Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мен білім министрі болсам не істер едім?

Автор:   •  Сентябрь 25, 2023  •  Эссе  •  308 Слов (2 Страниц)  •  113 Просмотры

Страница 1 из 2

Мен білім министрі болсам не істер едім?

Елдікті құрайтын факторлар көп. Соның ішінде ең маңыздысы‐идея. Өз ойымдағы идеяны ұсыну үшін көп ойландым. Мен білім министрі болсам, мектеп қабырғасында ҚАЗАҚТЫҢ ИДЕОЛОГИЯСЫ деген пәнді енгізуші едім. Себебін түсіндіруге тырысып көрейін:

 Қазір жаңа Қазақстанның білім саласында едәуір өзгерістер мен жаңашыл жүйелер бар.  Оқытудың жаңа технологиясы енді.  Нәтижесінде еліміздің шәкірттері мен оқу орындары Халықаралық, тіпті ғаламдық коммуникациялық желілерге шығып жатыр, бәсекеге қабілетті болдық. Бізде IT, физика‐математика, технология, тіл үйрену т.б салалардың бәрі жетіліп, бала‐бақшадан бастап, мектептер оқушының дарыны мен қабілетіне қарай дамушы фактор негізінде дәріс беріп жатыр.

Ал, елдігімізді нығайтып, өскелең ұрпақтың санасында патриоттық сезімді ояту үшін үйдегі ата‐ана, мектептегі ұстаздарға арнайы сағат бөлінсе ғана, ұлтқа деген құрмет болар еді. Кешегі бітімі‐бүтін, болмысы бөлек қазақ халқының салты мен дәстүрін, әдебі мен мәдениетін, тәлімі мен тәрбиесін бір ғана тарих пәніне сыйдырып та қоя алмаймыз. Өсем дейтін, бәсекеге қабілетін шыңдаймын деген ел әуелі өзінің ата‐салтын, таным‐тарихын, мәдениеті мен қазақы болмысын жас ұрпақтың бойына сіңіру үшін мектеп ошақтарында, университет қабырғасында  арнайы бекітілген дәріс өту керекпіз.

Қоғамдық санаға қозғау салу үшін ұлт санасында өткеннің тарихы, батырдың болмысы мен қазақтың өр ұстанымы болу керек. Қазақы болмыс тек кинода немесе наурыз мейрамында  бой көрсетпеуі тиіс. Қазақы болмыс, тәрбие, мәдениет, салт пен дәстүр біздің күнделікті өміріміздің бір арнасында тоғысса ғана елдікті құраймыз. Ол үшін бала күннен қазақ ұлтының өткенін, тарихын дәріптейтін пән болуы керек.  

 Қазақтың Идеологиясы пәні арқылы ұлттық құндылықтарымызды барынша дәріптей аламыз. Мәселен, қазақ сөзінің жеті қағидатына сыйып кететін қазақтың бата‐тілегі, болмысы, салт‐дәстүрін мектеп, соның ішінде бекітілген арнайы пән үйретуі керек. Сонда ғана отбасындағы тәрбиеге осы пән қосымша білім, қосымша тәрбие болары анық. Жаһандық даму үстіндегі ел үшін өткенін өшірмей, болмысын ұмытпай сақтап қалу аса маңызды қажеттілік деп білем. Сондықтан да егер мен министр болсам қазіргі білім жүйесіне қазақи болмысы бар осы пәннің толық концепциясын құрып, бала‐бақшадан бастап міндетті пән ретінде оқытар едім.

...

Скачать:   txt (4.2 Kb)   pdf (58.4 Kb)   docx (7.9 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club