Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Оқушылардың оқырмандық қызығушылығын қалыптастыру

Автор:   •  Сентябрь 1, 2021  •  Доклад  •  2,218 Слов (9 Страниц)  •  438 Просмотры

Страница 1 из 9

Оқушылардың оқырмандық қызығушылығын

қалыптастыру

Бүгінгі таңда көкейкесті болып саналатын мәселелердің бірі-оқушылардың көркем әдебиет оқуға деген қызығушылығының төмендеуі мені мынадай сұрақтар бойынша ойлануға мәжбүр етті: «Балалардың көркем әдебиет оқуға неге құлқы жоқ? Болашақта әлемнің алдыңғы қатарлы елдерімен иық теңестіру үшін балаларымыздың кітап оқуы қажет пе? Кітап оқымай-ақ электронды кітаптарды білумен де биіктерге жетеміз дегендердің әрекеті дұрыс па? Көркем әдебиетті көп оқығаннан біз не ұтамыз? Ұлтымыздың өткен өміріндегі жетістіктері сол ғылыммен бірге көркем әдебиетті көп оқыған, ұлтымыздың барлық киелі қасиеттерін өз бойларына сіңірген тұлғалардың арқасында қалыптасты емес пе?» Осы сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізгенімде кейбір оқушыларым менің пікіріммен келіспеді. «Қазір ғаламтордан керекті мәліметтерді қиналмай-ақ табуға болады, кітап қопарудың қажеті де жоқ» деген ойларын айтты. Оқушыларымның пікірі мен өз пікірімді ой таразысына сала отырып, сандық технологияны меңгерудің де, көркем әдебиетті оқи білудің де оқушының тұлғалық қалыптасуы үшін қажеттілігін былай тұжырымдадым.

Ғаламтордың бала дамуына ықпалы Кітап оқудың бала дамуына ықпалы

Баланың техникалық сауаттылығы артады.

Балада ептілік пайда болады. Әлемнің түпкір-түпкірінен жаңалықтар мен ғылыми деректерді көзді ашып-жұмғанша жинай алады. Ой өрісі, таным деңгейі дамиды. Бос уақыты көп болады.

Ұлттық сана-сезімі қалыптасады. Баланың тіл байлығы дамиды. Жан-жақты ойлау қабілеті артады. Қатесіз жазу дағдысы қалыптасады.Өмірді түсіне білуге деген көзқарасы дамиды. Кейіпкерлер орнына өзін қоя отырып өмір жолын таңдайды. Жақсылық пен жамандықтың ара жігін ажырата алады. Әлем әдебиетін оқу арқылы дүниежүзілік оқиғалардан хабардар болады.

Қазіргі балалардың көбінің қиялдары ғаламторға, әлеуметтік желілерге ауып кетуіне қарамастан, ата – аналар мен ұстаздарда балаларға кітап әлемін сыйлау мүмкіндігі және құқығы қалады. Баланы кітап оқуға үйретуді ең алдымен әр ата – ана өздерінен бастау керек. Балаға бір жасынан - ақ кітап ұстатып үйреткен дұрыс. Яғни, ол сәби кезінен бастап кітапты көруге тиіс. Баланы кітапқа қызықтыру үшін суретті, санамақ кітаптардан бастау керек. Үнемі газет - журнал, кітап оқып отырған ата - ананы көрген бала да кітапқа қызығып өседі. 4 - 5 жастан бастап әңгіме- ертегілер оқуға болады. Ертегі құндылығын Самуил Маршак дәл анықтап беріп кеткен: «Ертегі – әр түрлі дәрумендердің қоспасы – сәбилер үшін тәтті сүт секілді. Онда баланы азықтандыратын барлық элементтер бар. Ол баланы сөйлеуге, ойлауға, сезінуге үйретеді». Егер 4-5 жасар балаға ата-анасы күн сайын кітап оқып беретін болса, онда олар өз құрдастарын дамуы жағынан 12 айға озады екен. Егер аптасына 3-5 рет кітап оқитын болса, бұл балаға өз құрдастарынан 6 айға озып кетуіне ықпал етеді (Мельбурн Университеті, 2012)

Мен осы мектепке келген күнімнен бастап «Осы алдымдағы оқушыларым кітап оқи ма, не оқиды, нені оқығысы келеді?» деген ой туындап, оқушыларымның көркем шығарма оқу қабілетін анықтау мақсатында 5,6-сынып оқушыларымен сауалнама жүргіздім. «Кітап оқуды қай кезден бастадың? Сенің отбасыңда көркем әдебиет оқырманы бар ма? Оқитын кітабыңды қалай таңдайсың? Оқыған кітаптарыңның ішінен ерекше ұнағаны бар ма? Көркем әдебиет оқуға сені не итермеледі?» Осы сұрақтарға оқушылардан жауап алдым. Нәтижесінде санаулы оқушыларымның көркем шығарма оқуға қызығушылықтары басым екенін анықтадым. Бұлардың бәрі де- жақсы оқитын оқушылар.

Карина: «Мен кітап оқуды 2-сыныптан бастадым. Ертегілер оқуды ұнататынмын. Отбасымызбен барлығы қолдары бос болса, кітап оқығысы келеді. Олар, көбінесе, мен алып келген қызық кітаптарды өздерінің талғамына сай оқиды. Мен кітапханаға

...

Скачать:   txt (24.9 Kb)   pdf (66 Kb)   docx (16.3 Kb)  
Продолжить читать еще 8 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club