Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қашықтықтан оқыту кезіндегі қалыптастырушы бағалау арқылы оқушының білім деңгейін жетілдіру

Автор:   •  Январь 28, 2021  •  Доклад  •  1,178 Слов (5 Страниц)  •  899 Просмотры

Страница 1 из 5

Қашықтықтан оқыту кезіндегі қалыптастырушы  бағалау арқылы оқушының білім деңгейін жетілдіру

   Баяндама мақсаты: Қашықтықтан оқыту жағдайында қазақ  тілі мен әдебиеті сабақтарында қалыптастырушы  бағалау арқылы оқушының білім деңгейін жетілдірудің маңызды мәселелері бойынша мұғалімдермен іс-тәжірибе алмасу,  тиімді диалог алаңын құрып, әдістемелік  қолдау көрсету және кеңес беру, кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.

     Өздеріңіз білесіздер, біз үшін  қазіргі таңда өзекті мәнге ие  оқу процесін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтан оқытудың маңыздылығы мен ерекшеліктеріне, нормативтік құжаттарына тоқтала отырып, қашықтықтан оқыту жағдайында қазақ  тілі мен әдебиеті сабақтарында қалыптастырушы  бағалау арқылы оқушының білім деңгейін жетілдіру. Қашықтықтан оқыта отырып, оқушының алған білімінің нәтижесін бағалау немесе күнделікті оқушы қандай деңгейде білімге қол жеткізіп жатыр деген сауалда әрбір мұғалімді толғандырады.

      Міне, осы сәтті пайдалана отырып, мен Сіздермен Қашықтықтан оқыту кезіндегі қалыптастырушы  бағалау арқылы оқушының білім деңгейін жетілдіру  бағытында өз тәжірибеммен бөліскелі тұрмын.

           Қалыптастырушы бағалау дегеніміз не? ҚБ-күнделікті сабақтың өн бойында жүретін  бағалау. Бұл бағалаудың түрі оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және оқушылардың дағдыларының қалыптасу және білімді меңгеру деңгейін байқатады, оқудағы қиындықтарды анықтауға, оқу бағдарламасындағы белгіленген оқу мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі.  Оқу мақсаты, жоспарда жасалатын  жұмыстар, тапсырмалар және қалыптастырушы бағалау бір-бірімен тығыз байланысты. Бірінен-бірі туындайтын, бірін-бірі толықтыратын нәрселер.Сонымен қатар оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді, оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді.

                 Қалыптастырушы бағалаудың негізгі функциялары:

  • қалыптастыру – тәжірибе жүзінде құндылықтар жүйесін белгілеу, қалыптастыру және бекіту;
  • ынталандыру – оқушының күтілетін нәтижеге қол жеткізуі, тиімді түрде алға ілгерілеуі үшін қолайлы жағдай жасау;
  • уәждеу – оқушылардың бойында оқуға және нәтижеге қол жеткізуге деген ынтаны ояту. Олай болатын болса, қазіргі таңда қашықтықтықтан оқыту барысында оқушыларымызды 10 балды ұпаймен бағалау тиімді болды ма?

     Әрине тиімді, мұғалім  әр баланың орындаған тапсырмасын көре отырып, жеке кері байланыс, түзетімдер енгізеді.Себебі онлайн режимінде асинхронды қатынас жүзеге асырылады. Бұл дегеніміз баланың қаншалықты білімді игерді немесе бойында құндылық пен қажетті дағдының қалыптасқаны диалогтық қатынаста көрініс табады. Оқушы өзінің әлі де түзетімдер енгізуді қажет ететін тұстарын, тез арада өзгертуге мүмкіндік алады.

      Сонымен қатар оқушыны алға жетелеу мақсатында үнемі сындарлы және тиімді пікір білдіру қажет немесе қолайлы жағдай туғызған жөн. Мысалы, онлайн режимінде отбасында оқушыға ата-ана тарапынан қолдау, мадақтау берілсе немесе мұғалім тарапынан позитивті көңіл-күй сыйлай отырып,ашық пікір айтылып, жазылып және тапсырманың орындалуына қажетті дәрежедегі уақыт берілсе оқушыны ынталандыру жүзеге асырылғандығы байқалады және оқушыда алға қарай жылжу көрсеткішін көруге болады.

     Кез келген адамзаттың бойында қандай да бір іс-әрекетке ынта болмаса, нәтиже болмайтындығы немесе сапасыз нәтиже болатындығы анық. Осы тұрғыда оқушыларымызда тапсырманы орындауда немесе жаңа білімді, дағдыны игеруде ынтасын оятуымыз қажет, яғни уәжін өсіре алуымыз қажет. Яғни мұғалім әсер етуші сыртқы фактор ретінде десем, артық айтқаным емес. Біз оқушыға дайын білімді бермей, керісінше оқушы ізденетіндей білім беруіміз қажет. Айталық, онлайн режимі кезінде бала ақпараттық құралдарды қолдана отырып, берілген тапсырманы өз бетімен іздене отырып, жұмыс жасаса, оның сабаққа деген ішкі уәжі өсе бастайды. Осылайша бағалау ынталандырушы, қалыптастырушы және уәждемелік қызмет атқарады.Неғұрлым оқушыға қолдау, жігерлендіру, тиімді ұсыныс беру, әдіс-тәсілдерді таңдай отырып, онлайн режимінде сабақ жүргізсек, оқушының білім деңгейін жетілдіретініміз сөзсіз.

...

Скачать:   txt (15.8 Kb)   pdf (118 Kb)   docx (13.4 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club