бойынша артып отырады.  

Бірдей бұлшықет талшықтары қозуы бірмезгілде болмайды. Кейбір бұлшықет талшықтарының лабилділігі 10-13 жаста ересектердіңкі сияқты түр алса кейде 14-15 жасқа дейін созылады.

Жекелеген  бұлшықет талшықтарындағы ӘП ұзақтығын тікелей анықтағанда 14 жастағыларда 5,7 м/с ал ересектерде 2м/с құрайды.

             Жүйке бұлшықет синапсының онтогенезі.

_Эмбриональды дамудың 4-аптасында көлденең жолақ бұлшықетке айналушы миотомдар, көбейетін және орын ауыстыратын миобласттардан тұрады.

_Ұрықтың 5-10 аптасында миобласттар бөліну қабілетінен айрылып және миосимпласттар миотүтіктерге бірігеді. Оларда протеидер синтезі жүріп, нексустар . миофиламенттер және холинорецепторлар пайда болады.

_20-аптада нексустар жойылып миотүтікшелер бұлшықет талшығына айналады.

_20-аптасынаң   іш қуысының даму сатысында мионевралды синапстар пайда болады, сонымен бірге миотүтіктер бұлшықет талшығына айналады. Мионевралдық синапстардың түзілуі бұлшықеттердің айқын жиырылуын қамтамасыз етеді.

          Жүйке-бұлшықет синапсының құрлымдық-функцианальды пісіп жетілуі.

*пресинапстық кезең

Ұрық  дамуының  13-14 аптасында бұлшықеттерде моторлы жүйке ұштары пайда болады, олардың  дамуы туылғаннан кейінде жалғасады.

_Жаңа туылған нәрестелердің пресинапстық дамуы соңғы тармақалған аксондардың  ұлғаюы мен терминалды табақшалар алаңында пайда болады.

_7-8 жаста тез және айқын іс-әрекеттердің көбеюіне байланысы жүйке ұштарының дамуы қарқынды болады.

Мотонейрондардағы ацетилхолин синтезі мен синапстық саңылаудан бөлінетін кванттық медиаторлардың  саны артады.
*Постсинапстық кезең:

_Аксоның ұштары  миотүтікшелермен байланысқан жерінде митохондриялар, рибосомалар, микротүтікшелер жинақталады. Миотүтікшелердің бетінде шұңқырлар пайда болады  ол жерде аксон ұштары орналасады және осы жерде примитивті  жүйке-бұлшықеттік синапс пайда болады.

...

Скачать:   txt (26.1 Kb)   pdf (96.2 Kb)   docx (14.8 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club