Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Менің педагогикалық философиям

Автор:   •  Август 4, 2021  •  Эссе  •  438 Слов (2 Страниц)  •  1,043 Просмотры

Страница 1 из 2

Эссе

Менің педагогикалық философиям

Өмірдің мәні-өмірдің өзінде, оны дұрыс түсінуде, дұрыс ұйымдастыруда, қоғамдық мақсат пен жеке мақсаттардың сәйкестігінде, Отан, мектеп, жақындары, ата-ана алдындағы нақты міндеттерді орындау, жеке бас бақыты, тұрмыс қуанышы.

Менің педагог мамандығын таңдай отырып түйген ойларым, педагогикалық сенімім мынада- басқаға жақсылық жасау іштей жақсылық жасау, өзіңді қайта құру, үлкен күштерді шығындау. Әр адамда өзінің рухани шыңына көтерілу жолы, өзінің самғауы, өзінің шынығу сәті болу керек. Әрбір адамды осыған әкелу-міне тәрбие маңызы осында.

Мен мұғалім, ұстаз болғаныма қуанамын. Мұғалімнің тілі бал, жүрегі таза, еңбегі адал. Баланың қиялына қанат бітіретін, ойын өрістететін, шабытын шарықтататын, аңсаған арманын жақындататын жанның бірі. Мамандықтың жаманы жоқ, дегенмен, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін мұғалімнің орны бөлек. Мұғалім елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақты тәрбиелейді. Ал, жас өркеннің қалай болып өсуі ұстаздан алған тәрбиесіне байланысты. Ұстаз-мектептің жүрегі.

Білім ордасы-жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие бере отырып, халықтың биік рухы мен ғасырлар бойы жинақталған мәдени мұраларын келешек ұрпаққа жеткізетін орын. Жақсы мұғалімге тән қасиеттердің негізгісі- балаларға деген сүйіспеншілік сезімінің болуы. Мектепті білім тірегі десек, ұстаз тәлім-тәрбие берудің негізгі ұйытқысы. Жағдай мәжбүрлегенде ғана емес, баланың дәл осы сәттегі және алдыңғы мінезіндегі өзгерістерді көре отырып, жағдайдан озып отыру керек. Яғни, педагогикалық үрдіс балардың дамуынан алда және оптимистік болуы керек. Мұғалімнің өзінің шабыт көзі болуы қажет. Олар: балалар, әріптестеріміз, ізденіс.

Білім тәрбиелей ме? Жоқ, ол өз-өзінен тәрбиелемейді. Дәннің өздігінен емес, құнарлы топырақ пен нұрлы күн шуағымен өсетіні тәрізді, білім емес, осы білімді жеткізуші адамдар тәрбиелейді. Оқушыны кім және қалай оқытады-тәрбиелей отырып білім берудің ең негізгі шарты осында. Сол себепті барлық ұстаз, ең алдымен шәкіртінің ішкі қасиеттерін анықтауға, дарынын шыңдауға, сол арқылы өздері көздеген тәрбие бұлағынан сусындауға жағдай жасайтын , білім нәрін санасы мен жадына емес, бірінші кезекте олардың жаны мен жүрегіне сіңіретін құнарлы топырақ, сәулесін шашатын күн болса. Бала жүрегі айнадай тап-таза, мөлдір. Сол айнадан баланы көру үшін оның жүрегіне үңіліп қарау қажет. Жақсы адам тек оны дұрыс тәрбиелегенде ғана қалыптасады.

...

Скачать:   txt (6.1 Kb)   pdf (40.7 Kb)   docx (8.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club