Оқушыларды практикалық оқытудың әдістемесін ұйымдастыру
Автор: marzhan30.01 • Октябрь 1, 2018 • Курсовая работа • 8,642 Слов (35 Страниц) • 937 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ИНЖИНИРИНГ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ
Рег №__
«__»_____________2018ж. «Кәсіптік оқыту және қоғамдық ғылымдар» Кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
«Кәсіптік оқыту әдістемесі» дисциплинасы бойынша
Тақырыбы: «Оқушыларды практикалық оқытудың әдістемесін ұйымдастыру»
5В050800 – «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша
Студент Түзел Камшат
Тобы Кәсіптік оқыту 15-1
Ғылыми жетекшісі Исабаева Сұлу Нағашыбайқызы
Қорғауға жіберілді «__»_______2018ж. _________________________
Жетекшісінің қолы,(Ф.И.О)
_________________ «__»_______2018ж. ________________________
Бағасы Жетекшісінің қолы,(Ф.И.О
Алматы 2018
ЖОСПАР
КІРІСПЕ........................................................................................................ 3
І. САБАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҚАТЫСТЫ ТЕОРИЯЛАР МЕН МӘСЕЛЕЛЕР....................................................................................................... 5
1.1 Сабақ ұғымы................................................................................... 5
1.2 Сабақты ұйымдастырудың әдістемесі................................................ 6
1.3 Қазіргі сабақты ұйымдастырудың ережесі......................................... 8
ІІ. ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ САБАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ....................................................................................................... 16
2.1 Кәсіптік білім беру жүйесіндегі сабақты ұйымдастыру тәжірибесі......... 16
2.2 Қазіргі кездегі сабаққа қойылатын талаптарды жүзеге асыру тәжірибесі.18
2.3 Болашақ педагог ретінде студенттің қазіргі сабақты ұйымдастыру дайындығы........................................................................................................... 29
ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................ 34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................ 35
КІРІСПЕ
Қазіргі кездегі қоғам талабына жауап беретін жеке тұлғаны қалыптастыру, өсіп келе жатқан ұрпақ бойында белсенді өмірлік ұстаным тәрбиелеу қажеттілігіне байланысты дидактиканың басты мәселесі — оқыту үрдісінде мұғалім мен окушының өзара әрекеттесуі болып отыр. Оқушыға танымдық әрекет субъектісінің ұстанымын қамтамасыз ету міндеті, мұғалімнің басшылығымен оқушы белсенді әрекеттен өзін-өзі басқару негізіндегі әрекетке көшу үшін жағдайлар жасау міндеті тұрады.
Бұл міндеттердің шешімі оқыту үрдісін жалпы қайта құру есебінен жүзеге асырылмақ. Егер әрбір оқушы сабақта белсенді ой әрекетіне қосылса, күші жететін қиыншылықтарды жеңу қажеттілігі алдында тұрса, қорытынды мен жалпылау жасауға, әртүрлі сұрақтарға жауаптарды өздігінен табуға ұмтылса, танымдық белсенділігін және дербестігін қалыптастыру мүмкін болады. Оқушылар белсенділігінің осындай сипатын көрсететін қажетті шарт — дербестік таным әрекеті. Ол ұзақ уақыт ішінде оқушылардың әртүрлі өзіндік жұмыстарын орындаумен көбірек байланысты болды. Бұл әрқилы өзіндік жұмыстарды өткізудің мазмұнын және әдістемесін оқу материалын меңгерудің әртүрлі кезеңінде, әртүрлі дидактикалық мақсатқа қол жеткізуге байланысты әзірлеуді талап етті.
Дербестік таным әрекетін талдауда П.И.Пидкасистый оның ішкі, мәнді жағана ерекше наза аударады. Ол шыныңда да дербестік деп оның құрылымының барлық қажетгі элементтерін немесе мұғалімнің тікелей басшылығымен істеуіне жатқызады.
Өзектілігі. Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде оқытудың қалыптасқан дәстүрлі түрлерінен басқа, дәстүрсіз түрлері де пайда болуда. Ол, әрине қоғамның жаңару, жетілдіру жағдайыңда білім беру саласын реформалаумен тығыз байланыста іске асуда. Практикалық оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұндай дәстүрсіз түрлері көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсат - әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсете отыра, оны жаңа сапалық сатыға көтеру. Олардың қатарына лекция, конференция, пікірталас, панорама, компьютерлік сабақтарын жатқызуға болады.Бірақ, жоғарыда аталған сабақтың дәстүрлі емес түрлері — оның жана немесе жеке түрлеріне жатпайды. Себебі, ондай сабақтардың дидактикалық құрылымы анықталмаған, ешбір дидактикалық қағидаларға негізделмеген.
...