Қазіргі замандағы педагогикалық оқыту технологиялар.Деңгейлеп оқыту технологиясы
Автор: Sakowkau • Май 17, 2019 • Курсовая работа • 5,127 Слов (21 Страниц) • 845 Просмотры
1.Қазіргі замандағы педагогикалық оқыту технологиялар.Деңгейлеп оқыту технологиясы.
1.1Деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша сабақтың өткізу әдістемесін жасау
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының оқытушыларға тиімділігі- білім игерудің үш деңгейінің қарастырылуы. Оқушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізуі.Білім дәрежесі бірдей топтарды тексеру ісінің жеңілдеуі. Оқушылардың жұмыстары әділ бағалануы.Оқушы мен оқытушының шығармашылық қызметін белсенді түрде дамытуы.Дарынды оқушыларды анықтап, олармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігінің орнауы.
Бірінші деңгей-«үйренушілік».( Репродуктивтік ) Оқушылардың жаңа тақырыптан алған білімдерін бекіту үшін, еске түсіріп, қайталау үшін және алған білімдерін практикада қолдана білуге жаттықтырады. Мұнда оқушының қызығушылығына, таным бірлігіне назар аударылады.
Екінші деңгей-«алгоритмдік». Мұнда кері байланысқан функцияларды орындау үшін тексеру тапсырмалары, іріленген материалдарды жүйеге келтіруге, реттеуге арналған, мазмұны өзгертілген жағдайға тапсырмалар беріледі. Сонымен қатар ұлттық негізде құрылған, көбінесе танымдық және үйренушілік мәні бар тапсырмалар, мысалы, сөзтізбектер, ребустар, ойлауға арналған тапсырмалар беріледі.
Үшінші деңгей – «эвристикалық». Бұл деңгейде оқушылар тақырып бойынша меңгерген білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын, әртүрлі әдіс-тәсілдермен орындалатын тапсырмалар орындайды. Оқушы өзі ізденіп, материалды саналы түрде меңге1руі керек.
Төртінші деңгей-«шығармашылық», Оқушы өзіндік шығармашылық деңгейін көрсетеді. Шығармашылық тапсырмалар – оқушылардың білімділігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады. Өз бетімен талдау жасау арқылы шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу
2 «Тракторлар және автомобильдер» пәні бойынша теориялық сабақтың оқу құжаттарын жасау
2.1 «Қоректендіру жүйесі» тақырыбы бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспарын жасау
Сабақты ғылыми әдістемелік деңгейде өткізу үшін мұғалім өзінің жұмысын жоспарлауы тиіс. Оқытушы оқу пәнінің тақырыбын оқу жоспары мен бағдарламасына сүйеніп күнтізбелік-тақырыпты жоспар құрастырылады, яғни тақырып бойынша сабақ жүйесін анықтайды.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарының негізгі тақырып бойынша сабақ жүйесін құрастыру. Ал сабақ жүйесіне тақырып бойынша оқу процесінің мынадай негізгі элементтері: жаңа білім хабарлау, білім мен білікті бекіту, білімді жүйелендіру және қорытындылау, бақылау. т. б. кіреді.
Күнтізбелік -тақырыпты жоспардың құрылымын үш компонентке бөлуге болады: тақырыптың оқу материалын сабақтарға бөлу, әрбір сабақтың әдістемесі күнтізбелік-тақырыптық жоспарының тақырып бойынша сабақ жүйесі тақырыптың мазмұнын логикалық байланыстырады.
Теориялық оқытуды жоспарлаудың негізгі құжаты күнтізбелік-тақырыптық жоспар болып табылады. Пән бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар оқу жоспары мен бағдарламасына сәйкес кезек бойынша әр тақырыпты оқығанға дейін білімдер жүйесін анықтау және сабақты өткізуге өз уақытын дайындау мақсатында жасалады [13].
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарда оқу материалы сабаққа рационалды бөліне отырып, келесі сұрақтарды қалыптастыру керек. Оқыту жұмысын ұйымдастыру формасы, олар: теориялық, практикалық сабақ барысындағы білім алушылардың өзіндік жұмысы, пәнаралық байланысты іске асыру, пәнаралық жұмыспен байланыс, өндірістік оқытумен байланыс, көрнекті оқу-құралын, дидактикалық материалды және техникалық оқу құралын пайдалану жолдары, білім алушыларға үй тапсырмасын беру.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар компоненттерін оқытушы немесе шебер оқу пәніне және тақырып материалының мазмұнына, оқу орнының оқу материалдық базасына, білім алушылардың дайындық деңгейіне байланысты анықтайды. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарды жасау кезінде педагог немесе өндірістік оқыту шебері белгілі бір жұмысшы мамандықтары бойынша белгіленген біліктілік сипаттамасына, оларды дайындау оқу жоспарына, оқу пәнінің бағдарламасына, оқулықтар мен оқу құралына, материалдық-техникалық базасына сүйенеді.
...