Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мектепке дейінгі ұйымдарда сергіту сәттерін қолдану

Автор:   •  Апрель 7, 2022  •  Реферат  •  313 Слов (2 Страниц)  •  245 Просмотры

Страница 1 из 2

Сергіту  бұл  баланың ағзасын  нығайтуға  ықпал  ететін қысқа  мерзімді (1 – 2 минут ішінде)  жаттығулар . сергіту  баланың  жұмысқа  қабілеттілігін  арттырады.

Сергіту сәттері  балалардың іс-әрекетін белсенді түрде өзгерту және шаршауды әлсірету, содан кейін оларды қайтадан сабақ жалғастыруға ауыстыру мақсатында өткізіледі.

Сергіту сәттерінің міндеттері: 
- жүйке жүйесін тыныштандырады;
- балалардың жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіреді;
- жүрек-қантамыр, тыныс алу жүйесінің белсендірілуі; жалпы жағдайды жақсарту;
-бір қызметтен екіншісіне назар аудару;
-қозғалмайтын жағдай туғызған бұлшық еттердің кернеуін алып тастау;
- сөйлеу, жадының дамуы;
қимылдарды үйлестіруді дамытады.

сергітуге қойылатын талаптар:
- жаттығулар үлкен бұлшық ет топтарын қамтып, кернеуді түсіруі тиіс,
- жаттығулар қарапайым, қызықты, балаларға қол жетімді болуы тиіс,
ойын  кешен 1-2 жаттығудан тұруы тиіс,
2-3 рет қайталануы тиіс.

Сергітудің  мынадай түрлері болады:
1) Жалпы дамыту жаттығулары-
Әр түрлі бұлшық ет топтарына арналған 3-4 жаттығулар қолданылады, сергітуді секірумен, жүгірумен немесе жаяу жүрумен аяқтауға болады;
2) Қозғалмалы ойын түрінде - үлкен кеңістікті қажет етпейтін, күрделі емес қозғалмалы ойындар таңдалады. Ережелері балаларға жақсы таныс болуы керек;
3) қимылмен жасалынатын дидактикалық ойын түрінде.
4) Би қозғалыс түрінде- сабақтың құрылымдық бөліктерінде тәрбиешінің немесе балалардың орындауында қолданылады.
5) Өлең мәтініне қарай  қимылдарды орындау түрі. өлеңдерді таңдау кезінде келесіге назар аударылады:
-өлең мәтіні жоғары көркем болуы керек, белгілі авторлардың өлеңдері, тақпақтар, жұмбақтар, санағыштар қолданылады;
- айқын ырғақты өлеңдерге басымдық беріледі;
- өлең мәтінінің мазмұны сабақ тақырыбымен, оның бағдарламасы мен міндеттерімен үйлесуі тиіс.;
6) Кез - келген қимыл әрекеті мен тапсырмасы түрінде:
- жұмбақтарды сөзбен емес, қозғалыстармен шешу;
- әртүрлі Имитациялық қозғалыстарды: спортшыларды( шаңғышы, конькимен жүгіруші, боксшы, гимнастшы), жеке еңбек әрекеттерін ( ағашты шабу, моторды бастайық, машинамен жүреміз) пайдалану.
7) көзге арналған жаттығулар.
8) Релаксация жаттығулары
.

...

Скачать:   txt (4.9 Kb)   pdf (66.4 Kb)   docx (8.6 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club