Мектептік биология курсында модульді оқыту технологиясын пайдалану
Автор: 1elmira999 • Апрель 23, 2020 • Курсовая работа • 5,558 Слов (23 Страниц) • 711 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министірлігі
Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Жаратылыстану ғылымдары факультеті
Биология және ОӘ кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Мектептік биология курсында модульді оқыту технологиясын пайдалану
Орындаған: 5В11300-Биология
мамандығының студенті
Кызбикенова.Э.А
Тексерген: б.ғ.қ., доцент Дүрмекбаева Ш.Н.
Көкшетау, 2018 жылы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
1.1 Модульдік оқыту технологиясы жайлы жалпы түсінік 4
1.2 Модульдік технология тарихы 5
1.3 Модульдік оқыту технологиясының ерекшеліктері 10
2. МЕКТЕПТІК БИОЛОГИЯ КУРСЫНДА МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
2.1 Модульдік технологияға сай сабақтың құрылымы 14
2.2 Биология сабағын модульдік технологияға сәйкес өткізу 19
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Білім алу – адамзат әрекетінің ең маңызды бір түрі. Ал мектеп білім мен тәрбиенің негізін қалайды. Заманауи мектептің негізгі мақсаты-әрбір оқушының бейімділігіне, қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне сәйкес білім беру қажеттіліктерін қамтамасыз ететін білім беру жүйесін құру. Бұл мақсатқа жету үшін осы оқу үрдісінде оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасын түбегейлі өзгерту қажет. Қазіргі уақытта бұқаралық мектептегі оқу үдерісі оқушының өз бейімділігін, қызығушылығын және дәстүрлі оқыту жүйесін дамытудағы талаптары арасындағы қарама-қайшылықтардың күшеюіне алып келетін түсініктемелік-иллюстрациялық сипатты сақтауды жалғастыруда. Мектептегі білім мен тәрбие беру жүйесінің міндеті - оқушылардың жан-жақты танымдылық белсенділігін көтеруге мүмкіндік жасай алатын әр оқушыны жеке тұлға ретінде дамыту. Әр мектеп білім беруді жоғары деңгейге көтеру мәселесін қолға алып, білім беру үрдісін басқару мәселесін жүзеге асыруда.
Курстық жұмыс мақсаты: биология сабақтарында оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыратын модульдік технологияның негізгі элементтерін анықтау және негіздеу.
Курстық жұмыс міндеті:
• Модульдік оқыту технологиясымен таныстыру;
• Модульдік оқыту технологиясының құрылымын анықтау;
• Модульдік оқыту технологиясының тиімділігін анықтайтын биология сабағының үлгісін құрастыру;
1. МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
1.1 Модульдік оқыту технологиясы жайлы жалпы түсінік
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағида атап көрсетілген. Бұл білім беру мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануына, педагогикалық үрдісті кез келген
...