Менің педагогикалық ұстанымым
Автор: oralsyn90 • Апрель 25, 2022 • Эссе • 897 Слов (4 Страниц) • 300 Просмотры
Менің педагогикалық ұстанымым[pic 1][pic 2]
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз.
Осынау сөзде қаншама мән мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегіңде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз!
Мен мұғалім болуды таңдауым оңай болды. Мұғалім мамандығы бала кезімнен өзіне тартты. Отбасымызда педагогтар болғандықтан, осы мамандық мені асыл армандарға жетеледі. Мұғалім мамандығын таңдап, тер төгіп еңбек еткеніме 28 жыл өтіпті. Қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым – үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр оқушының бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу. Ол арманға қазір ұстаздық еңбегім арқылы жеттім деп ойлаймын. Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби, мәдени, шығармашылық өсуін қамтамасыз ету, олардың педагогикалық психология, гумандылық педагогикасы, психологиялық-педагогикалық қолдау аумағындағы біліктілік деңгейлерін арттыру болашақ ұрпаққа жасалған қызмет. Білім сапасын және білім беру процесін басқару сапасын қамтамасыз ету, бастауыш сынып оқушыларының жеке мүмкіндіктерін ашып, танымдық мотивация жасап және біртұтас оқыту қызметін қалыптастырып, ақпараттық технологиялар мен педагогикалық қызметтегі инновациялық әдістердің жаңа мазмұнын игеру, гумандық жеке басқа бағытталған жүйелік, кешендік жолдарға сүйеніп, өзін-өзі дамыту.
Алғаш «Әліппенің» бетін ашып, әріп танытқан , өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой. Ертеңгі күннің бүгінгіден гөрі жарқынырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Демек, қай елдің болсын өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы білім саласының даму бағытына тікелей байланысты.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»,- дегені бәрімізге мәлім.
Еліміз өркениетті елдер қатарынан орын алып, ұрпағымыз қоғам қажеттілігіне сай болып жатса, бұл - ұстаздар еңбегінің жемісі. Олай дейтінім ғылым иесі де, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен ірі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған.
Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанында білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүруге, білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді.
Ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр, тек өз ісіне берілген жаңалықты жатсынбай қабылдайтын ұлттық қасиетіміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.[pic 3][pic 4]
Мұғалім – баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындырушы басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиешіл жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып, биік адамгершілік қасиеттерге баулу, тәрбиелу – мұғалімнің басты міндеті.
Мұғалімнің кәсіби билік дағдылары өз кезегінде оның жеке кәсіби-педагогикалық мәдениетін көрсететін өлшем.Оқытуды оқушылардың қабілетіне, қызығуына қарай дараландырудың қажеттілігі көрінеді. Бүгінгі мектеп жағдайында оны іске асыру мұғалімнен өте көп жұмысты талап етеді. Басқаша айтқанда, мұғалімнің әр оқушымен жеке жұмыс істейтін мүмкіндігі шектеулі. Бірақ ол компьютерлік технология көмегімен бұл қиындықтан шыға алады. Бұл кездегі мұғалімнің қызметі оқушыларға дайын бөлімді беріп қана қоймай, оларға білім қорынан білім алудың жолдарын үйретіп, өз бетінше іздену жолдарын көрсету керек.
...