Бастауыш сыныпта сабақты деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану арқылы ұйымдастыру
Автор: tebenbaevaa_04 • Декабрь 7, 2023 • Курсовая работа • 7,612 Слов (31 Страниц) • 211 Просмотры
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
«М.МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ»
КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
«Педагогика және Психология» ПЦК-сы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:Бастауыш сыныпта сабақты деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану арқылы ұйымдастыру
0105000 - «Бастауыш білім беру»
(мамандығы)
0105083 - «Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі»
(біліктілігі)
ББ-П-19 топ студенті: .................................... Тебенбаева Ғаламнұр
(қолы)
Пән оқытушысы: ........................................... Абиева Г.
(қолы)
Қызылорда, 2023 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................
І БӨЛІМ. ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
1.1 Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының сипаттамасы... ... ... ... ...
1.2. Бастауыш сыныпта деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы арқылы оқытудың тиімділігі... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
II БӨЛІМ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ
2.1. Деңгейлеп оқу тапсырмаларының оқыту сапасын арттырудағы мүмкіндіктері... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы арқылы жалпыға бірдей білім беру әрекеттерін қалыптастыру... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі: ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Болып жатқан əлеуметтік-экономикалық, саяси жəне мəдени өзгерістердің əсерінен қоғамда ағылшын тілінің рөлі өзгерді. Ағылшын тілі - жаңару тілі. Ол қарапайым оқу пəнінен заманауи білім беру жүйесінің негізгі элементіне айналды.
Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ə. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында Біз елімізде əлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз, - деген болатын.
Сол себепті де ағылшын тілін жетік меңгеру, ол тілде жақсы сөйлей білу, жаңару көшіне ілесу деген сөз. Осыған орай қазіргі заманға сай ағылшын тілін тиімді үйретуге мүмкіндік беретін көптеген əдістер пайда болды. Заман талабына сай шетел тілін жаңа технологиялармен оқыту қазіргі күннің басты талаптарының бірі болып тұр .
Зерттеу жұмысының мақсаты: əр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарап оқыту мен білім деңгейі ерекшелігіне қарай бейімдеу.
Деңгейлік оқыту ерекшелігі:
1. Озат оқушылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан əрі бекіте түседі.
2. Əлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.
3. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.
Оқушы бір, екі адаммен немесе топпен қарым-қатынасқа түсу арқылы диологты, монологты, сұраққа жауапты жəне т.б меңгере келіп, жұптық, топтық, ұжымдық қатынастарға үйренеді. Деңгейлік оқыту мəселесі өз алдына жеке бір ғылыми зерттеуді қажет етеді. Біздің зерттеу объектіміз деңгейлік тапсырма арқылы оқыту мəселесі. Сонымен, деңгейлік тапсырмалар оқушылардың əртүрлі білім дəрежесіне сай ұсынылады. Деңгейлік тапсырмаларды орындағанда мұғалім - бақылаушы, кеңесші. Ағылшын тілінде оқушының білім сапасын жетілдірудегі жетістіктерін саралап оқыту технологиясында жүйелі, əрі үзіліссіз дамытуды көздеген төмендегідей жұмыстар құрылыммен іске асады.
...