Менің педагогикалық ұстанымым
Автор: 19720710 • Сентябрь 26, 2021 • Реферат • 601 Слов (3 Страниц) • 455 Просмотры
Сейдазимова Элеонора Шарипулаевна
Менің педагогикалық ұстанымым
Халық үшін қызмет ететін, бүкіл өмірі ізденуден тұратын елдің өкілі – ұстаз. Менің ұстаздық жолымдағы ұстанымым, М.Жұмабаевтың: «Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім. Мұғалімнің табансыздығын сезсе, бала онымен сөйлесуден, тілін алудан қалады,» - деген сөзі. Жақсы ұстаздың бойындағы ізгі қасиет - терең білімі мен білігін жайдары, жағымды мінезі арқылы шәкіртінің бойына дарытып, мәңгілік есінде қалатындай ұстаз болуы.
Мен алдымда отырған балаға Елбасымыз Н.Назарбаевтың: «Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман» - деген сөзін үнемі айта отырып, еліміздің ертеңгі, жарқын болашағы өздерінің қолында екендігін түсіндіруге тырысамын. Әр күні шәкірттерімнің: «Сәлеметсіз бе, апай?!»- деп күлімдеп қарсы алып, үзілістерде «Біз сізді жақсы көреміз!» - деп құшағын жайып, «Сіздей апайды жақсы көрмеу мүмкін емес!» - деген шынайы лебіздерін естігенде, шәкірт жүрегіне жол таба білдім деп қуанамын.
Ұлы Абайдың: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: жылы жүрек, нұрлы ақыл, ыстық қайрат» деген сөздері үнемі көкірегімде сайрап тұрады. Бойында осы үш қасиеті бар адам - қай қоғамда еңбек етсе де, қоршаған ортасының жаны, жүрегі, ұйтқысы. Өз басым, жылы жүрегімді, ыстық қайратымды, нұрлы ақылымды еліме, аяулы шәкірттеріме арнаймын. Бұл – әркімнің қолынан келе бермейтін, ерекше талантты қажет ететін, бай қиялды адамға тән қасиет деп ойлаймын. Нұрлы ақылым мен ыстық қайратымды шыңдап, өзімнің ұстаздық имиджімді қалыптастыруда тәжірибе алмасу үшін қалалық, облыстық, республикалық семинарларға, ұстаздарға арналған түрлі жобаларға қатысамын. Өз біліміңді сынау деген біздің өсуімізге жол ашатынын ұқтым. Шеберлігіне қызыға қарайтын өз ортаңдағы аға-буын өкілдері болса, олар сенің өмір жолыңа оң әсер етіп, талай игі істер бастауының көзінен табылса, нұр үстіне нұр емес пе? Осындай еңбектің арқасында, қазір мен де бала жанына ақыл, білім дәнін сепкен жаңашыл ұстаздардың бірімін.
Қазіргі кезде «ел болашағы – жастар, еліміздің келешегін көркейтетін білімді ұрпақ» деген сөздерді жиі естиміз. Әрине, қай
...