Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Үстел үсті ойындары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту

Автор:   •  Ноябрь 27, 2023  •  Реферат  •  670 Слов (3 Страниц)  •  240 Просмотры

Страница 1 из 3

Үстел үсті ойындары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту

Ж.С.Мейрамбек, А.Қ.Құснадинова

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті,

Қазақстан, Алматы қ., еmail: akusnadinova@mail.ru

Біз бұл мақаламызда мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін өз ойымыздан туындаған үстел үсті ойындарына жаңа дем, жаңа леп қосамыз.

Жас ұрпақ біздің болашағымыз. Ал дені сау және сонымен қоса ой өрісі дамыған балаларды тәрбиелеуде өте маңызды рөл алады. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып , олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне тәрбиешілердің маңызы зор. Балаларды тәрбиелеуде ойын әдісінің маңызы көп. Мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп, есейгенде де жалғаса береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. Көптеген дағдыларды біз ойын арқылы дамытамыз. Сондықтан баланың ой-өрісінде ойын арқылы дұрыс, тиімді дамыту қажетпіз.

«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып оның шығармашылық қабілетін дамытады. Ойынсыз ақыл ойдың қалыптасуы мүмкін емес».    (В. А. Сухамлинский). Мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Кеңестік педагог А.С.Макаренко: “Баланың ойынға деген құмарлығы бар, сол құмарлықты қанағаттандыра білуіміз керек. Ойнау үшін тек қана уақытты бөліп қана қоймай, сонымен бірге баланың барлық өміріне ойынды бере және сіңіре білуіміз қажет. Оның барлық өмірі ойыннан тұрады” деген пікірін өз еңбектерінде атап өткен. Ойын – балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ал білімді бала қайдан алады? Оған бала ойын арқылы өзі үйренеді, үлкендер де үйретуге тиіс. Ойынның өз мақсаты, жоспары, арнайы көрнекіліктері, т.б көптеген ерекшеліктері болады. Ойындардың негізгі мақсаты балалардың тек ой-өрісін ғана емес сонымен қатар ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау қабілетін, қабылдауын, икемді болуын, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін дұрыс қалыптастыру. Ойын процесі - тәрбиешінің пәрменді құралдарының бірі.

Ойлау дегеніміз бұл заттар мен құбылыстар арасындағы табиғи байланыстар мен қатынастарды бейнелейтін психикалық процесс. Ойлау таным процесіндегі күрделі процесс. Ал таным дегеніміз бұл әржақты процесс. Ол білмеуден білуге қарай бағытталған ой қозғалысының адам миында бейнеленуі. Ойлау адам миы қызметінің нәтижесі. Ол барлық адамдарға тән туынды түсінік.

Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып өзіне түрлі ақпараттар алады. Мектепке дейінгі жастағы балалардың ой-өрісін дамытуға төмендегідей үстел үсті ойындарын ұсынбақпыз:

...

Скачать:   txt (9.7 Kb)   pdf (72.5 Kb)   docx (10 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club