Мектепке дейінгі ұйымдарда роботтық технологияны қолданудың тиімділігі
Автор: arashzhuldyzai • Апрель 2, 2018 • Статья • 1,606 Слов (7 Страниц) • 2,041 Просмотры
Мектепке дейінгі ұйымдарда роботтық технологияны қолданудың тиімділігі
Дайындаған:
Араш Ж. студент
ХХІ ғасыр – ақпарат пен жаңа технологиялар заманы. Сондықтан робототехникаға деген қызығушылық жыл сайын артып келеді. Расында, бүлдіршіндерді робототехникаға баулу жастайынан, бұл ілімнің негіздерін үйрету жағы әлі де кемшін түсіп келе жатқаны жасырын емес.
Қазіргі кезде мектепке дейінгі білім беруде конструкторға ерекше көңіл бөлінеді, өйткені бұл қызмет түрі бала қиялының дамуына,қоршаған әлемнің объектілерін байқауға, талдау жасауға, шығармашылығының дамуына, көркемдік талғамның қалыптасуына өте маңызды. Қазіргі кезде мектепке дейінгі балалармен «Лего» құрастыру және оқу-робототехникасы арқылы жұмыс істеу өте маңызға ие.
Отандық роботты техниканың қарымы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыруға және білім беру саласында ІТ-білімді дамытуға баса мән бергені белгілі. Осыған орай жуырда Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев орта білім берудегі IT құзыреттілікті арттыру аясында мектептерде және балабақшада «Роботты техника» таңдамалы курсы енгізілетінін жеткізген еді.[1] Бұл ретте әлемде қарқынды өріс алып келе жатқан роботты техниканың еліміздегі дамуына болашақта өз үлесін қосады.
Қазіргі заманда қоғамға жоғары білікті мамандар жәнеинтеллектуалдық мүмкіндігі бар мамандар қажет . Сондықтан, мектепке дейінгі жастан бастап, білім берудің мемлекеттік білім беру стандарттарында көрсетілген жеке тұлғаның қасиеттерін қалыптастыру үшін аналитикалық ақыл-ой, ойлаудың техникалық талғампаздықтарын қалыптастыру және дамыту қажет. Бұл технология мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік стандарттарын енгізу аясында орынды, себебі:- білім беру салаларын біріктіруге мүмкіндік береді.
Компьютерлік техника ғасыры балалармен жұмыс жасаудың жаңа мүмкіндіктері мен бағыттарын ұсынады. МДББС-ты жүзеге асыру балалардың логикалық ойлауы мен олардың ақыл-ой, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін инновациялық білім беру ортасын құруды талап етеді. Соңғы жылдары балабақша мен мектепте робототехниканы қолдану кең өріс алуда.
Әлемді техника басқарып жатқан қазіргі таңда балаларды дамытудың зор мүмкіндіктері бар. «Лего» компаниясы мектеп жасына дейінгі балаларға да арнап компьютердің көмегімен бағдарлама жасау мүмкіндіктері бар білім беру констукторларын шығарды. Атап кететін жайт, компьютер тек бағыттаушы модель ретінде қолданылады,яғни, оның қызметі алгоритмді басқаруға бағытталған шашылған конструкторларды құрауға бағытталады. Бала құрастырудың басқару, автоматтандыру бағдарламасының ерекшеліктерін өзі байқай алады
Даму психологиясы тұрғысынан алғанда, балабақшаларда роботтарды пайдалану дұрыс деп есептелген. Пиаженің басшылығымен психологтаркогнитивтік дағдыларды дамыту үшін адамның бала кезіндегі физикалық объектілерді пайдаланудың маңыздылығын атап көрсетеді.Технологияны оқыту мақсаты ретінде Александр және Ракли компьютерді қосу және ажырату процесін атайды.[2]
«Лего» конструктор және оқу-робототехникасы - бұл балаларды тәрбиелеу және дамытудың жаңа пәнаралық байланысы бар педагогикалық технологиялар саласы.[3]
Қазіргі кезеңде LEGO компаниясының дамуының арқасында мектепке дейінгі білім беру мектебінде балаларды техникалық құралдар құрылымының негіздерімен таныстыруға болады. Мектеп ұйымының мектепке дейінгі білім беруінде LEGO-технологияларды енгізу балалардың техникалық шығармашылығын дамытуда мектепке дейінгі білім берудің заманауи әдістерінің бірі болып табылады.
LEGO технологиясын және робототехниканы пайдаланудың негізгі мақсаты қоғамның әлеуметтік тәртібі: білім беру мақсаттарын дербес белгілей алатын, оларды жүзеге асыратын, мектепке дейінгі
...