Менің педагогикалық философиям
Автор: assol • Январь 4, 2019 • Эссе • 527 Слов (3 Страниц) • 1,169 Просмотры
Восточно-Казахстанский Государственный университет им.С.Аманжолова
Эссе «Менің педагогикалық философиям»
Выполнил: Дюсупжанов А.Б.
Проверил: Жантасова Ж.З.
г.Усть-Каменогорск
2018г
Задание №8
«Іс жүзінде өзінің үйретіп оқытқанын орындайтын ұстаз – нағыз ұстаз»
Катон Старший
Ұстаз – бұл уақытқа, сәнге және географияға тәуелсіз ерекше мамандық. Мен өзімді адамдық қоғамның әлеуметтік ең керекті бөлігі педагогтар қатарына куана-қуана қосамын!
Мен бала кезімнен мұғалім болғым келді ме? мнен мұғалім болғым келді ме? Негізінде бұл арман білінбей келген сияқты. Ең алдымен математика мен нақты ғылымдарға деге қызығушылығым пайда болды, одан кейін сыныптастарыма өткен тақырыптарды түсіндіріп, «Ұстаздар күнінде» мұғалім болу мүмкіндігі туындады. Мектептегі тесттер менің екі бағытта мамандықтарға жуық екенімді көрсетті - «адам - адам» және «адам – белгілік жүйе». Ең басында аздаған қорқыныш болды. Өйткені енді тек сабақ өткізіп қана қоймай, оқушының тақырыпты меңгеріп, оның үлкен өмірге дайындығына да үлес қосуым керек. Содан кейін мен өзімнің педагогтық бағытымды іздей бастадым. Көптеген әдебиеттерді қарадым: оқулық, әдістемелік және педагогтық. Тәжірибелі ұстаздардың кеңесіне жиі жүгінетінмін, жиі жай ғана бақылап, ойланып және корытынды жасайтынмын. Басқа мұғалімдердің қателігін көретінмін. Оларды қайталамас үшін есіме сақтап қалатынмын. Жиі қателік жіберетінмін және сол қателіктерімнен үйренетінмін.
Менің педагогикалық философиямның сыры неде?
Біріншіден, ол бала – қоғамның басты құндылығы дегенге сенім. Өйткені бүгінгі оқушылар – ертеңгі ересектер. Баланы ересек өмірге дайындау маңызды. Менің ойымша, педагог оқушының оқып жатқан оқу аймағында оқушының ішкі потенциалы толық жүзеге асатын жағдайды анықтан және соны қамтамасыз етуі қажет, оқушының шығармашылық қабілеттері неғұрлым толық ашылатын және оның инеллектуалдық өсуі тұрақты жүзеге асып отыратын ортаны қамтамасыз етуі керек.
Менің информатика пәнінің мұғалімі ретінде рөлім – ол оқушыларды заманауи ақпараттық қоғамда адаспайтындай жабдықтау. Әр минут сайын әлемдегі ақпарат саны артуда. Ақпаратпен жұмыс жасай білу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеру – бұл табысты оқудың кілті, ал болашақта табысты қызмет жолына әкеледі.
...