Сатылай кешенді оқыту технологиясы
Автор: boranbaevams9999 • Декабрь 26, 2018 • Доклад • 1,173 Слов (5 Страниц) • 895 Просмотры
Магистрант: Боранбаева М.С.
Ғылыми жетекші: п.ғ.д. профессор міндетін атқарушы Сламбекова Т.С.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒАЛЫМ Н.А. ОРАЗАХЫНОВАНЫҢ «САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ОҚЫТУ» ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Президент Нұрсұлтан Назарбаев «ұлттық код – рухани болмыс кілті», –деп «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында санамыздың ісімізден озық жүруінің маңыздылығын атап, жүйелі түрде талдап көрсетті. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, М.Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана. Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан, заманға сәйкес ұлттық бірегейлікті сақтай отырып жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр[1].
Бұл міндетті орындауда ұлт мәдениетінің қайнар көзі – тіл мәселесіне баса назар аударуымыз керек. Әр халықтың ұлттық дәстүрінің, сана сезімінің, сөйлеу, ойлау тәсілінің, мінез-құлқының, мәдениеті мен әдеп ниетінің айрықша белгілері тіл арқылы бейнеленеді. Тіл өнерінің құнын халқымыз өте биік бағалап, «Өнер алды – қызыл тіл» деген.
Олай болса қазіргі таңдағы біздің міндетіміз – мемлекеттік тілдің қоғамдағы беделін нығайтып, қоғамымыздың жетекші салаларындағы тілдік қолданысты арттыру. Демек бұл мәселені шешу жолдары «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» айқын көрсетілген. Бағдарламаны жүзеге асыру негізгі төрт міндеттен тұрады. Біріншісі – мемлекеттік тілді ұлт бірлігінің басты факторы ретінде нығайту; екіншісі – мемлекеттік тілді кеңінен қолдауды көпшілікке тарату; үшіншісі – дамыған тіл мәдениеті зиялы ұлттың басты күш-қуаты екенін көрсету.
Сонымен қазіргі кезеңде дәстүрлі оқыту әдістерін іздестіру, тәжірибеге енгізу– уақыт талабы. Өйткені бүгінгі қоғамдағы өзгерістер білім беру жүйесінде. Демек сабақтың жүргізілу барысына, жаңа талап, жаңа міндет әкелді. Бұл талап білім алушының өз мелекеттік тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру болып отыр. Осы тұста Елбасының, ғалымдардың пікірлерін әрі қарай сабақтар болсақ, қазақтың ұлттық тілін сақтап, дамыту үшін ұлттық менталитетімізге жақын төл технология қажет. Тіл үйрету үдерісіндегі ең белсенді заманауи әдістемелік тәсілдердің бірі – қазақстандық ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Н.А. Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы. Технология туралы автор :
«Сатылай кешенді оқыту технологиясы» дегеніміз – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері, өзіндік ерекшелігі бар және оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі, кешенді меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай, қолдана білуге машықтандыратын оқыту. Сатылай кешенді талдау оқушыларға қазақ тілі ғылымының мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысын, сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастырады. «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының басты қағидаларының бірі – жоғары қиындықта оқыту.
«Сатылай кешенді оқыту» технологиясы – тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен ғана шектелмейтін, сонымен қатар баланың жалпы тұлғалық дамуына, ойлау, қиялдау, елестету, есте сақтау сияқты басқа да танымдық-психологиялық қасиеттерінің жақсы үйлесімді дамуына бағытталған, қазақ тілінде ойлайтын, өз тілінде дітін орындата алатын, қазақ мәдениетін меңгерген тілдік-мәдени тұлға қалыптастыратын оқытудың түрі». [2,б...].
Осындай ғылыми тұжырымдардан кейін бізде осы технологияны зерттеп, зерделей отырып, ғылыми жұмысымыздың тақырыбын былай деп алдық Жасыратыны жоқ бүгінгі таңда оқушыларымыздың тілдік байлығы, сөз қолданысы жылдан жылға төмендеп бара жатқаны баршаға аян. Сондықтан бастауыш сыныптан бастап оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысына баса назар аударуымыз қажет. Ал, байланыстырып сөйлеу дегеніміз – оқушылардың бұрын қабылданған алуан түрлі сөйлеу шеберлігі мен дағдыларының, соның ішінде орфографиялық және пунктуациялық жағынан дұрыс, интонация жағынан әсерлі, тартымды (ауызекі сөйлегенде), бейнелі, көрікті сөйлеу машықтығы мен іскерліктері. Байқап отрығанымыздай, байланыстырып сөйлеуге баланың тіл білімі салаларынан теориялық білімінің қажеттілігі туындайды. Сондықтан «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы Алаш зиялыларының білім беру жолындағы идеяларын басшылыққа ала отырып, қай пәнді болсын оқытуда оқушының байланыстырып сөйлеуіне ерекше мән береді.
...