Дарынды балалармен жұмыс жасау жолдары
Автор: Gul03 • Апрель 25, 2023 • Курсовая работа • 10,717 Слов (43 Страниц) • 438 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
Алматы қаласы Білім басқармасы
№1.Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық педагогтік колледжі
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Дарынды балалармен жұмыс жасау жолдары
Пәні: Педагогика
Студент: Худабердиева Г.
Курс:4
Мамандық:0105000 – «Бастауыш
білім беру»
Біліктілік: 010501 3- «Бастауыш білім беру мұғалімі»
Топ:42б
Парақтардың саны: ______
Студенттің мәлімдемесі |
Мен, Худабердиева Гульфиза ұсынылған жұмысты өзімнің жазғанымды, ал қолданылған дереккөздерінің нақтылығын растаймын. Студенттің қолы________ « __» ________20____жыл |
Қорғау
Баға______ (__________)
Қорғау уақыты___ ___________ 20____жыл
Ғылыми жетекші ____________ Ташиева Э.А.
Алматы,2023
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1.Дарындылық психологиясының теориялық негізі..........................................5
1.1. Дарындылық туралы жалпы түсінік.............................................................5
1.2. Дарындылық проблемасын зерттеу тарихы................................................10
2.Бастауыш сынып оқушыларының дарындылығын эксперименталды зерттеу әдістемесі...........................................................................................................
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының дарындылығын зерттеу мақсаты, болжамы, әдістемелер......................................................................................19
2.2.Дарынды балалармен жеке- дара жұмыс жүргізудің психологиялық.- әдістемелік нұсқаулары.....................................................................................21
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................46
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................................................47
ҚОСЫМШАЛАР....................................................................................................49
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі: Қазақстан Республикасындағы білім беруді жаңғырту жағдайында дарынды балалар тұлғасының ішкі әлеуетін дамыту ең өзекті мәселе болып табылады. Бала дарындылығын дамыту жүйесі мұқият ойластырылуы, шынайы дараланып және оны жүзеге асыру қолайлы жас кезеңдеріне сай болуы тиіс. Дарындылықты дамытудың осындай қолайлы кезеңі мектепке дейінгі балалық шақ болып табылады. Мектепке дейінгі жастың ерешеліктері қиялдау, шығармашылықпен елестету, стандарттан тыс ойлай білу болса, мұнан басқа айрықша сезімталдығы, айналасына сергектікпен қарайтындығы анық байқалады. Жас өркеннің бойындағы табиғат берер ерекше қабілеті дарындылықты тани білу, оның әрі қарай дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше іс болып табылады. Дарынды оқушымен жүмыс істейтін әрбір мүғалімнің көкейінде мынадай сан қилы сұрактар тұрары сөзсіз. «Дарындылық, данышпандық, қабілеттілік дегеніміз не? Дарындылықтың пайда болу негізінде қандай себеп жатыр: қоршаған орта ма, тұқымқуалаушылык па, әлде тәрбие ме?», «Оқушы дарындылығын, оның әлеуметті қабілетін қалай анықтауға болады?», «Дарындылықты анықтайтын психодиагностикалық эдістемелердің қайсысы нәтижелірек, қайсысы тиімдірек?», «Неліктен кейбір адамдардың қабілеті ерте жасында байқалады, ал тағы басқа біреулердікі ересек жаста пайда болады?». Осы сұрақтарға талмай жауап іздеп және соны таба білген мұғалім ғана дарынды оқушымен нәтижелі жүмыс жасай алмақ.
...