Саясаттану
Автор: Tamambek • Январь 31, 2021 • Доклад • 461 Слов (2 Страниц) • 383 Просмотры
Қоғамда әлеуметтік,экономикалық,мәдени,саяси, ақпараттық,білім, ғылым, дін,этникалық, миграциялық, демографиялық,құқықтық,денсаулық саласында өзекті қазіргі уақытта қандайда бір мәселеге байланысты бір тақырыпты таңдап, сол тақырыптың төңірегінде зерттеу жобасын құру. Социологиялық ррограмма негізінде тақырыпқа байланысты анкета сұрақтарын жасап, ұсыныстар қортынды талдау жасаңыз.
Қазіргі заманда «саясаттану» деген термин ғылымда кең көлемде қолданады, саясат әлемін, мемлекеттердің, саяси партиялардың билік жөніндегі қатынастарын зерттейтін пән ретінде.«Саясаттану» (политология) гректің «polis» және «logos» деген сөздерінен шыққан, мемлекет және саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.Саясаттану Х1Х ғасырдың екінші жартысында өз алдына жеке пән ретінде қалыптасты, ал бірінші ғылыми орталықтары ретінде АҚШ –тың Колумбиялық және Йелль университетері болды. 1857 жылы АҚШ-тың Колумбия коллежінде (кейін Колумбия университетіне айналған) профессор Френсис Либер «Тарих және саяси білім» деген кафедра ашты. Соның негізінде онда 1880 жылы саяси ғылымының жоғары мектебі құрылды. Сонымен бірге тұнғыш Саяси және әлеуметтік ғылымдар Академиясыда сол АҚШ-та 1889 жылы ашылды, ал 1903 жылы Америкалық саяси ғылымдар ассоциациясы құрылды.Саясаттану бірқатар қызметтерді (функция - functio ұғымы латын тілінен аударғанда «исполнение, осуществление – жүзеге асыру» деген мағынаны білдіреді) атқарады. Оған ең алдымен танымдық-теориялық қызметтер жатады. Олай дейтініміз саяси ғылым қоғамдық құбылыстар мен процестерді танып-білуге, олардың саяси мәнін түсінуге, саяси институттарды құру жолындағы әлемдік және ұлттық тәжірибелерді жинақтап, оны жүзеге асырудың мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. Қоғамдық-саяси ұйымдар көпшілік партияларды құру жолындағы алғашқы саты болуы мүмкін. Көбіне олар стихиялы түрде пайда болады. Қоғамдық-саяси ұйымдар адамдардың мүддесін іске асырудың құралы ретінде негізделеді. Қазіргі заманда ондай ұйымдар өте көп. Ол қоғамның саяси өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым-қатынастарының әр алуандылығын білдіреді. Сонымен, қоғамдық-саяси ұйымдар дегеніміз – халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, өзін өзі басқаратын адамдардың бірлестігі. Саяси жүйенің қызметіне қоғамдық қозғалыстар да ықпал етіп отырады. Олар өмір сүріп отырған саяси және экономикалық құрылысқа деген көзқарастарына қарай бір-бірінен ерекшеленіп отырады. Қазір Қазақстанда «Әділет», «Табиғат», «Аттан», «Елім-ай» және т.б. қоғамдық қозғалыстар жұмыс жүргізуде. Қоғамның саяси жүйесінде әртүрлі бірлестіктер мен еңбек ұжымдарының, жастао одақтарының, діни ұйымдардың да өзіндік ықпалы бар. Қоғамдық жүйенің екінші бөлігін саяси қатынастар құрайды. Оған таптардың, этникалық бірлестіктердің, жеке тұлғалар мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді. Әдетте мемлекеттің сыртқы саяси қатынастың басқа да субъектілермен халықаралық аренда өз қатынасын реттеуге байланысты әрекетін сыртқы саясат деп атайды. Мәселен, шет мемле-кеттермен, шетелдік партиялармен және басқа да қоғамдық ұйымдармен, дүниежүзілік және аймақтық халықаралық мекемелермен қарым-қатынасқа түседі. Сыртқы саясат мемлекеттің экономикалық, демографиялық, әскери, ғылыми-техникалық және мәдени потенциалдарына негізделеді.Мемлекеттің сыртқы саясатының мазмұнын айтатын басты мәселе— ұлттық мүдде. Ұлттық мүдде хақындағы мәселелерге, әдетте ұлттық еркін және тәуелсіз мемлекет ретінде сақгалуы, сыртқы соғыс қаупінен сақталу, ұлттық тұрмыс-жағдайын жақсарту, халықаралық аренада мемле-кеттің экономикалық және саяси позицияларын қорғау, дүниежүзілік саясатта мемлекеттің ықпалын сақтау және оның аясын кеңейту.
...