Ақпараттық, компьютерлік сауаттылық және медиасауаттылық, ақпараттық мәдениеттілік. Педагогикалық технологиялар
Автор: k_ayaulim1811 • Сентябрь 24, 2021 • Лекция • 1,563 Слов (7 Страниц) • 585 Просмотры
1 Дәріс. Ақпараттық, компьютерлік сауаттылық және медиасауаттылық, ақпараттық мәдениеттілік. Педагогикалық технологиялар
Жоспары:
1. Болашақ математик мұғалімінің кәсіптік даярлығы
2. Педагогикалық технологиялар
3. Болашақ мұғалімдердің жалпы педагогикалық даярлығы
Болашақ математика пәні мұғалімі математика ғылымының және пәнінің ерекшеліктерін ескеріп оқушыларды оқытуға және тәрбиелеуге дайын болуы керек; оқушыларды әлеуметтендіруге, жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға, болашақта кәсіби білім беру бағдарламасын меңгеруге ықпалын тигізуге; оқытудың әр түрлі әдістерін, тәсілдерін және құралдарын қолдануға; мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкес оқушылардың дайындық деңгейін қамтуға; өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі түрде арттыруға, әдістемелік ұйымдар қызметтеріне және әдістемелік жұмыстардың басқа түрлеріне қатысуға дайын болуға, ата-аналармен қарым-қатынасты жүзеге асыруға, еңбекті қорғауға, қауіпсіздендіру техникасының және өртке қарсы қорғау ережелерін орындауға, білім беру үрдісінде оқушылардың өмірін және денсаулығын қорғауды қамтамасыздандыруға міндетті.
Болашақ математика пәні мұғалімінің кәсіби қызметінің негізгі бағыттары: сынып ұжымын ұйымдастыру; оқушыларды оқыту, тәрбиелеу; ата-аналар қоғамымен байланысты орнату; білім беру концепциясының талаптарын жүзеге асыру; ғылыми-теориялық білімді және кәсіби біліктілікті арттыру; әртүрлі конференцияларға қатысу; алдыңғы қатарлы педагогикалық және жеке тәжірибені біріктіру; жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды үйрену және оқу үдерісіне енгізу, өз тәжірибесін тарату.
Математика мұғалімінің кәсіби қызметінің мазмұны оқу-тәрбиелік үдерісті педагогикалық ғылым мен практика талабы деңгейінде ұйымдастыру, математиканы оқыту әдістемесін білу және меңгеру, қазіргі заманғы бағдарламалау тілдерін және қолданбалы бағдарламалар пакетін білу, ақпараттық жүйелерді жобалау құралдарын қолдана білу, әртүрлі қызмет салаларында математикалық модельді құру, құрылған математикалық модельді шеше білуі қажет. Сонымен қатар, болашақ математика пәні мұғалімі компьютерді толық меңгерген, математикалық есептерді, әртүрлі қолданбалы бағдарламалар пакеттерін, олардың қызметтерінің тиімділігін таңдап, сабақта тиімді қолдана білу дағдысын қалыптастыруы қажет.
Мазмұндық құрылым математика мұғалімдері үшін келесі деңгейлер бойынша беріледі:
Іргелі – бұл ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін мамандық деңгейлеріне сәйкес шешуге мүмкіндік беретін білім мен біліктіліктерді және дағдыны қалыптастыру.
Базалық – оның мазмұны мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін өз қызметтеріне жан-жақты пайдалана білуімен анықталады.
Арнайы – бұл информатика пәнін оқытудың әдістемелік мәселелерін шешумен анықталады.
Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.
...