Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселесі
Автор: 5D7 • Ноябрь 8, 2021 • Реферат • 864 Слов (4 Страниц) • 401 Просмотры
Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселесі
Кіріспе:Адам жаратылысында оның екі ұстазы болады. Бірі жан баласынан болса, бірі «өмірдің» өзі. Біздің балабақшадағы, мектептегі, жоғарғы оқу орнындағы бүкіл ұстазымыз жанашыр әрі кешірімді келеді емес пе? Тек өмір атты ұстаздың кешірімі жоқ. Ол қатал әрі әділ. «Адам ұстазы» мен «өмір ұстазының» дәрісінен кешікпесек, біз де адам болудан кеш қалмаймыз.
Негізгі бөлім: Мен өмір бойы отыз шақты ұстаздың білімінен азық алдым, ұлылығына бас идім делік. Дегенмен, шәкіртін көргісі келген ұстаздың көз тастаған биігіне шыға алдым ба, жоқ па маған ол да әліге дейін беймәлім. Тек ағайымның бұрындары «Мен саған сенгенмін. Менің алдымдағы сеніміңді ақтадың! Мен саған әлі де сенемін.» деген мадағы мені әлі күнге дейін «білімсіздік қапасынан» шығарып, жарық дүниеге сүйреумен келеді. Шәкірт жанында есінде қалатын, көзіне оттай басылатын ұстазы бары орынды. Өмірдегі жетістігімнің куәгері мен себепшісі де солар. Бәлки, болашақ мамандық таңдарда мені ұлы мұғалімдікке жанымның ынтызар болуы мен құлай берілуі білім алған ұстаздарымның арқасында деп нық сеніммен айта аламын. Мәселен, менің ұстаздық кейпім тікелей өзіме және алған білімімен байланысты. Мендегі арман әр сабақ алдында оқушының оң қолына қаламды емес жүректі ұстатып, тұла бойды дір еткізіп әнұранды мәдениетті түрде шырқата білсем.. Жаттанды ережелерді айтуда бірінші болуға емес, жан дүниесімен түсінгеніңді жасанды сөзсіз айтуға тәрбиелей алар даналық білсем. Қателікті қайталауға емес, білгеніңді күн өтпей қайталауды үйрете білсем. Ұстаздықтан рахат алып, өз жұмысымды сүйе білсем мұнан артық жан баласына бақ жоқтай. Әрқашан адалдықтың мінберінде жүретін ұстаз атаулының расында оқушыға төккен еңбегі өз биігін ешқашан жоғалтпасы анық. Білім мен тәрбиені қос қанатындай тең ұстаған ұстаздың мәртебесі қашан да биікте. Білімнің сыналар шағы кітаптан оқып, мазмұныңды айтып, бес алу емес екендігін ұстаздарымыз ең алғашқы дәрістен-ақ санамызға сіңірген. Ұстаз болу қиыны мен қызығы тең жүретін күрделі мамандық. Мұғалім көріпкелдей, суретшідей, ақындай жоқты көріп, жоқты елестетіп, көмейі сусап жатуы тиіс. Әрі мұғалімдік іс тек оқушыға білім берумен ғана шектелмейтіні анық. Бір мамандық бойында күллі дүниенің қыры мен сыры, түрлі мамандықтардың қасиеттері толықтай жиналған десек артық емес. Себебі мұғалімдік адаммен, оның ішкі әрі сыртқы дүниесімен жұмыс жасау. Мұғалімдік – қым-қытыр, дөң де тегіс жолды ұзақ сапар. Сол жолды талай оқушы жүріп өтеді. Біреуі жан қинаумен, біреуі жан рахатымен. Ал, ұстаз сүйенері де сыншысы да, қамқоршысы да, досы да бола білуі міндет. Осындай кең құлашты парыздар ұлт перзентін сауатты да, көзі ашық етіп тәрбиелеуде маңызы өте жоғары болмақ. Ұстаздық – менің таңдауым емес, жүрек пен ақыл біріккен сәтте таңдалған сара да саф жолды таңдау. Бұл мамандықты кәсіби түрде меңгеріп, кәсіби оқытушылардан көпті біліп, үйреніп жүргенімнің өзі маған жан рахатын сыйлайды! Бәлки, бақыттың бір түрі осы шығар. Ендігі іс ұстаз абыройын қасықтап жинап, білім нәрін бойға сіңіре білу. Оқушыға дұрыс һәм нақ жолдарды тауып беру, әрі әр іске саналы, сауатты біліммен таңдау жасауға үйрете де білу. Меніңше, әр шәкірт өз мамандығының міндеттері ме артықшылықтарын анықтай алуы керек. Мұғалімдік – бір жыл істеп, артынан басқа істің кету емес. Басқа мамандықтардан екшелеп, ерекшелеп тұрар өзгешілігі де осында. Бұл мамандыққа ғұмырыңды арнасаң да артық емес. Өлмейтін, өшпейтін мамандық иесі боларыма ризамын. Мойнымда ұрпақ жүгі барда тайсалуға дәрмен болмауға тиіс! Оқушы мен мұғалім арасындағы алтын да саф көпір – білім. Демек, білімділік барша адамға аса қажет. Мұғалім көрегенді көсем бола білсе, ол оқытқан ұрпақтар да текті де кербез білім иелеріне, ел тізгінін әділ жүргізер тұлғаға айналары даусыз. Ал, мен осындай тұлғаларды өз ұямнан ұшыра білсем жалғанда мендей бақытты жан болмасы хақ! Ұстаз атанған сәттен оқушының нәзік жанына сүңгіп, жан пернесінің қылын қозғай алуым нақ! Білімнің шыңдалу кезі – еліңе еңбек еткен сәттен басталарын біз де ерте ұқтық. «Өзім берген білімді өзім бағалағаным түк те емес. Ертеңгі елдің қояр бағасы мойынымдағы ауыр жүктен кем емес.» деген сөз бізді еріксіз есті етіп ержеткізді. Осы сөз бізді еріксіз надандықтан адамдыққа жетеледі. Жетелеп те келеді. Менің бүгінгі мамандығыма махаббатымды оятқан жан – ұстаз. Ол кісіден алғанымның бәрін мен де дүниеге бергім келеді!.. Дүниеге рухты ұстаздың туылуына сеп болғым келеді. Мендегі арман атаулының бәрі де осы ойлардан басталған.
...