Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кредиттік оқыту технологиясы

Автор:   •  Октябрь 15, 2020  •  Доклад  •  711 Слов (3 Страниц)  •  741 Просмотры

Страница 1 из 3

«КРЕДИТТІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ КЕМШІЛІКТЕРІ МЕН АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ. НЕСИЕЛІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР»

Кредиттік оқыту технологиясы – бұл білім беру технологиясы, ол өз бетімен білім алу деңгейін көтеруге және дара негізінде шығармашылық білімді меңгеруге бағыттайды, сонымен қатар оқу процесін және білім көлемін кредит негізінде есепке алып, білім беретін траекторияны таңдау негізінде сайлайды.

Қазақстан Республикасында кредиттік оқыту жүйесі 19 ғасырдың 90-шы жылдарының ортасынан біртіндеп қалыптаса бастады. Елімізде 2007 жылы 15 тамызда «Білім туралы» жаңа заң қабылданды. Университеттер оны зерттей келе, оқу жоспарлары мен бағдарламаларының бірегейлендіруіне байланысты, студенттердің мобильділік артықшылықтарын анықтай бастады. Осыған орай, кредиттік оқыту технологиясын енгізудің басты мақсаты ретінде– студенттердің кәсіби дайындық деңгейін арттыру, олардың жеке шығармашылық қабілеттіліктерін жан-жақты дамыту, қажет болған жағдайда студенттерге жақын және алыс шетел жоғары оқу орындарына кедергісіз ауысу мүмкіндігін беру қойылды. Осы арада, оның негізгі ережелері де бекітіліп қабылданды. Жүйенің осындай мақсаты мен ережелері болғанымен, оның жағымды да, жағымсыз жақтары орын алды. Осыдан, «Ол қалай орын алды? Оны қалай шешуге болады? Олардың қайсысы басым?» сияқты сұрақтар бірден ойына келеді. Мен осы сұрақтарға, үлкен ізденістер жасай отырып қана жауап бере алдым.

Негізінде, «кредиттік жүйе» жоғары оқу орындарының көпжақты қызметтерін реттейді, олар: оқу бағдарламасы, оқу жоспары, оқу кестесі, студенттердің оқу жүктемесі, студенттердің білім деңгейін бағалау, дәрежелер беру, мұғалімдердің педагогикалық жүктемесі, оқу тәртіптерінің құны, оқу ақысын анықтау, мұғалімдердің жалақысы және тағы да басқалары. Бұл, өте тиімді және ыңғайды жүйе деп есептеймін. Оның артықшылықтары қатарына осындай тізім келтіргім келеді: біріншіден – оның қарапайымдылығы (қолдану мүмкіндігі, шығындар мен уақытты бағалауы), екіншіден – оның икемділігі (әртүрлі жағдайларда және әртүрлі түрдегі білім беру мекемелерінде қолдану мүмкіндігі), үшіншіден – оның жан-жақтылығы (әр түрлі бағдарламаларға сәйкес келеді), білім беруді іштей бағалауы, оқу процесін басқарудың демократиялық формада болуы, оқушылардың қызығушылықтары мен қажеттіліктерін барынша ескеруі, өзіндік тұлғалық дамуы, университеттер мен студенттердің үлкен академиялық еркіндігі, студенттердің академиялық ұтқырлығының болуы, білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға жұмыс берушілерді тарту мүмкіндігі, жұмыс берушілердің қажеттіліктерін қанағаттандыруы, білімді беру мен меңгерудің біркелкілігі мен пропорционалдығын қамтамасыз етуі, оқытудың «оқыту» (teaching) форматынан «оқыту» (learning) форматына ауысуы, студенттердің оқу жоспарындағы қамтылған пәндерді таңдау еркіндігі, оқу траекториясын таңдауда көмектесетін академиялық консультанттардың енуі, әр студенттің эдвайзер көмегімен оқу пәндерін меңгеру үшін білім беру траекториясын таңдау арқылы оқытудың жекелендірілуі, шетелде оқу мүмкіндігі және тағы басқалары.

...

Скачать:   txt (10.8 Kb)   pdf (45.5 Kb)   docx (9.9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club