Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Маманды кәсіби дайындау жүйесіндегі саясаттану.

Автор:   •  Сентябрь 14, 2021  •  Реферат  •  1,306 Слов (6 Страниц)  •  6,407 Просмотры

Страница 1 из 6

Маманды кәсіби дайындау жүйесіндегі саясаттану. Орындаған: Темирханов Бекзат

Маманды кәсіби дайындау жүйесіндегі саясаттану.

Орындаған: Темирханов Бекзат

                        Пернебек Меруерт

1.Негізгі категориялары,саясаттанудың пәні мен объектісі.

  • Саясаттану - [грек, politike - мемлекетті басқару өнері, logos - сөз, түсінік, ілім] - саясат, саяси үрдіс, саяси билік туралы ғылым. 50 жж. саясаттану дербес ғылым саласы және оқу пәні ретінде  қалыптасты. 1948 ж. ЮНЕСКО бастауымен Саяси ғылымның халықаралық бірлестігі құрылды.  
  • Саясаттану пәні-саяси биліктің қалыптасуы және оның даму заңдылықтарын қызмет ету түрлері, әдістері және мемлекеттік ұйымдастырылған қоғамда қолданылуын оқытады.
  • Саясаттану пәніне үш анықтама : 1. Көп түрлі саяси ғылымдар жүйесіндегі жеке қалыптасқан саясаттың жалпы теориясы; 2. Саяси әлеуметтану; 3. Құрамына саяси әлеуметтану, саяси философиялық мемлекет және құқық теориясы және тағы басқа саяси пәндер енетін саясат жайлы білімдер кешені

Саясаттанудың объектісі-қоғамдағы саяси қатынастар, яғни саяси биліктің құрылымы оны жүзеге асыру механизмдері,экономикалық,әлеуметтік және рухани мүдделері.

  • Саясаттанудың объектісі-қоғамдағы саяси қатынастар, яғни саяси биліктің құрылымы оны жүзеге асыру механизмдері,экономикалық,әлеуметтік және рухани мүдделері.
  • Саясаттанудың өзіндік категориялары бар. Оған саяси құбылыстар мен процестердің мәнін білдіретін ғылыми терминдер жатады.

Саяси билік

Саяси тәртіп

Саяси жүйе

Саяси өмір

Егемендік

Демократия

Саяси процесс

Мемлекет

Саяси партия

Саясаттанудың негізгі парадигмалары мен мектептері.

  • Саясаттану парадигмалары - [грек, paradeiqma - теория, үлгі] - саясаттануда парадигма деп саяси өмірді бейнелеуді, білімді ұйымдастырудың қисынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. Парадигма жасау арқылы зерттеушіде белгібір саяси құбылысты зерделеудің негізгі өлшемі, қалпы қалыптасады. Соған орай ол деректерді жинап, талдайды, түсіндіреді, мағлұматтарды жинақтайды, жүйелейді. Саясаттану парадигмаларын жинақтай келе оларды теологиялық, натуралистік, әлеуметтік және тиімді сыни деп жүйелеуге болады.
  • Теологиялық парадигма саясатты, билікті құдайдың құдіретімен түсіндіреді. Бұл парадигма саяси ғылымның алғашқы дами бастаған кезеңінде пайда болған. Ол кезде барлық әлеуметтік-саяси құрылыс, мемлекет құдайдың құдіретімен жасалады және дамиды делінген.
  • Натуралистік парадигма саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда, географиялық ортамен, биологиялық және психологиялық ерекшеліктермен түсіндіреді.

Географиялық ортаның саясатқа ықпал етуін теориялық түрде негіздеген француз ойшылы Ж.Боден (1529- 1596) болды. Оның идеясын одан әрі дамытқан Ш.Монтескье (1689-1755). Оның ойынша географиялық орта, әсіресе климат халықтың рухын, мемлекеттің құрылыс түрін, қоғамдық құрылыстың сыр-сипатын айқындап, саясатында шешуші рөл атқарады.

  • Географиялық ортаның саясатқа ықпал етуін теориялық түрде негіздеген француз ойшылы Ж.Боден (1529- 1596) болды. Оның идеясын одан әрі дамытқан Ш.Монтескье (1689-1755). Оның ойынша географиялық орта, әсіресе климат халықтың рухын, мемлекеттің құрылыс түрін, қоғамдық құрылыстың сыр-сипатын айқындап, саясатында шешуші рөл атқарады.
  • Саясатты биологиялық себептермен түсіндірушілер (неміс ғалымы П.Майер, австриялық К.Лоренц) саяси процесті адамның туа біткен физиологиялық қасиеттерімен байланыстырады.
  • Ал психологиялық бағыттың негізін қалаушылар саяси даму процесін адамның психологиялық қасиеттерімен түсіндіреді. Бұл бағыттың негізін қалағандар Г.Тард, Г.Лебон, Э.Дюркгейм және т.б.
  • Әлеуметтік парадигма саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді. Мысалы, марксизм саясаттың мәнін экономикалық қатынастардан шығарады. Ол қоғамның әрбір экономикалық базисі қажетті түрде әзіне сәйкес қондырма тудырады деді. Яғни, белгілі бір экономикалық базис негізінде саяси, құқықтық, философиялық, діни, этикалық, эстетикалық, т.с.с. көзқарастар мен идеялар пайда болып, дамиды.
  • Тиімді (рационалды) сыни парадигма саясаттың табиғатын оның өз ішіндегі себептермен, қасиеттермен, элементтермен түсіндіреді. Оныжанжалдық және мәмілеге келу парадигмалары деп екіге бөлуге болады.

Жанжалдық парадигма XIX г. пайда болды. Оның негізін қалағандар - К.Маркс,А.Бентли, Земмель және т.б. Олар саяси өмірде дау-жанжал, шиеленістер шешуші рөл атқарады дейді. Қазір бұл теорияны қолдаушыларға Р.Дарендорф, Дж. Бертон және т.б. жаұтады. Бірақ олар К.Маркс сияқты саяси дау-жанжалды тап күресіне, қоғамдық құрылыстың түбегейлі өзгеруіне апармайды, қоғамдағы билік қорлары үшін бәсекелестікті, әлеуметтік тапшылықтан туатын мәселелерді шешу саяси ағзаның өзін-өзі жетілдіріп, дамуына әкеледі дейді.

  • Жанжалдық парадигма XIX г. пайда болды. Оның негізін қалағандар - К.Маркс,А.Бентли, Земмель және т.б. Олар саяси өмірде дау-жанжал, шиеленістер шешуші рөл атқарады дейді. Қазір бұл теорияны қолдаушыларға Р.Дарендорф, Дж. Бертон және т.б. жаұтады. Бірақ олар К.Маркс сияқты саяси дау-жанжалды тап күресіне, қоғамдық құрылыстың түбегейлі өзгеруіне апармайды, қоғамдағы билік қорлары үшін бәсекелестікті, әлеуметтік тапшылықтан туатын мәселелерді шешу саяси ағзаның өзін-өзі жетілдіріп, дамуына әкеледі дейді.
  • Мәмілеге келу (консенсус) парадигмасының әкілдеріне М.Вебер, Т.Парсонс жатады. Олар саяси әмірдегі дау-жанжал, қайшылықтарды жоққа шығармайды. Алайда оларды мәмілеге келуден кейінгі екінші орынға қояды. Халықтың арман-аңсарының, негізгі әлеуметтік және мәдени құндылықтарының, бағдарларының бірлігі адамдар арасында туатын қайшылықтарды саналы түрде реттеп, шешуге, қоғамда тұрақтылық пен ынтымақтастықты орнатуға көмектеседі. Олар саяси мәселелерді шешуге күш қолдануға, қоғамның революциялық жолмен дамуына қарсы. Бұл бағытты ұстанушылар орта тап санының көбеюі арқасында Батыс елдерінде таптық қарсыласу жойылды дей келіп, оның қоғамдағы рөліне үлкен үміт артады.

Саяси ғылымның ғылыми-танымдық,әдіснамалық және қолданбалы функциялары.

Саясаттану функциялары

1.Саяси білімдер жүйесіндегі теориялық-методологиялық функция. Егер де саясаттанудың ғылым ретіндегі ерекшелігін, оның пәнінің (саяси шынайылықты тұтастық ретінде) саяси білімдердің барлық жүйесінің зерттеу объектісімен үйлесетіндігін ескерсек аталмыш функцияның бар екендігін анық көруге болады. Сондықтан даДсаяси шынайылықтың пайда болу, даму және қызмет ету заңдылықтары саяси білімдер жүйесінің жалпытеориялық, методологиялық негізі ретінде көрінеді.

2. Танымдық функция. Рационалды түрде дәлелденген білімдердің барлық жүйесі тәрізді саясаттану да танымдық функция атқарады, яғни саяси ақиқатты шынайы саяси процестер мен құбылыстар арқылы ұғынуға ұмтылады. Бірақ, саяси оқиғалар ситуативті және субъективті болғандықтан саяси шынайылықты тану — өте күрделі әрі қарама-қайшылықты процесс, Ситуативтілік саяси ақиқат үшін нақтылықтың жоғары дәрежесінің тән болуынан және саяси проблемалардың шешімінің алдын ала берілмейтіндігінен көрінеді. Сондықтан да, жалаң пікірлерді басшылыққа алуға болмайды, керісінше дәл осы зерттелініп отырған жағдайды, оның мазмұнын бар байлығымен ашу қажет. Субъективтілік саяси оқиғалардың саяси қатынастар субъектісінің шығармашылық әлеуетіне, оның саяси мәдениетті игеруіне, оның еркіне, мақсатқа ұмтылысына, саяси интуициясына, шынайылықты сезінуіне тәуелділігін бейнелейді. Ситуативті және субъективті сәттердің мазмүны өткінші, өзгермелі болғандықтан, оларды саяси ақиқатта көрсету өте қиын. Бұдан өзге, саяси оқиғалардың — өткеннің, бүгінгінің және болашақтың бір-бірімен өзара тығыз байланысып жаткан процесс екендігін ескерген абзал. Өткен уақыт жоғалып кетпейді, ол өңін өзгерткен формада бүгіннің негізі, алғышарты, шарты ретінде, ал болашақ қазіргі уақыттағы дамудың объективті ағымы

Практикалық функция. Саясаттану — өте практикалық ғылым. Осыған орай ол өте үлкен эмпирикалық мазмұнға ие, өйткені оның шын мәніндегі зерттеу объектісі — саяси қатынастардың кең шоғырланған формасында көрінетін көпмиллиардты адамзат  кауымдастығының тіршілік әрекеті. Саясаттану саяси бағдарламаларды жасау, мақсаттарды жасақтау мен оларды үздіксіз реттеп отыруға қолданылатын ғылыми кұрал. Ол нақты саяси процестерді, саяси катынастар субъектілерінің саяси іс-әрекеттерін сараптап жалпылайды, саяси институттарды, ұйымдарды, сондай-ақ олардың құрылуы мен қызмет етуінің негізі болатын принциптер мен нормаларды зерттейді. 4. Конвенционалдық функция. Ол практикалық функциямен тығыз байланысты. Сонымен қатар, ол дербес, ерекше саяси мәселелердің шешімін табуға қатыса алады жөне саяси мәдениеттіңкейбір шешуші принциптеріне ықпал етеді. Сондықтан да оны дербес функция ретінде қарастырғанымыз жөн. Субъектілер арасындағы саяси қатынастар әр түрлі формада (антагонизмнен, әлеуметтік өшпенділіктен үндестік пен ынтымақтастыққа дейінгі аралықта) болуы мүмкін. Адамзаттың тарихи төжірибесі көрсеткендей, антагонизм мен өшпенділік (әсіресе, таптық және ұлттық қатынастардағы) өркениет тарихында көрнекті орын алды және адамзаттың саяси тәжірибесі көрсетіп отырғандай олардың адамдарға, саяси мәдениетке ықпалы өте күшті болды. Өшпенділік пен антагонизм белгілі бір әлеуметтік жүйелердің табиғатында бар болуын әлеуметтік субъектілердің мүдделерінің түйісуін және консенсусқа жету жолымен проблемалардың шешімін табуды қамтамасыз ететін саяси мәдениеттің дамуының жеткіліксіздігінен көруге болады. Саясаттанудың ғылым ретіндегі маңызды функциясы — адамдар өмірінде өшпенділіктен ынтымақтастыққа өтуді қамтамасыз ету болып табылады.

http://melimde.com

...

Скачать:   txt (20.3 Kb)   pdf (124.9 Kb)   docx (12.5 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club