Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстандағы «2022 – Балалар жылы» аясындағы әлеуметтік жұмыс технологиялары

Автор:   •  Апрель 25, 2023  •  Статья  •  1,764 Слов (8 Страниц)  •  186 Просмотры

Страница 1 из 8

УДК 364.044

Қазақстандағы  «2022 – Балалар жылы»  аясындағы әлеуметтік жұмыс технологиялары

Әмірхан Жанар Нұралыханқызы

amirkhan.zhanar@mail.ru

Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Әлеуметтік ғылымдар факультетінің «Әлеуметтік жұмыс » мамандығының студенті

Ғылыми жетекшісі: Байғабылов Н.О.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Балалар жылы деп жариялап, оларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек екенін айтып, тапсырма берген еді. Президент өскелең ұрпақтың болашағына мән беріп, жастарға зор үміт артатынын, сондықтан да өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау керегін нақтылады. Бұл жылы ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында балаларды қорғау мақсатында нақты іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылды.

Сол кезде Мемлекет басшысы: «Әңгіме жалаң ұран мен мерекелік шаралар туралы емес. Бірінші кезекте билік тарапынан балаларды қорғау үшін денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау бағытында нақты шаралар қолға алынуы керек. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз»,-деген еді.

Содан бері осы салаға жауапты министрлік өкілдері елімізде балаларға арналған бірнеше жобалар әзірленді. Тіпті ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев ҚР Үкіметінің қаулысымен балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгенін атап өтті.

Халық санының 1/3-ін құрайтын балалардың сапалы білім алуына, денсаулығының нығаюына мән беріп, күн тәртібіндегі шешілуге тиіс маңызды мәселелердің бірі болып қарастырылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай дайындалған іс-шаралар жоспарына назар аударсақ балалар құқығының қорғалуына, денсаулық жайдайын, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалардың ахуалын жақсартуға, олардың сапалы білім алуына мүмкіндік беретін бірқатар іс-шаралар енгізілген.

Енді статистикалық мәліметтерге көз жүгіртіп көрелік. 2021 жылдың маусым айындағы деректерге сәйкес, Қазақстанда 6,1 млн бала бар. Оның жартысынан көбі, яғни 3,1 миллионы – ұл бала, ал 3 млн – қыз бала. 3,4 млн бала мектепте оқыса, 914 мың бала мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған.

«Балаға инвестиция салу – аймақ пен елдің табысты және тұрақты дамуының сенімді кепілі. Бүгінде Қазақстандағы балалардың саны 6 миллионнан асады. Олардың әрқайсысының ерекше қорғауға және көмек алуға құқығы бар екенін баса айтқым келеді. ҚР Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №780 Жарлығына сәйкес, 2022 жыл балалар жылы деп жарияланды, ҚР Үкіметінің қаулысымен балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді», - дейді комитеті төрағасы Е. Иманғалиев.

Комитет төрағысының сөзінше, іс-шаралар 7 бөлім бойынша 50 тармақтан тұрады. . Ол 50 тармақтың ішінде 65 іс-шара бар. Және одан бөлек баланың шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамыту мақсатында бағытталған 21 іс-шара кіреді. Бірақ «Балалар жылы» осы аталған шаралармен ғана шектеліп қалмайды, республикалық жоспардан бөлек, тағы да 17 өңірлік және 280 аудандық, қалалық білім ұйымдарының жоспарлары қабылданды, – деген еді комитет төрағасы.

«Іс-шаралар жоспарының мақсаты – балалардың физикалық, зияткерлік, рухани, адамгершілік дамуына ықпал ететін жағдайлар жасау арқылы олардың өмір сүру сапасын жақсарту, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету. Олар 7 бөлім бойынша 50 тармақтан тұрады. Атап айтсам, «Білімді бала», «Отбасы - қауіпсіз мекен», «Дені сау бала», «Жетімсіз ел», «Жайлы мекен», «BALA QORǴAÝ», «BALA_TIME.KZ», - деді Е. Иманғалиев.

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы балалар жылында жобалар балалардың құқықтарын іске асыруға бағытталатынын еске салды.

...

Скачать:   txt (26.7 Kb)   pdf (108.8 Kb)   docx (14.9 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club