Амбулаторлы жағдайда шала туылған және жаңа туылған балаларды жүргізу тактикасы
Автор: darina_22 • Сентябрь 28, 2023 • Творческая работа • 498 Слов (2 Страниц) • 156 Просмотры
Бала анасының 35 жасында дүниеге келді. Анасы отбасымен Шымкент қаласында тұрады, орта білімі бар, материалды-тұрмыстық жағдайы қанағаттанарлық, отбасы толық. Бала 5-жүктілік болып саналады. ( бірінші жүктілік – шұғыл босану арқылы болған, бала шала туылған, 35-аптада туылған, ЭКО-дан кейін; 2,3,4- жүктіліктер өздігінен жасалған түсік болған.
Анасының қан резусы – теріс, жүктілік кезіндегі антиденелердің титрі жоғары емес. Жүктілікті көтере алмау ( невынашивание), туа пайда болған тромбофилия, антифосфолипидті синдром, ЭКО жасалуы бойынша бақылауда болған. Кесір тілігі салдарынан жатырда тыртық қалған.
Осы баланың босану процесі екінші рет мерзімімнен бұрын, өздігінен, басымен орналасқан, гестацияның 24-аптасында Шымкент қаласындағы перинатальды орталықта жүзеге асырылды. Кейіннен шала туылған балалалар және жаңа туылған нәрестелер патологиясы бөліміне ауыстырылды.
Баланың туылғандағы салмағы 635 г, бойы 33 см, басының айналым шеңбері 22 см, кеудесінің айналым шеңбері 20 см. Апгар шкаласы бойынша 1/1/2 балл. Туылған кездегі жағдайы ауыр жағдай ретінде бағаланды, өйткені нәрестеде тыныс алу бұзылыстары, орталық жүйке жүйесінің бұзылыстары (угнетение), бактериальды сепсистің (вирусты бактериальды саңырауқұлақтық этиологиялы) дамуы байқалды.
Өмірінің алғашқы минуттарынан бастап 14 тәулік бойы нәрестеге өкпенің жасанды желдетілуі жүргізілді, кейіннен 22 тәулік бойы СРАР (Continuous Positive Airway Pressure) әдісі бойынша көмекші вентиляция жүргізілді.
Клиникалық-зертханалық зерттеулер нәтижесінде мынадай терапиялар тағайындалды:
- Су-тұз балансын коррекциялау;
- Эритроцитарлы массаны құю;
- Антибиотиктерді, иммуноглобулиндерді, тін метаболизмін жақсартатын препараттар;
- Парентеральды тамақтандыру.
Нейросонография нәтижесі бойынша церебральды ишемияның, бас миы паренхимасының перивентрикулярлы сінуі, лейкомаляциялық кисталардың ультрадыбыстық белгілері анықталды.
Эхо-КГ бойынша: ашық овальды терезе 3 мм (открытое овальное окно 3 мм).
Құрсақ қуысының ағзаларының УДЗ-і бойынша: гипоксиялық нефропатия белгілері, гепатоспленомегалия байқалды.
Кеуде клеткасының рентгенологиялық зерттеулеру бойынша: пневмония белгілері анықталды,
...