Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Химияны оқытуда оқушылардың оқу белсенділін арттырудың тиімді жолдары

Автор:   •  Апрель 1, 2019  •  Реферат  •  1,284 Слов (6 Страниц)  •  771 Просмотры

Страница 1 из 6

Химияны оқытуда оқушылардың оқу белсенділін арттырудың  тиімді жолдары

Бүгінгі білім беруді жаңарту жағдайында оқушылардың оқу белсенділігін арттыру маңызды болып отыр. Жалпы бүгінгі күні әлемнің барлық елдерінің қоғамдық даму негізі болып білім, яғни жаңа технологиялармен қатар белсенді әдістер болып табылады. Соған сәйкес өркениет дамуының қазіргі кезеңінің жаңаруымен және жаңа ақпараттық қоғамды қалыптастырумен байланыстыру кездейсоқ нәрсе емес деген ой туындайтыны сөзсіз.

Химия сабақтарында оқу белсенділігін арттырудың  негізгі мақсаты өз бетінше дами алатын жеке адамды қалыптастыру болғандықтан, оқушылар өз бетінше танымдық әрекет етудің әдістері мен дағдыларын меңгеруі керек. Химия  сабағында оқушының белсенділігін арттырудың негізгі формалары – топтық және жеке түрлері көп қолданылады [1].

Міне, сондықтан жеке тұлғаны оқыту мен дамытудағы белгілі әдістердің ролін бағалай отырып, қоғам дамуының әр кезеңінде адам ақыл – ойының «олардың белсенділігін арттыру» әдістерді пайдалану жолындағы ізденістер мен ұсыныстар бүгінгі таңда өзекті деп қажеттігін айту керек.

Оқыту әдістерін таңдап алу оқу материалының мазмұны және мектеп оқушыларының танымдық әрекеттері немесе зерттеу сипаттарымен анықталады.

Қазіргі таңда дидактика ілімінде оқытудың белсенді әдістерінің ішінде ең негізгісі – пікірсайыс (дискуссия, дебат) әдісі. Бұл әдістің ерекшілігі оқушының белсенді іс – әрекетіне бағытталуы.  Оқушылардың белсенділігін арттыру маңызды орын алады. Мектепте соңғы уақытта бұл бағытта біршама жұмыстар жүргізілгенімен, әлі де тек жаттап оқитын оқушылар мен белсенділікке тәрбиелемей әдістерді пайдалану мен нақты өмір жағдайына ескермей оқыту ісі жалғасуда, бұл қазіргі кезде қоғам сұранысын қанағаттандырмайды.

Осыған байланысты оқыту процесін жоспарлаудың, қолданудың және бағалаудың жүйелі әдісі, адамдардың техникалық ресурстарды білімді игеру жолында өзара тиімді әрекет етуінің негізі ретінде жаңа педагогикалық техно-логиялар түрлері көбейе түсуде. Сол себепті, осындай жаңартылған белсенді әдістерді таңдап алу – әр мұғалім үшін жауапты да іскерлікті қажет етеді [2].

Бүгінгі күні қоғам талаптарына байланысты деморатиялық құндылықтарға көшуге қарай, Ресейде, Қазақстанда және тағы басқа ТМД елдерінде білім жүйесінің жаңа парадигмасына нақты бет алу байқалады: елдер білім саласында тұлғалық-бағдарлы оқытуға және ізгілендіруге көшуде және бұнда шешуші рөл жаңа әдіс – тәсілдерді дұрыс пайдалануға қазіргі білім жүйесінің басты бағыттарының бірі болып қарастырылуда және білім беру саласында пікірсайыс әдісін кеңінен қолдану түрлі дидактикалық, педагогикалық міндеттерді шешу жолында зор құрал болып отыр. Қазіргі әдебиеттерде жаңа әдіс тәсілдерді пайдалану білім жүйесін әдіснамалық және практикалық жолдауларды, сондай-ақ оқу мен тәрбиенің психологиялық-педагогикалық міндеттерін шешуге бағытталған технологияларды тиімді қолдануды қамтамасыз ететін үрдіс есебінде қарастырады [3].

Жаңа белсенді әдістерді пайдалануды көптеген педагогтар мен психологтар оқу процесінде баланың өз бетінше ақыл-ойының дамытуы деп қарастырады. Осындай белсенді әдіс тәсілдерді жүйелі пайдаланудың өзі оқыту мен тәрбиелеу процесін тиімді және жемісті ұйымдастырудан туындайтындығы белгілі.

Оқушылардың белсенділігін арттырудың тиімділігін дұрыс түсіну үшін бұл ұғымның теориялық аспектілерін толық түсінуді қажет етеді.

«Технология» деген ұғым тек өндірісте ғана емес, қазіргі кезде педагогикалық теория мен практикаға толығымен енді. «Технология» терминінің түсіндірмесі әр қилы В.И.Шепельдің айтуы бойынша технология – өнер, шеберлік, біліктілік, жағдайды зерттеуге бағытталған іс-әрекеттерінің жиынтығы ұғымын білдіреді. Егер қазіргі баспасөз материалдарына жүгінсек, бес бағытқа бағдарланған 50-ге жуық технологиялар ғылыми түрде негізделген екен. Олар: қалыптасқан оқыту жүйесі, жетілдірілген технологиялар, баламалы технологиялар, дамыта оқыту технологиялары және авторлық мектептер. Олардың әрқайсысы ғылыми тұжырымдамаларға негізделген мазмұны мен әдістемесінде ерекшеліктері бар, үрдістің мәнін түсіндіре алатындай негізде құрылған. Педагогикалық технологиялардың құрылымы мынандай болуы тиіс:

...

Скачать:   txt (19.1 Kb)   pdf (182.2 Kb)   docx (15.4 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club