Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс бағыттары

Автор:   •  Апрель 23, 2019  •  Доклад  •  1,186 Слов (5 Страниц)  •  2,718 Просмотры

Страница 1 из 5

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс бағыттары

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларды жаратпау жүйесінің дамуының алдыңғы кезеңдерінде қоғам мен мемлекет негізінен әрбір нақты бала үшін үйлеспеген әлеуметтік даму қаупі жағдайларын тудыратын жетім балалардың әлеуметтік жаман халін педагогикалық және экономикалық құралдармен жеңіп шығуға бағытталған болса, Қазақстандағы қоғамдық дамудың қазіргі замандағы кезеңінде әлеуметтік – экономикалық дамудың арқасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесі біртіндеп құрылып келеді, оның маңызды бағыттарының бірі жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік қолдау көрсету болып табылады, ол келесі құрамдас бөліктерді ескертеді:

  • отбасыны әлеуметтік қолдау мен баланы отбасыда сақтап қалу бойынша шаралар;
  • әрбір жетім бала үшін отбасылыққа барынша жақын болатын әлеуметтік тәрбиелеу мен даму жағдайларын жасау бойынша шаралар;
  • интернаттық мекемелердегі жетім балаларға сапалы білім беруді, тәрбиелеуді және әлеуметтік сүйемелдеуді қамтамасыз ету бойынша шаралар.

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларды әлеуметтік қорғау бойынша әлеуметтік саясатты жүзеге асыру нәтижесінде қоғамдық дамудың қазіргі кездегі кезеңінде келесі тенденциялар байқалып келеді:

  • Қазақстанда аналық пен балалықты әлеуметтік қорғау жүйесі әзірленді, бұл қоғамдағы әлеуметтік жетімдіктің алдын-алу механизмдері болып табылады;
  • әрбір балаға әр түрдегі отбасылық тәрбие беру (қамқорлыққа алу, қамқоршылық, патронат) кепілдендірілген;
  • ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларды дамыту мен білім берудің алуан түрін алу үшін қолайлы жағдайлар жасалған, балаларға күрделі мәселелі жағдайларда көмек көрсетіп, қорғауға кепілдік беретін жетім балаларды педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу жүйесі құрылған;
  • ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға арналған мекемелер жүйесінің дамуы қамсыздандырылған және баланың тіршілік әрекетін отбасылық сипатта құрылуын қамсыздандыратын жаңа мекемелер түрлері қалыптасты.

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты  жүзеге асыру мен оның балалар үйінде тәжірибеде қолданылуы мыналарды қалыптастыруға мүмкіндік туғызады:

  1. ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балалардың тікелей жеке қатынастарын.
  2. әрбір ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім баланың ұжымдық істерге жоғары эмоционалдық қатысуды.
  3. топтың барлық мүшелеріндегі оған деген қатыстылықтың қатты көрініс    тапқан сезінуі, «біз» деген сезім мен оған қарсы «олар» сезімін қоюды.
  4. әрбір ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланың топтық әлеуметтік-пайдалы ережелер және құн-дылықтармен, мінез-құлық пен ұстаным үлгілерімен ұқсатудың жоғары дәрежесін.
  5. ата-ана қамқорлығынсыз қалған  балаларда әлемге деген оң көзқарастарды,жалпы нормалары мен мінез-құлық ережелерін құру.
  6. сенімді қатынастарға негізделген топтың ерекше жағдайын жасау.

Тәжірибелік зерттеуді жүргізу және жетім балалардың мәселелерін әлеуметтік-психологиялық талдау, жетім балалармен әлеуметтік жұмыс бойынша әдістемелік ұсыныстарды жүзеге асыру жасөспірімдік кезеңдегі жетім балалармен әлеуметтік жұмыстың нақты мазмұнын анықтауға мүмкіндік туғызды.      

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балалармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндетті аспектілері:

  1. Әрбір ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім баланың  өмір сүруінің әлеуметтік жағдайларын анықтау: жетімдердің тұрғын үй және материалдық жағдайлары.
  2. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетімдердің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін анықтау.
  3. Әлеуметтік депривация белгілері бар балаларды сауықтыру.
  4. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетімдердің қаржылық тұрақтылығын қалыптастыру үшін мүмкіндікті анықтау.
  5. Туысқандар тарапынан ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балаға қолдау көрсету мүмкіндігін анықтау.
  6. Мемлекеттік органдар, мекемелер мен ұйымдар тарапынан ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балаға қолдау көрсету мүмкіндігін анықтау.
  7. Тұрғындар тарапынан жетімдерге қолдау көрсету мүмкіндігін анықтау.

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балалармен әлеуметтік педагогикалық жұмыстан күтілетін нәтижелері:

а) Жағдайды тұрақтандыру:

  1. тұрғын үйді немесе материалдық көмекті алуға жеңілдікті кезекке

     тұрғызу үшін жергілікті атқарушы органдарға өтініш жасау;

  1. әлеуметтік статусты белгілеу үшін қажетті құжаттарды ресімдеуге      

     көмектесу.

б) Мекемедегі әлеуметтік – педагогикалық жағдайды жақсарту: балалардың психологиялық күйлерінің жақсы әлеуметтік хал-ахуалын бақылап, талдау.

в) Ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім баланың денсаулығына теріс әсер ететін жағымсыз факторларды болдырмау: жасөспірімдерді әлеуметтік-психологиялық тексерістен өткізу; қажетті әлеуметтік көмекті көрсету; жетім баланың әлеуметтік мәселесін шешуге бағытталған кеңестік көмек көрсету.

...

Скачать:   txt (19.5 Kb)   pdf (65.1 Kb)   docx (12.5 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club