Бастауыш сыныптарда модульдік оқыту технологиялары бойынша жүргізілген эксперименттік жұмыс мазмұны және олардың нәтижелері
Автор: kiyasik • Май 24, 2019 • Курсовая работа • 23,094 Слов (93 Страниц) • 1,010 Просмотры
М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе | |
1 Бастауыш мектепте оқу сабақтарында модульдік оқыту технологиясын пайдаланудың негіздері | |
1.1 Оқытудың жаңа технологияларының психологиялық - педагогикалық мәні.........................................................................................................................12 | |
1.2 Ғылыми-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердегі бастауыш сыныптарда модульдік оқыту технологиясы мәселелері..................................27 | |
2 Бастауыш сыныптарда модульдік оқыту технологиялары бойынша жүргізілген эксперименттік жұмыс мазмұны және олардың нәтижелері | |
2.1 Оқушылардың білімін, дағдысын, іскерлігін модульдік технологияның көмегімен қалыптастыру......................................................................................42 | |
2.2 Бастауыш сыныптарда модульдік оқыту технологиялары арқылы оқушылардың білім, білік және дағдысын қалыптастыру бойынша жүргізілген эксперименттік жұмыстың нәтижелері.........................................51 | |
Қорытынды............................................................................................................64 | |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................67 | |
Қосымша (лар).......................................................................................................70 |
Кіріспе
Қоғам дамуында білім берудің ең маңызды мәселе екендігі белгілі. Қазіргі кездегі білім берудегі негізгі мақсат – жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, ой-тұлғасы бар адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген елбасы Н.Назарбаевтың сөзі бекер айтылған жоқ. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Осыдан барып жас ұрпақтың бойындағы іскерлік қабілетін ашу және оларды шығармашылыққа баулу туындайды.
Әрбір мемлекеттің өсіп - өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы ұстаз берген білім. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше осындай бәскеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық.
ХХІ ғасыр – ғылым ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Жеке тұлға, яғни, дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі мемлекеттік істің ең маңыздысы. Мақсатты білім беру – тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту тәрбиелеудегі ең озық тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту жалғаса бермек.
Халқымыздың ардақты ұлдарының бірі Міржақып Дулатов: «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт – оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі - тұман»,- деп ғылым, білім, оқудың маңызын қара халыққа көрсеткен.
Сондықтан қоғам талабына сай шебер мұғалім болу заман талабы болып тұрғаны анық. Ал жаңа формация мұғалімі деген кім деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, Қазақстан Республикасының жаңа педагогикалық білім беру тұжырымдамасында: «Жаңа формация мұғалімі кәсіби дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан жаңалыққа құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға» деп көрсетілген, яғни ол ізгілі мол, әр іске жаңашылдықпен үлкен ізденіспен зерттеуші ретінде қарайтын, ақпараттық технологияны толық меңгерген, коммуникативті, бір сөзбен айтқанда, толыққанда құзырлы адам [1.2]
...