Ерте және мектеп жасына дейінгі балалардың жас кезеңдері
Автор: ashirovanazerke • Декабрь 25, 2023 • Контрольная работа • 1,059 Слов (5 Страниц) • 134 Просмотры
1.Ерте және мектеп жасына дейінгі балалардың жас кезеңдері
Жас ерекшелік кезеңі бұл- анатомиялық, психологиялық және физиологиялық белгілерінің жиынтығы бойынша адам өмірін жас кезеңдерге бөлу. Жас ерекшелік кезеңдері баланың психикалық дамуы мен қоршаған ортасын тануына байланысты. Л.С.Выготскийдің кезеңділіктің негізі- жақын даму аймағы жәнедамудағы дағдарыс теориясы екенін дәлелдеп, баланың жас кезеңдерін көрсеткен болатын: Жаңа туылған нәресте Нәресте Ерте жас Мектеп жасына дейінгі
Ерте жас бұл- 1 және 3 жас аралығындағы дене бітімі мен ақыл ойы толысып бастаған баладағы кезең.Бұл кезеңде баланың салмағы мен бойы қарқынды дамиды.Ерте жас кезеңінде бала тәуелсіз жүреді,ана тілін меңгере бастайды.Бала 1 жаста 10-12 сөз,2 жаста 200-300 сөз,ал 3 жаста 1500 сөз айта алуы қажет.Бұл кезеңде бала айналасын тануға көп көңіл бөледі.Мәселен, бала бас киімнің басқа киюді, қасықпен тамақ ішу қажет екеннін біледі.Бұл заттарды балалар үлкендерден көру арқылы меңгереді.
1жастан 2 жас арлығындағы бала қозғлысты меңгереді, қоршаған ортаны үйренеді,айналадағы заттармен әрекеттеседі.Мәселен орындық болса отырады, ойыншықпен ойнай алады. Қолына берілген құралдарды ұстап,ойнау арқылы өз әлемін көрсетуге тырысады.2 жас кезеңде балада қарқында сөйлеу дамиды.Бала заттық дамытушы орта арқылы және ересектердің көмегімен мінез-құлқын,еңбекқорлығын, адамдармен қарым-қатынасын дамыта алады.
3жастағы бала дамуында дағдарыс кезеңі болады. Үш жастағы бала психологиялық тұрғыдан тұрақты әлемнің бір болшегіне енеді, күнделікті өмірдің көптеген нысандарын пайдалануды біледі және заттық әлемге құндылықты сезінеді. Өзіне-өзі қызмет ету қабілетіне ие, айналадағы адамдармен қарым-қатынас жасауды біледі. Ол ересектермен және балалармен сөйлеседі, қарапайым мінез-құлық ережелерін орындайды,адамдарға сенім артады, әлеуметтік тәжірибені меңгереді.
Мектеп жасына дейінгі- 3пен7 жас аралығындағы балалар.Мектепке дейінгі балалар барлық ана тіліндегі дыбыстарды айта алуы керек.Сөздік қорлары 5-7 мың сөз болады. Сонымен қатар, окуға, жазуға, есептеуге кабілеттілігі балаларды мектепке дайындауда ең маңызды емес екендігін есте ұстауымыз керек. Негізгі міндет мектеп өміріне арналған психологиялық дайындық, қиындыктарды жеңуге дайындық, табандылықты, еңбекқорлықты, құрдастармен араласуды, топта тұруды, ересектердің қажеттіліктерін қанағаттандыра білуді үйрету. Тек осы жағдайда ғана мектеп жасына дейінгі бала мектептегі шындыққа сәтті кіре алады.
280 сөз
2. Ойыншықтардың пайда болу тарихы
Ойыншық-ойынға пайдаланылатын немесе арнайы жасалған зат,ойын құралы.
Ең алғаш Ежелгі Греция мен Римде пайда болған.Ойыншықты балаларды тәрбиелеу мақсатында пайдаланған.Піл сүйегі, ағаштан ойып жасалған жануар мүсіндерін ойыншық ретінде пайдаға асырған. Орта ғасырларда ойыншықтар таптарға бөлінген:ақсүйек балалары қымбат материалдардан (фосфор,піл сүйегі,қымбат мата)жасалған.Кедей балалары өздері қолдан жасаған ойыншықтар болды. Ерте ғасырларда ойыншықтар балалардың шынайы өмірге дайындау мақсатында жасалған. Орта ғасырда әскери мазмұндағы ойыншықтар көп болған.Мәселен қару-жарақтар,аттың мүсіндері,қылыш, қалқандар көп болған.Себебі, балаларды ерте кезден соғыс әдіс-тәсіліне үйрету керек болды.
...