Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Дарынды балалармен жұмыс жасаудың педагогикалық технологиялары. Балалар дарындылығының теориялық аспектілері

Автор:   •  Ноябрь 24, 2022  •  Лекция  •  2,593 Слов (11 Страниц)  •  848 Просмотры

Страница 1 из 11

9-тақырып. Дарынды балалармен жұмыс жасаудың педагогикалық технологиялары. Балалар дарындылығының теориялық аспектілері

Дәрістің түрі: Шолу дәріс.        

Дәрістің мақсаты: мектепте дарынды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстары жүйесінің мәнін ашу

Жоспары:

1.Ұлттың ннтеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудағы «дарындылық» феномені.

2.Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардағы педагогикалық іс-әрекеттің қағидалары мен заңдылықтары.

3.Дарындылықтың диагностикасы.

4. Мектеп шеңберінде педагогикалық ұжымның дарынды балалармен жүргізетін тәрбие жұмыстарының жүйесі 

Негізгі ұғымдар: интеллект, қабілеттілік, дарындылық, талант.

Мазмұны:

Технология - бұл өнер, шеберлік, іскерлік, белгілі бір жағдайды өзгертудің  өңдеу әдістерінің жиынтығы.

Оқыту технологиясы – нәтижеге бағытталған әрекеттер мен операциялар тізбегі.

Педагогикалық технология - оқыту әдістері мен тәсілдерінің, формаларының, тәрбие құралдарының арнайы жиынтығы, ол педагогикалық процестің ұйымдастырушылық-әдістемелік инструментариі болып табылады.

Педагогикалық технология – білім беру нысандарын оңтайландыруды көздейтін, техникалық және адам ресурстарын және олардың өзара әрекетін ескере отырып, оқыту мен білімді меңгердің бүкіл процесін құрудың, қолданудың және анықтаудың жүйелі әдісі.

Дарынды балалармен жұмыс жасауда қазіргі педагогикалық технологиялардың ішіндегі ең тиімдісі – нәтижелі оқыту технологиялары мен құзыреттілікке негізделген тәсіл.

Дарынды балалармен жұмыс жасау технологиялары:

  • сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы;
  • Көп деңгейлі білім беру технологиясы;
  • Проблемалық оқыту;
  • Жобалар әдісі;
  • Ойын технологиялары, әдістері мен тәсілдері;
  • Кейс технологиялары;
  • Кіріктірілген оқыту технологиясы;
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (атап айтқанда, қашықтықтан оқыту) және т.б.

 «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясы өткен ғасырдың 90-жылдарының аяғында Солтүстік Айова университетінің және Хобард, Уильям Смит колледждерінің Халықаралық оқу қауымдастығы тарапынан жасалған. Бағдарламаның авторлары Чарльз Темпл, Жанни Стил, Курт Мередит. Бұл қазіргі таңдағы білім беру талаптарына жауап беретін ең жақсы технологиялардың бірі, өйткені оны қолдану білімнің әртүрлі салаларында өсіп келе жатқан және үнемі жаңартылатын ақпарат ағынымен жұмыс істеу; басқаларға қатысты өз ойын (ауызша және жазбаша) анық, сенімді және дұрыс жеткізе білу; әртүрлі тәжірибелерді, идеяларды және көзқарастарды түсіну негізінде өз пікірін дамыту қабілеті; мәселелерді шешу қабілеті; өз бетінше оқумен айналысу мүмкіндігі (академиялық ұтқырлық); ынтымақтастық және топта жұмыс істей білу; басқалармен сындарлы қарым-қатынас құру мүмкіндігі сияқты білім беру нәтижелеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл тапсырмалардың барлығы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, мәтінмен жұмыс істеудің әртүрлі әдістері мен тәсілдері арқылы шешіледі.

Көпдеңгейлі білім беру – оқу процесін ұйымдастырудың педагогикалық технологиясы, оның шеңберінде оқу материалын меңгерудің (А, В, С) түрлі деңгейі қарастырылады, бұл әрбір оқушының қабілеттері мен жеке ерекшеліктеріне қарай әр түрлі деңгейдегі, бірақ минимумнан төмен емес мектеп бағдарламасының жеке пәндерінен оқу материалын меңгеруге мүмкіндік береді.

Көп деңгейлі оқыту күрделілік дәрежесіне қарай білімді саралауды ғана емес, сонымен қатар әр топ оқушылары үшін сабақтың мақсаттарын, осы мақсаттарға жетуді көздейтін тапсырмаларды, міндеттерді оларды орындау шарттарын, тапсырманың орындалуын бақылау түрлерін де саралауды назарда тұтады. Көпдеңгейлі оқыту технологиясын қолдануда мұғалімге көбінесе қиындық туғызатын сабақтың мақсатын анықтау және дарынды оқушыларға тапсырмалар мен іс-әрекет түрлерін таңдау болып табылады.

...

Скачать:   txt (40.4 Kb)   pdf (161.8 Kb)   docx (23.7 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club