Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бастауыш сыныпта ұлттық ойындарды пайдаланудың тиімді жолдары

Автор:   •  Май 16, 2018  •  Дипломная работа  •  16,592 Слов (67 Страниц)  •  732 Просмотры

Страница 1 из 67

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті

Дюсенова Арайлым

«Бастауыш сыныпта ұлттық ойындарды пайдаланудың тиімді жолдары »

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В010300 – «Педагогика және психология» мамандығы

Ақтөбе 2013

Ф.4-52

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті

«Қорғауға жіберілді»

Педагогика, психология және

пәндік технологиялар

кафедрасының меңгерушісі

_________Мустояпова А.С.

ДИПЛОМДЫҚ  ЖҰМЫС

Тақырыбы: ««Бастауыш сыныпта ұлттық ойындарды пайдаланудың тиімді жолдары »

5В010300 – «Педагогика және психология» мамандығы бойынша

Орындаған                                                         Дюсенова А

Ғылыми жетекші

Аға оқытушы                                                                Комарова Д

Ақтөбе 2013

Мазмұны

Кіріспе ...........................................................................................................3-6

1.Бастауыш сыныпта ұлттық ойындарды пайдаланудың теориялық негіздері................................................................................................

1.1.  Ұлттық ойындарды пайдаланудың педагогикалық-психологиялық негіздері ..........................................................................................................................6-21

1.2. Ұлттық ойындарды  сабақта пайдаланудың тиімді жолдары                                                                          ........................................................................................................................22-45

2.БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫН АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ............................................................................................................

2.1. Анықтаушы эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу                                                                      .........................................................................................................................46-47

2.2. Қалыптастырушы эксперимент материалдарын дайындау, жүргізу, қорытындылау ..........................................................................................48-61

Қорытынды .....................................................................................................62

Пайдаланған әдебиеттер тізімі   ..................................................................... 63-64

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі күннің тілек-талабы тұрғысынан білім мазмұнын жаңарту, өмір талабына орай дамыта оқыту, оқушылардың ой-өрісін дамыту, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолданып заман ағымына жауап беру мұғалімдерге жауапты істер жүктейді.

Бастауыш білім беру жүйесінің алғашқы сатысы екенін ескере отырып, оқушыға белгілі бір көлемдегі білім білік дағдыларын меңгертумен бірге табиғат, қоғам, адам айналаны қоршаған дүние туралы танымын қалыптастыру, оның жеке басының қасиеттерін жан-жақты дамыту, жоғары адамгершілік принциптерге тәрбиелеу.

Білім негізі бастауышта болғандықтан оның мұғалімі – мектептегі басты тұлға.  Демек, бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшуі әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуді, батыл шығармашылық ізденісті талап етеді.

Бүгінгі таңда білім беру саласында кең өріс ала бастаған демократияландыру, гуманитарландыру, ізгілендіру тенденцияларының мәні оқушының жеке тұлға ретінде дамуына мүмкіндік туғызуды көздейтін жаңа педагогикалық парадигмамен өзектеседі.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары жөніндегі Қазақстан халқына Жолдауы» өзінің алғашқы сөйлемін «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру Стратегиясы» деп бастауының өзінен-ақ еліміздің бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрғандығын ерекше атап көрсетіп, барша жұртқа үлкен ой салған еді.

...

Скачать:   txt (240.8 Kb)   pdf (700.1 Kb)   docx (123 Kb)  
Продолжить читать еще 66 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club