Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жоғары оқу орындарында тәрбие жұмысын ұйымдастырудың халық педагогикасының тағылымдарын пайдаланудың психологиялық маңызы

Автор:   •  Июнь 20, 2018  •  Курсовая работа  •  29,135 Слов (117 Страниц)  •  823 Просмотры

Страница 1 из 117

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасында жастарды тәрбиелеу мәселесі әрқашанда маңызы жойылмаған іс-шара болып саналады. Жастардың жоғары мәдениетті, білімді заман талабына сай азамат болып шығуына айрықша көңіл бөлінуде. Бүгінгі таңда Республикамызда жастарға әлемдік прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие берумен қатар қазақ халқының озық дәстүрлерін оқу-тәрбие ісіне арқау етудің маңызын жоғары бағалап отыр. Қазақстан Республикасы өзінің ұлттың мәдениетіне, салт-дәстүріне, әдет-ғұрыпына сүйене отырып, жастардың қоғамдық ұйымдарының іс-әрекеттерін жаңа демократиялы талаптарға сай ұйымдастыруды қажет деп тапты. Осыған орай 1993 жылы қабылдаған "Білім туралы заңда": "Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр салтын үйрену үшін жағдайлар жасалу керек" деп көрсеткен болатын. Себебі қазақ халқының ғасырлар бойы белгілі бір этикалық, эстетикалық, педагогикалық жүйемен құрылған тарихи салт-дәстүрі, танымдық ерекшеліктері, тағлымдық сипаттары, адамгершілік жаратылысы, табиғатқа, қоғамға, дүниеге көз қарастары мен түсініктері ұрпағын тәрбиелеуге негіз-делген тәрбие құралы қызметін атқарған. Жас ұрпағын парасатты, ізетті, өнегелі, зерделі болып өсуге үйреткен. Сондықтан әрбір әдет-ғұрыптың, салт-дәстүрдің салт-санаға әсер ететін тәрбиелік мәні зор [1, 25б.].

Халық педагогикасының жан-жақты үйлесімді дамуына бағыт-бағдар беру, үзбей тәлім-тәрбие ісіне пайдалану бүгінгі таңның көкейтесті міндеті болып отыр. Олай болса, халық педагогикасын жоғары, арнайы, орта оқу
орындарында, мектепте және мектептен тыс мекемелерде қолдану үшін, ол туралы мағлұматтар жинап, бүгінгі және болашақ ұрпақтың иелігіне айналдыру үшін соңғы жылдары әр адам, әр түрлі үлкенді-кішілі қоғамдық ұйымдар, ғалымдар, мамандар халықтың тәрбиенің ерекшеліктерін түсіндіріп, оны дамытып, жетілдірудің бағдарламаларын, бағыт-мақсаттарын көрсетіп шынайы жарғысын, тұжырымдамасын ұсынып жатыр.

Халық педагогикасы бір жүйеге келтірілген тың дүниелер болғандықтан, тәрбие жұмысының маңызды мәселелерін шешуде әліде болса, шығармашылық ізденіс, іскерлік көрсететін, тиісті әдіс тәсілдерді қолдануды қажет етеді, яғни гылыми негізде насихаттауымыз керек.

Адамның жеке басының қалыптасуы қоғамдық өмірдің жан-жақты тигіз-ген әсерінен, қоғамдық дамудың мүддесінен туады. Жеке тұлға ретінде адам өзі қоршаған дүниеге әсер ете отырып, білімі пайда болады. Бұлар ұрпақтан-ұрпаққа көшеді. Халықтың болашағы - білікті ұрпағы. Ай ұлттық рухта тәрбие беру ұстаздың мұраты. Олай болса жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде халқы-мыздың рухани дәстүрлерін, қазақ халқының сан ғасырлық рухани байлығын, пәлсафалық болжамдарын ғылыми түрде жүйелей отырып тәрбие жұмысында анық, түсінікті етіп беруіміз қажет. Халқымыздың тәлімдік дәстүрлерін үйрену арқылы болашақ ұрпақтарымыз өз отанын шексіз сүйетін, халқының салт - дәстүрін, әдет - ғұрыптарын бағалай білетін, оны одан әрі жалғастырып,халық игілігіне қызмет ететін азаматтар тәрбиеленуде.

Салт – дәстүрдің тәрбиелік мәні мен оның жас ұрпақ бойына игі қасиеттер қалыптастырудағы ерекшеліктерін көптеген ғалымдар ғылыми тұрғыда зерттеп келе жатыр. Атап айтар болсақ: қазақ халқының біртуар азаматы, ағартушы – педагог Ы.Алтынсариннан бастап, Халел Досмухамбетов, Мағжан Жұмабаев, С.Торайғыров, т.б. Одан бергі қазақ этнопедагогика ғылымының беделді, көрнекті ғалымдары Т.Т. Тәжібаев, Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, С. Ұзақбаева, Ш. Құлманова, Н. Сәрсенбаев, Р.Төлеубекова, М М.Смайлова, М.Оразалиева, Б. Мұқанова т.б. еңбектері салт – дәстүрді мектептің оқу тәрбие процесінде пайдаланудағы ерекшеліктерімен, рөлі жайлы айшықты дәлел бола лалды.

Мектептегі оқу – тәрбие процесінде салт–дәстүрді пайдаланудың маңызын ұстана отырып оны ғылыми негіздеу басты мәселе [2, 15б.].

Осыған орай қоғам талаптарымен ұштасып жатқан Қазақстан Республи-касы үкіметінің "Білім туралы" заңында – білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және адамзаттық мәдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау» деп атап көрсетілген. Ал Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жастардың тәрбиесі жайында үндеу жасап болашақтан арлы, иманды білімдар, әділ, көпшіл, жақсылықты жақтаушы, халық қамын ойлайтын, көрегендікке үйренген азаматты көргісі келеді.

...

Скачать:   txt (410.6 Kb)   pdf (1.1 Mb)   docx (134.6 Kb)  
Продолжить читать еще 116 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club