Функционалды оқу сауаттылығын артырудың креативті әдістері
Автор: aino80 • Сентябрь 30, 2021 • Реферат • 365 Слов (2 Страниц) • 517 Просмотры
Функционалды оқу сауаттылығын артырудың креативті әдістері
Үздіксіз алға дамыған заман, адамзат баласына да үзіліссіз дамуды талап етеді. Қазіргі қоғамның талаптары да өзгерген. Қоғамға қаланған әрбір кірпіш – оқушы мектеп қабырғасында жүріп өмірлік сабақтарды ала шығу керек. Сондықтан қоғам алдында мұғалімге үлкен міндет жүктелген. Ол баланың жеке тұлғасын қалыптастыру үшін функционалды оқу сауаттылығының қаншалықты маңызды екенін жақсы білуі тиіс. Функционалды сауаттылықтың мақсаты – оқушының мектеп қабырғасында жүріп алған білімін өмір сүру барысында тиімді пайдалана алуы. Функционалды сауаттылық – баланың сыртқы ортамен байланысқа түсе алу деңгейінің көрсеткіші. Кең мағынада алып қарайтын болсақ, ол жеке адамның сол арқылы тұтас бір ұлттың мәдени және саяси дамуының өлшемі. Сондықтан оқытудың белсенді әдістерін креативті пайдалана отырып, жаңа заман тұлғасын қалыптастыру үшін аянбай тер төгу керек деп білемін.
Өзімнің мамандығым мұғалім болғандықтан маған бұл ұғым таңсық емес. Сабақтарымда күнделікті түрлендіріп, оқушы қызығатындай, елітіп тыңдайтындай, тыңдай отырып өмірмен байланыс орната алатындай етіп өткізуге тырысамын. Қазіргі таңда оқытудың 100 ге жақын белсенді әдіс – тәсілдері бар. Оларды тиімді пайдалану мұғалімге шеберлікті талап етеді. Мысалы мен «Кубизм», «Ақылдың алты қалпағы», «Балық қаңқасы», «5-5-1», «Миға шабуыл», «Галереяны шарлау», «Инсерт», «Ыстық орындық» әдістерін жиі қолданамын. Бұл жердегі әдістердің барлығы оқушыны шапшаңдыққа, нақтылыққа, еркін ойын жеткізуге, ашық пікірлесуге, жағдаятты талдауға, топ болып тапсырма орындайтындықтан бір – бірін күтуге, тыңдауға, сыйлауға қалыптастырады. Сабақ басталар сәтте немесе сабақ арасында алдыңда отырған баланың түрлі кейіптерін көріп оларды сергітіп алу үшін сергіту сәтін ұйымдастырғанның өзі де баланы зейінін ашып сапалы білім алуға ұмтылдырары сөзсіз. Шаттық шеңберін құрып, бір – біріне тілек тілеуі немесе мейірімді сөз арнауы олардың бір – біріне деген құрметін арттырып, мейірімін, бауырмалдығын оятады. Бұл әдістердің барлығы олардың бойына сенімділік қалыптастырады. Нақты фактпен жұмыс істеуге, сол арқылы өз ойын нақты жеткізе алуға үйренеді.
...