Саясаттану
Автор: zhantore02 • Октябрь 12, 2021 • Реферат • 1,345 Слов (6 Страниц) • 216 Просмотры
Саясат – гректің politika сөзінен аударғанда мемлекетті басқару өнері дегенді білдіреді.Ол мемлекет билігі мен қоғамның саяси мәнін, мазмұны мен мақсатын түсінуді көздейді. Саясат адам өмірінде үлкен рөлге ие.Оған гректің ұлы философы,Платонның шәкірті Аристотель айтып қалдырған сөздермен көз жеткізуге болады.“Адам өз табиғатында-саяси тұлға,кім мемлекеттен тыс өмір сүретін болса үлгі-өнегесі жетілмеген жан ,,Бүгінде барлығы дерлік саяси іс-әрекет шеңберінде,кеңестігінде өмір сүреді. Сол себепті қоғамдық өмір жүйесіндегі саясатты білу маңызды,ал оны түсінбеу тұлғаның қоғамнан ығысуына алып келеді.Бұл грек поэты Гомердің сөздері дәл келеді; “Ондай адамды ойын тасынан шығып қалған шахмат тасымен ғана салыстыруға болады. Саясатты түсінуге тырысқан адамның алдынан көптеген сұрақтардың шығатыны айқын.Осы кезде көмекке ғылыми саясатты қарасақ болады. Ғылыми саясат-қоғамның дамуын,дағдарысын күйреуін зерттеу ,ой елегінен өткізіп,тұжырым жасап, жаңа саясат құрумен айналысады. Саясат - бұл, ең алдымен, әлеуметтік субъектілердің қоғамның әр түрлі бөліктері мен қоғамның өзін біртұтас әлеуметтік организм ретінде басқаруға белсенділігі мен қатынасы. Саясат мемлекеттік биліктің көмегімен қоғамдық даму процестерін басқарудағы саналы іс -әрекет ретінде тұтастай қоғамның, жеке топтар мен жеке тұлғалардың мүдделерін жүзеге асыруға бағытталуы мүмкін.Саясат субъектілері жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік ұғымдарын басшылыққа алады. Билікті қолдана отырып, саясат субъектісі өзінің барлық азғырлығына: байлыққа,басқаларға бұйрық беруге ұмтыла алады.Саясат бұл мүмкіндікті ашады,өйткені ресурстар мен тауарларды,мәртебелер мен артықшылықтарды билік арқылы бөлу және қайта бөлу орын алады.
Жалпы саясаттың негізгі қызметі- қоғамның дамуын,дағдарысын күйреуін зерттеу,ой елегінен өткізіп,тұжырым жаңа саясат құрумен айналысады.Жалпы саясаттың негізгі мақсаты – қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ету,біртұтастығын сақтау.Саясат саласындағы негізгі түсініктерге;билік, саяси ұйым,саяси қатынастар,саяси сана,саяси мәдениет кіреді. Бұл ұғымдар саясат түсінігінің құрамдас бөлшектері болып табылады. Мысалы билік саясаттың ұстанған бағытын,идеясын іске асырушы құрал болып табылады. Билік көмегімен саясаттың ұстанған бағыты мен сипаты өзгеруі мүмкін. Билік деп – біреудің екіншілерге әмірін жүргізіп,олардың қызметі мен іс-әрекетіне ықпал етеуін айтады.Саясаттанудың қызметі- қай ғылым болмасын белгілі біт қызметтерді атқарады.Оған ең алдымен танымдық қызметі жатады.Саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып-білуге,олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді.Саясаттану реттеушілік,басқару қызметін атқарады.Оның ерекшелігі- қоғамның саясси өмірімен тығыз байланысты.
Қарапайым демократиялық жолмен дамыған елде саясат адам үшін және адам арқылы жасалады. Себебі, әлеуметтік топтар, қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар қаншалықты маңызды орын алғанымен солардың бәрі адамдардан, олардың іс-әрекетінен тұрады.Сондықтан, саясаттың бас сүбъектісі адам деп аламыз.Адамдарды саяси жұмысқа итермелейтін негізгі себеп – мұқтаждық пен мүдде. Мұқтаждыққа өмірде керек, бірақ қолда жоқ зәрулік жатады.Ол табмғм және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи зәрулікке тамақ ішу, киім кию, баспана және т.с.с мұқтаждықтар жатады. Әлеуметтік мұқтаждық қоғамда пайда болады. Оған еңбек ету, басқа адамдармен қатынаста болу, қоғамдық өмірге араласу және т.б. қажеттіліктер кіреді.Мұқтаждықты адам сезініп, оны өтеуге тырысса, ол – мүддеге айналады.Тұлғаның қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуының жан-жақты маңызы бар. Мұндай қатынас арқылы адамның барлық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасалады. Азаматтық қоғам мен саяси институттар арасында тығыз байланыс орнайды.Саясатпен кәсіби айналыспайтын «орташа адам саясаттың толық субъектісі болуы
...