Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мектеп жасына дейінгі балалардың диалогтық тілдерін дамыту әдістері

Автор:   •  Февраль 18, 2018  •  Курсовая работа  •  8,589 Слов (35 Страниц)  •  2,830 Просмотры

Страница 1 из 35

Мазмұны

I.Кіріспе .............................................................................................................
II.Негізгі бөлім..................................................................................................

2.1  Күнделікті қарым-қатынас барысында диалогтық сөйлесуге үйрету        және оны дамытудағы тәрбиешінің рөлі............................
2.2 Мектеп жасына дейіңгі балаларды диалогтық сөйлетуге үйретуде қолданылатын әдіс-тәсілдер
 ....................................................
2.3 Диалогтық сөйлеуді дамытуда қолданылатын ойындардың түрлері ......

2.4 Театрландырылған іскерлік, театр қойылымдар және театрдың түрлері................

2.5 Ересек жастағы тіліннің мүкістігі бар балалардың диалогтық сөйлеулерін қалыптасытру..........................................
III.Практикалық бөлім....................................................................................
3.1
Ересек тобына арналған театрлық ойын «Ертегілер еліне саяхат»
3.2 Ересек тобындағы балаларға арналған театрлық-қойылым «Ақымақ тышқан» ертегі ...........................................
3.3 Ересек жастағы балалардың коммуникативтілік сөйлеулерін дамытудағы дидактикалық ойындар
IV.Қорытынды.....................................................................................................
V.Қолданылған әдебиеттер тізімі.....................................................................

VI.Қосымша .........................................................................................................

Кіріспе

               «Егер бала тілін дамытсаңыз,

оған жан-жақты ізденіп,

бар жан дүниеңізді беруіңіз керек»

 (Аристотель).

           Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың ана тілін игерулері толыққанды жүзеге асырылмайды. Үнемі олардың сөздік қорларын дамыта отырып, тілдік грамматикаға және етістіктер мен антоним, синоним сөздерді сөйлеу барысында қолдана білуге машықтандыру болып табылады. Сондықтан да, ересек тобындағы балалардың тілдерін,тілдік құзыреттіліктерін теарт арқылы дамыту ең ұтымды әдіс.

          Театр – өнер түрі балалар үшін оңай және тиімді, ол қазіргі заманғы педагогика мен психологиядағы көкейкесті мәселелерін шешуге жағдай жасайды. Театр баланың рухани және шығармашылық потенциалын ашады және әлеуметтік ортаға бейімделуіне мүмкіндік береді, балаларға қуаныш пен шаттық әкеліп, көңіл-күйлерін көтереді. Балабақшада психологиялық бейімделу кезінде балалардың 70 пайызы қорқыныш пен үрейді, абыржуды бастан өткізеді. Балалардың көбінде зейіні мен есте сақтау қабілеттері жеткілікті дамымаған. Баланың эмоционалды ашылуын, сыртқы ортаны сезуіне деген  көзқарасын, көркемдік қиялдауға үйретудің ең қысқа жолы – баланын диалогтық сөйлеуін дамыту болып табылады. Осының барлығы театр әрекеті арқылы жүзеге асады.

          Ертегінің арқасында бала әлемді оймен ғана емес, жүрегімен таниды, танып ғана қоймай өзінің жақсы мен жамандыққа деген көзқарасын білдіреді. Сүйікті кейіпкерлерге еліктеу үлгіге айналады және ең бастысы сүйікті кейіпкерлерін өздері сахналай алады. Кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне сәйкес бала қимыл мен эмоцияларды көрсете біледі.

        Еркін ойындарда (театр,дидактикалық, қимыл-қозғалыстық) балалар қорқынышы пен үрейден босап, бір-бірімен  диалогтық қарым-қатынасқа түсуі жеңілтетіледі.

Курстық жұмыстың мақсаты

        Мектепке дейінгі ересек жастағы баланың театрлық іскерліктері арқылы диалогтік қарым-қатынас жасау қабілеттерін арттыра отырып, тілідік құзреттіліктерін  дамыту.

Жұмыстың міндеттері:

1)Театрлық іскерліктерін дамыту арқылы, театрлық қойылымдар мен ойындарда жасалатын іс-әрекет дағдыларына үйрету;

2)Балалардың диалогтық тілін дамыту, сөйлеу мәдениеті мен ой өрісі, дүниетанымын жетілдіру;

3)Балаларды адамгершілікке, салмақты ой айтуға,  достарымен мәдениетті қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

...

Скачать:   txt (133.6 Kb)   pdf (395.5 Kb)   docx (57.8 Kb)  
Продолжить читать еще 34 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club