Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Балалар тәрбиесінде этнопедагогикасының пайдалану жолдары және оның мазмұны

Автор:   •  Февраль 12, 2022  •  Реферат  •  3,929 Слов (16 Страниц)  •  844 Просмотры

Страница 1 из 16

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжі

Реферат

        Тақырыбы: Балалар тәрбиесінде этнопедагогикасының пайдалану жолдары     және оның мазмұны

Тобы: Дш-1-19

Орындаған: Еришева С.

Қабылдаған: Серикова З.

Тараз-2021


Мазмұны:

1. Этнопедагогика ұғымына жалпы сипаттама

2. Қазақ этнопедагогикасындағы ұлттық тәрбиенің негізі түрлері

3. Қазақ этнопедагогикасындағы құрсақтәрбиесі

4. Бесік тәрбиесі

5. Қазақ этнопедагогикасындағы дене және гигиеналық тәрбие

6. Қазақ этнопедагогикасындағы ақыл-ой тәрбиесі

7. Қазақ этнопедагогикасындағы еңбек және кәсіптік тәрбие

8. Қазақ этнопедагогикасындағы имандылық-адамгершілік тәрбиесі

9. Қазақ этнопедагогикасындағы эстетикалық тәрбиесі

10. Қазақ этнопедагогикасындағы отбасылық тәрбие

11. Қортынды


Этнопедагогика–белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік, мәдени мұрасы. «Этнос» («этнос» - гректің «тайпа», «халық», «ұлт» деген сөзінен шықан) және «педагогика» сияқты екі сөзден құралып, этнопедагоика деп аталатын бұл ғылым - жалпы педагогика ғылымдарының түп негізі.

«Этнопедагогика» терминін ғылымға алғаш 60 жылдың соңы 70 жылдың басында чуваш ғалымы, академик Г.Н.Волков ендірді. Г.Н.Волковтың анықтамасы бойынша: «Этнопедагогика – бұқара халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу бойынша тәжірибесі, оның педагогикалық көзқарастары туралы ғылым. Этникалық педагогика тарихи жағдайда қалыптасқан ҧлттық мінездегі ерекшеліктерді зерттейді...» дейді. Г.Н.Волковтың пікірінше, этнопедагогика ғылымының нысаны – ғылым болып есептелмейтін халықтық педагогика.

Этнопедагогика мен халық педагогикасы бір-біріне тығыз байланысты ұғымдар. Алайда, халық педагогикасы ру, тайпа, ұлттар мен ұлыстардың ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесіне негізделген, халықтық тәрбие құралдары (салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ойын түрлері, ауыз әдебиеті үлгілері) арқылы іске асыруға құрылса, ал, этнопедагогика теориялық ойларға, ғылымға негізделеді. Ол халықтың этнографиялық салт-дәстүрін, тұрмыс-тіршілігін педагогикалық, логикалық ғылыми ойлау жүйесі тұрғысынан зерттеп қарастырады. Яғни, халық педагогикасы ғылымға шикі материал даярлаушы мәліметтер көзі болып табылса, сөйтіп педагогика ғылымына қызмет етушінің рөлін атқарса, ал, этнопедагогика халықтың бала тәрбиелеу тәжірибесін, педагогикалық мәдениетін зерттеп, оның прогрессивтік үлгілерін бүгінгі оқу-тәрбие ісіне жаратудың жолдарын ғылыми тұрғыда қарастырады.

Қорыта келгенде, этнопедагогика дегеніміз – фольклорлық шығармалар мен ұлттық салт-дəстүрлердің тəлім-тəрбиелік мəн-мағынасы мен оны оқу-тəрбие жүйесінде қолданудың, əдіс-тəсілдерін зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы. Салт-дəстүрлер халықтың тұрмыс-тіршілігімен, өмірге деген көзқарасымен байланысты туып дамитын болғандықтан, оның дінмен байланысын да сөз етуге тура келеді. Халықтық ырымдарда шаман, ислам дінімен байланысты наным-сенімдер көптеп кездеседі. Мысалы, малға топалаң, ауру-індет келгенде немесе қуаңшылық, аптап ыстық болғанда, құдайға жалбарынып мал сойып, ақсарбас айту, тасаттық беру, құдайдан жаңбыр тілеу немесе бала көрмеген ата-аналардың əулиелердің басына түнеп, мал сойып, ақтық байлауы, т.б. діни наным-сенімдермен байланысты туған ырымдар.

Дінмен байланысты туған ырымдардың адамды имандылыққа, тазалыққа тəрбиелеуде прогрессивтік мəнінің болғанын, оның халықтың табиғат-жаратылыс жөніндегі түсінігі төмен, өзін қоршаған ортаға эмпиристік көзқарасы басым кезіндегі түсінік, наным-сенімнің елесі екенін жасыруға болмайды. Жалпы, дін мен ғылымның ұзақ уақыт қатар жасасып келе жатқанын, адамды тəрбиелеуде екеуінің де белгілі рөл атқаратынын, бірақ қоғам, табиғат-жаратылыс заңдылықтарын түсіндіруде ғылым мен діннің арасында үлкен алшақтық барын ажырата білу керек.
Этнопедагогика – ұлттық салт-дəстүрлердің тəлімдік мəн-мағынасын зерттейтін ғылым саласы болса, ал этнопсихология – халқымыздың сан ғасырлар бойы қалыптасқан дəстүрлері мен салттарындағы ұлттық сана-сезімін, өмірге деген көзқарасын, өзіндік ойлау ерекшеліктерін зерттейтін ғылым.

...

Скачать:   txt (58.7 Kb)   pdf (171.2 Kb)   docx (28.4 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club