Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сандар жүйесін оқытудың әдістемесін жетілдіру жолдары

Автор:   •  Ноябрь 29, 2021  •  Курсовая работа  •  29,275 Слов (118 Страниц)  •  415 Просмотры

Страница 1 из 118

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА САНДАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

3

I тарау. Сандардың жалпы білім беретін мектеп математика мазмұнындағы

 орны  

1.1. Сан ұғымы және сан мәселесінің классификациясы

7

1.2.Сандар жүйесін орта мектепте оқытудың теориялық негіздері

1.3 Жаңартылған білім мазмұнында сандарды оқытудың жағдайы

I тарау бойынша қорытынды

19

II тарау. Сандар  жүйесін оқытудың әдістемесін  жетілдіру жолдары

2.1. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сандарды оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдер

2.2. Сандарды оқытудың белсенді формалары мен әдістері

2.3 Сандарды оқыту әдістемесін жетілдіру жолдары

II тарау бойынша қорытынды

33

ЖАЛПЫ ҚОРЫТЫНДЫ

55

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

63

ҚОСЫМШАЛАР

65

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

Ұрпақ тәрбиесі мәселесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қазіргі қоғам алдында тұрған  ауқымды істердің бірі болып табылады. Оның негізгі бағыттары Қазақстан Республикасының Ата заңы – Конститутцияда, «Білім туралы Заңда», Президенттің «Қазақстан – 2030. Барлық  қазақстандықтардың өсіп – өркендеуі, қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы» атты Жолдауында айқындалды.

        Бірнеше ғасыр бойы орыс қаруының күшімен құрылған, жер шарының алтыдан бір бөлігін иеленген алдыңғы Ресей, кейінгі КСРО империясында 200 – ге тарта ірілі – ұсақты  ұлттар өмір сүреді. Сондықтан империяны сақтап қалу үшін орыстан басқа ұлттардың өзіндік ерекшеліктерін жою, яғни XX ғасырдың басындағы қазақ халқының рухани көсемі болған Ахмет Байтұрсыновтың сөзімен айтқанда, « хүкіметке жағымдысы – қол астындағы жұрттың жазу- сызу, тілі, діні бір болу» [1] мәселесі мемлекеттің идеологиялық саясатының негізіне алынды. Бұл саясат жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу барысында ашық және батыл жүргізілді.1930 жылдардан бастап орталық «бірыңғай еңбек мектебін құрамыз» деген сылтаумен жеткіншек ұрпақтың қалыптасуына тұқым қуалаушылық және әлеуметтік ортамен бірге өз әсерін тигізетін осы бір маңызды тетікті түгелімен өз қолына жинақтады. Әрине, оның қазақ мектептеріндегі жекелеген пәндерді оқыту мазмұнының деңгейін көтеру сияқты игі жағымен қатар, көптеген көлеңкелі тұстары болғаны жасырын емес. Атап айтқанда,бірнеше ондаған жылдардың ішінде қазақ халқының 35- 40% өз ана тілін білмейтін дәрежеге келді, ұлттың қандай да бір бөлігі өз өткеніне немқұрайлылықпен қарады, ұлт болашағына сенбеді, сол сияқты қазақ тілінде оқығандардың өзі орта мектепті негізінен орыс тілінен аударылған оқу – әдістемелік құралдардың көмегімен бітірді. Мұның өзі келешек ұрпақтың білім деңгейіне, өмірлік көзқарастарына теріс ықпалын тигізбей тұрмады. Сол сияқты барлық орта және жоғары мектептен бастап балабақшаға дейінгі тәрбие орындарындағы оқу пәндері бағдарламаларының, оқу құралдарының негізінен орталықта жасалуы, ал республикада тек қана қазақшаға аударылуы ұлттық педагогика мен психология ғылымдарының дамуына ыңғайлы жағдай жасамады.

        Қазақ тарихының арғы жағын қазбай – ақ, бергідегі А. Байтұрсыновтың қазақ тілі мен мәдениетінен, Х.Досмұхамедовтың жануартану мен өсімдіктанудан, М.дулатовтың, С.Қожановтың, К.Жәленовтың, Қ.Қаймеңкеұлының, Ә.Қасымовтың, Ә.Ермековтың, Е. Омаровтың математикадан , М. Жұмабаевтың педагогикадан, Ж.Аймауытовтың психологиядан, т.б жазған еңбектері ұмыт қалды.

Осындай жағдайларға байланысты демек, республика мектептерінде оқытылған қазақ тілі мен әдебиеті, ана тілі, әліппе сияқты пәндерден басқа пәндерді оқыту барысында қазақ халқының ұлттық және республиканың аймақтық (экономикалық және әлеуметтік, географиялық, т.б.)ерекшеліктері мүлдем ескерілмеді. Бұл жағдайдан бастауыш математика пәні де шет қалған жоқ. Оны оқыту барысында қазақ тіліндегі сан есімдердің құралу ерекшкліктері, математикалық жаттығулардың (әсіресе,мәтінді есептердің) көмегімен оқушыға халық тарихынан, өзін қоршаған ортадан,республиканың көптеген жағдайлары (жер – су аттары, өзендердің ұзындығы, көлдердің тереңдігі, ауданы, ондағы балық түрлері, темір жол тораптарының ұзындығы, қазақ жерін мекендейтін жан – жануарлар әлемі, шаруашалық өнімдері мен олардың түрлері, т.б.) жайлы мәлімет беру мәселесі ескерілмеді.

...

Скачать:   txt (312.6 Kb)   pdf (5.6 Mb)   docx (4.6 Mb)  
Продолжить читать еще 117 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club